сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1.1.3.1. өз мекенжайын атау және елді
мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау;1.1.3.2. өзі тұратын елді мекенінің басты көшесін,ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау;
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушылар:Қала мен ауыл адамдарының тіршілігі туралы түсінік қалыптастырады;
Көптеген оқушылар:Суреттермен жұмыс істеу арқылы қала мен ауылдың ерекшеліктерін,негізгі айырмашылықтарын анықтайды;
Кейбір оқушылар:Туған өлкесіндегі көрікті жерлерді суреттеу арқылы монологтік және диалогтік формада байланыстыра сөйлейді;
Бағалау критерийлері:
-өз елді мекенінің басты көшесін,ғимараттарын көрнекі жерлерін атайды;
-тұрғылықты жері туралы әңгімелейді:
Тілдік мақсаттар:
1.Лексика және тіркес мысалдар:
-туған өлке-жергілікті жер
-көрікті орындар
2.Пәнге тән терминология:
қала,ауыл;
3.Диалог:
-Қала мен ауылдың айырмашылығын ата?
-Қала мен ауылдың қандай ұқсастықтары бар?
-Өз туған өлкенді сипаттап бер.