Слайд 1
Жаратылыстану ғылымының
ғажайыбы
Слайд 2Кештің мақсаты:
1.Оқушылардың биология,химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне
шығармашылықпен қолдану дағдысын
меңгерту.
2.Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін
байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
3.Химия,биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Слайд 3Кештің безендірілуі:
Кештің аты, жоспары жазылған плакат, «Химия,биология тұрмыста » бүктемесі,
шарлар, гүлдер, маңызды химиялық заттардың формулалары,интерактивті тақтада жазылған тапсырмалар.
Слайд 4Кештің жоспары:
1.Сәлемдесу, таныстыру.
2.Химиялық,биологиялық тілде құттықтау
3.”Білгішболсаң, шешіп көр”
4.Лездік сұрақтар
5. “Қызықты
тәжірибелер”
6.Полиглот
7.”Егерде мен....”
8.Марапаттау
Қатысушылар 8,9,10,11 сынып оқушылары 4 адамнан төрт топ құрды.
Слайд 5Кештің жүру барысы:
Жүргізуші: Қымбатты, оқушылар мен ұстаздар! Химия мен биологияның
кереметіне көз салып, құдіретін ұғыну үшін бүгін біз жоғарғы сыныптар
арасында химия және биологиядан «ЖАРЫС» кешін өткізгелі отырмыз.
Ғали Ормановтың мына өлең жолдарымен кешті бастауға рұқсат етіңіздер.
Ғажайып нәрсе химия,
Тұңғиық сыры әр алуан.
Жоғалып бір зат зым-зия
Жаңалып бірі жаралған.
Өмірдің бірақ керегін,
Осылар тауып берер ме?
Табар ма ешкім дерегін,
Телмірмей, сірә, тереңге.
Слайд 6Жүргізуші:
Болсын дейміз жарысымыз жемісті,
Озып шықсын кім білімді, кім күшті.
Әділ қазы,
ақ қазыға жүгінсек
Берер дейміз әділдікпен жеңісті.
(Әділ қазылар алқасы
таныстырылды)
Слайд 7
Әр топ сәлемдесіп өздерін таныстырып өтеді.
«Сәлем сөздің анасы»
Дейтін қазақ данасы.
Сәлемдесіп,
танысып,
Кеш бастайық жарысып.
Слайд 8
Химиялық тілде құттықтау
Жақсылық әр кез тілейік,
Химияны оқып білейік.
Осы тілде
құттықтап
Аман-есен жүрейік.
Алтындай
ардақты, күмістей салмақты, қарсыластар! Бүгінгі кеште өздеріңізді суда жүзген балықтай жақсы сезініңіздер.Көңілдеріңіз алюминийден жасалған ұшақтың ішіндей кең болсын, темірдей қатты, болаттай мықты денсаулық тілейміз.Көмірдей қара көздеріңізбен, алмаздай өткір сөздеріңізбен жан жадыратып, өмір ағысымен сынаптай сырғып жүре беріңіздер демекпіз.
Слайд 10Лездік сұрақтар 1
1. Қоршаған орта ластануын зерттейтін ғылым
–экология
2.Элодея- бөлме өсімдігі
3.Алғашқы көмекке пайдаланылатын
бейметалл-йод
4.Бүйрек- зәр шығару мүшесі
5.Ас тұзының формуласы -NaCl
6.Темірқазық- жұлдыз
7.Темір элементінің оқылуы -феррум
8.Палеозой- дәуір
9.Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр-коэффицент
10.Алтынемел- қорық
Слайд 11Лездік сұрақтар: 2
1.Натрий хлоридінің тұрмыстық атауы- ас тұзы
2.Қанның
құрамына кіретін металл-темір
3. Тыныс алумүшесі-мұрын
4.Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін
ең ұсақ
бөлшегі - атом
5. Инсулин-гормон
6.Фосфор қышқылының формуласы-H3PO4
7.Жылдық шеңбер нені білдіреді-жасын
8.Кремний элементінің оқылуы - цилисиум
9. Жасушаның ең кіші бөлігі-ядро
10. Калий- сілтілік металл
Слайд 12Лездік сұрақтар: 3
1. Қоймалжың сұйық зат-цитоплазма
2. Қалыпты жағдайда сұйық
күйінде болатын
бейметалл-сынап
3. Кальций карбонатының формуласы-CaCO3
4.
Адамдағы тістің саны-32
5. Күміс элементінің оқылуы -аргентум
6. Бекіре-балық
7. Ас тұзының кристалдық торы-иондық
8. Сусар-жануар
9. Жылу бөле жүретін реакция -экзотермиялық
10. Сәбіздің тамыр жүйесі-кіндік
Слайд 13Лездік сұрақтар: 4
1. Катализатор-өршіткі
2. Жүйелеудің ең кіші бірлігі-түр
3.
Аммиактың формуласы - NH4OH
4. 1г көмірсу ыдырағандабөлінетін энергия-17,6кДж
5. Қорғасын элементінің
оқылуы -плумбум
6. Өсімдік жасушасының қор заты-жасұнық
7. Зат массасының сақталу заңын ашқан кім?-
М.В.Ломоносов
8. Кайнозой- дәуір
9. Жануар жасушасында болмайтын органоид-пластид
10. Фенолфталейннің түсі-қызыл-сары
Слайд 14Шырпысыз от
КМпО4 калий перманганатына
(марганцовка) 1-2 тамшы
Н 2SО 4 күкірт қышқылының концентрлі ерітіндісін тамызып, үстіне тимейтіндей
етіп ағаш жаңқаларын қалаймыз. Мақтаны спиртке батырып алып, үстіне 1-2 тамшы тамызамыз, сонда ағаш шырпысыз тұтанады.
Слайд 15Ауыртпай жасалатын операция
КСNS калий роданиді ерітіндісін мақта арқылы қолға жағып,
пышақты FеСI 3 темір ( III) хлориді ерітіндісіне батырып алып
, оның үстінен сызады. Сонда қан қызыл түс пайда болады.
3КСNS + FеСI 3 = Fе(СNS) 3 + 3КСI
Слайд 16Жанбайтын орамал
Мақтадан жасалынған шағын орамалды әуелі су құйылған құтыға батырып
алып, сығамыз сосын спирт құйылған құтыға батырып алып ұзын қысқышпен
ұстап тұрып, шырпымен тұтатамыз . Сонда орамал сыртындағы спирт жанып , сөнген уақытта орамал жанбай қалады.
Слайд 17Отсыз түтін
Концентрлі НСI тұз қышқылының ерітіндісіне
шыны таяқшаны батырып алып, екінші шыны таяқшаны NН 4ОН аммоний
гидроксиді ерітіндісіне батырып екеуінің ұштарын тигізген уақытта, будақтаған түтін пайда болады.
Слайд 18Полиглот
1.Құрғақ жерде сақтайсың,
Онсыз тамақ татпайсың
(тұз)
2.Әдемі түнде мен жүрсем, жүреді бірге (ай)
3.Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді
(күн)
4.Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады.
Қыста жақсаң, жаның рахат табады (ағаш)
Слайд 19Егерде мен....
Егер Сіз өз өлкеміздің табиғатын
бақылайтын болсаңыз не істер
едіңіз?