Слайд 1Адамгершілік
Адамға ғана тән қасиет-адамгершілік
Слайд 3Адамгершілік дегеніміз
Адамгершілік - адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. "Кісілік",
иізгілік", "имандылық" тәрізді ұғымдармен мәндес. Адамгершілік - адамшылық, каталдықпен салыстырғанда
жаксылық тілеу қарым-қатынастары.
Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей Адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық, т.б.
Адамгершілік принциптері әлеум.-мәдени дамудың жемісі. Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес. Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен мынадай факторлар бар: жыныстыққа қа-тынастарды реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге қамқорлық ету, ең-бектің қоғамдық жолмен бөлінуі және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың қалыптасуы. Адамгершілік құндылықтар-дың қалыптасуы үшін жүйелік (қоғамдық, мемл.) және тұлғалық мүшелердің ара салмағын дұрыс айқындаудың маңызы зор. Жеке адамды әлеум. қатынастардың жемісі деп қарастыру адамды бағаламауға әкеп соғады (соц. идея). Тота-литарлық қоғамдағы "Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары" деген ұран Адамгершілік қағидаттарының нұқсан келтірді.
Слайд 4Жалғасы
Адамгершілік қағидаттарыңың сақталуы өтпелі қоғам жағдайында ерекше маңызды мәнге ие
болады. Бұл кезеңде ұлттық дәстүрлі дүниетаным мен әдепке жат маскүнемдік
пен нашақорлық, рэкет пен жезөкшелік, қатыгездік сияқты теріс мінез-құлықтар өріс жаюы мүмкін. Өркениеттілікке апаратын жол халықты адамгершілікке, мандылық пен ізгілікке, салауатты өмір салтына баулу.[1] Адамгершілік мәселесі — адамзат мәдениетінің, руханиятының қалыптасуымен етене байланысты дүниелер. Адамгершілік құлық адамның езінің әлеуметтік қалыптасу тарихымен, мәдениетінің бой кетеру үдерісімен бірге пайда болған.
Слайд 5Жалғасы
Ендеше, мораль туралы мәселе адамзат тарихының қапас түнегінде, тіпті сана
сәулесі жетер-жетпес қадым заманда жатқандығы бәрімізге түсінікті. Ол туралы хатқа
басылып қалдырған мұра тұрмақ, кандай да бір із табу қиын. Ғылым өзінің болжамын /гипотезасын/ алға тартады. Ол болжам бойынша, гоминидтер, яғни адамтектес приматтар жер бетіндегі ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Табиғат-Ананың алдына қойған "талабына" өзіндік даму "жауабын" тапты. Сөйтіп, төрт табанданған приматтар орнын екі аяғымен тік тұратын, сондықтан да көру көкжиегі кеңейтілген әрі екі қолын тамақ тауып, аң аулауға бос қойған, жаңа сападағы гоминидтер басады. Адамзаттың қазіргі адам кейпіне ұқсас күйінде қалыптасуы бірнеше миллиондаған жылдарға созылды.
Слайд 6Жақсы мінез бен ақыл күші біріксе – бұлар адамгершілік қасиеттер
(Ыбырай
Алтынсарин)
Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең
асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Оқушыларды рухани - адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Әсірсе, мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны осы жастағы балалардың ерекшеліктеріне сай келуі тиіс. Негізгі міндет – балалардың жақсы әдет, мінез - құлықын қалыптастыру. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани - адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Слайд 7Рухани адамгершілік
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа -
адамгершілік - рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек
пен ата - ана үлгісі» - деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Слайд 8Адамгершілік сана
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілік сана - сезімін оятып, жағымды
мінез - құлқын қалыптастыруда даярлық тобының балаларына арналған ашық сабақтар:
«Мамандықтар», «Ұ дыбысы мен әрпі», тәрбие сағаты: және ойын - сабақтарын: «Ойнайық та, ойлайық!» өткіздім. Мұның бәрі адамгершілікке бағытталды әрі дәл осыған кереғар қасиеттерді бала бойынан кездестірдім және оған керекті әдіс - амалдарды да іздестіріп, қолданып келемін.
Халқымыз «баланы ойын өсіреді»деген сөзі тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің құрбы - құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы жан - жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні анық.
Слайд 9Адамгершілік тақырыбы-мәңгілік
Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді
сіңіру - ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті. Көрнекті
педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан - жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.
Слайд 10Жұмыла көтерген жүк жеңіл
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі
осындай міндеттерді іске асырушылар – мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы.
Осы екі арнада жүргізілетін тәлім - тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары өзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының балабақшаның, барша халықтың міндеті.
Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу жөндеп, демеп жіберу ата - ана мен тәрбиешіге жүктелер міндет. “Адам бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақытта қонады” деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім саналы ұрпақ болады» деген дана халқымыздың мақал сөзіне сүйенеміз.
Слайд 11Бүкіл әлемде адамгершілік болуы керек