Слайд 1Оңтүстік Қазақстан облысы
Шардара қаласы
М.Горький атындағы жалпы орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы:
Ас
атасы - нан
Бастауыш сынып мұғалімі: МУсаева Н.Қ.
Пәні: Қоршаған орта
Слайд 2Сабақтың тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келді ?
Сабақтың мақсаты: 1)
Нанды қастерлеуге, ас атасы –нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең
маңызды ас екендігін,оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарқанға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.
2) Өмірден алған білімдерін, түсініктерін жетілдіру
3) Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дастарқан, пісірілген нан түрлері, үлестірмелі суреттер.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, ойын.
Слайд 3Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
А) Әнұран: «Хор»
Слайд 4Ә) Психологиялық сәт
Қоршаған ортамен сәлемдесу.
Сәлеметсіз бе, ашық аспан!
Сәлеметсіз бе, алтын
күн!
Сәлеметсіздер ме, жануарлар мен өсімдіктер!
Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар!
Слайд 5ІІ. Негізгі бөлім
А) Мағынаны ажырату
Көрініс: Бір топ бала аулада ойнап
жүр еді. Үйден қолында наны бар Азамат шықты. Ол нанын
жеп тауыспай лақтыра сап балалармен ойнауға жүгірді. Оны көріп қалған Ержігіт:
-Азамат , нанды лақтыруға болмайды.
-Біздің үйде нан көп, қаласаң басқасын жеймін.
-Сен олай деме, сен өзің нанның дастарқанға қалай келетінін білесің бе?
-Азамат: жоқ.
-Мұғалім: Расында көп балалар дастарқанға нанның қайдан келетінін біле бермейді. Оның қайдан келетінін білу үшін саяхатқа шығып көрейік. Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?
-Ия.
Олай болса, бүгінгі сабағымыз « Нан –дастарқанға қалай келді?» деп аталады.
Слайд 21Балалар «Нан – береке бастауы», «Дастарқан көркі – нан» демекші
бүгінгі сабағымызды нан туралы тақпақтан бастасақ.
Нан туралы тақпақтар
1-оқушы: Желкілдеген
желменен,
Желді егін тербеген. - ; ,
Өсіреді дихандар
Тамшылаған терменен.
2-оқушы: Кең жазира теп-тегіс,
Тербеледі нұрланып.
Толқындаған көктеңіз
Егін жатып ырғалып.
3-оқушы: Көзді тартып киырдан
Көңіліңді ашады.
Күн нұрына тойынған
Кере қарыс масағы.
4-оқушы: Комбайыншы ағайым
Орады егіс жайқалған.
Атанып жүр әрдайым
Еңбек ері майталман.
5-оқушы: Дала біткен жайдары,
Құлпырыпты,түлепті.
Ақ бидайды айдарлы
Жапан түзге кім екті?
6-оқушы: Дихан бабаң екті де,
Еңбектен еш қашпады.
Алдыңа кеп төкті де,
Ақ нанды үйіп тастады.
7-оқушы:- Кешір, Ержігіт. ,,,
Елді ырысқа бөлеген
Нан - өмірің, нан — өлең. Е
ржеткен соң жер жыртып
Егін салып, дән егем.
Слайд 22ІV. Топтастыру.
Сынып оқушыларын сурет қиындылары арқылы топтастыру.
Слайд 23VІ. Сергіту сәті.
Балалар, нан неден алынады?
Бидайдан
Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер
ме? Ендеше сендерді астық тұқымдасына жататын дақылдармен таныстырайын.
Слайд 25Бидай:
Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.
Арпа:
Күміс мұртты арпамын,
Ырыс
құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған
Еліме сый тартамын.
Тары:
Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым
еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.
Сұлы:
Мен сұлымын, ұланның
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға
Басымды иіп тұрамын.
Күріш:
Күнді сүйген күрішпін.
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім.
Слайд 26VІІ. Дәптермен жұмыс.
Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?»
Балалар, бауырсақтың қайдан, қалай келгеніне
тоқталайық. Қырманнан, диірменнен, наубайханадан, дүкеннен дастарқанға келген. Нан - дастарқанның
көркі.
Дастарқан көркі нанменен,
Тойдың сәні әнменен- демекші ендігі кезекте нан туралы мақал-мәтел айтайық.
1.Қоныс көркі – там,
Дастарқан көркі – ... .
2.Дастарқанында наны жоқтың
Тамағының .... жоқ.
3.Нан болса, .. болады.
4.Тістем нанның қадірін,
Тарыққанда ........ .
5.Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса ......... .
Слайд 27Тыйым сөздер
1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.
2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
3.Нанды аяқ
астына тастама.
4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл
тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
5.Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.
Ұлағатты сөздер
1.Дүниеде байлықтың түрі көп.
Солардың ішіндегі ең негізгісі–осы нан
байлығы.
Ғабиден Мұстафин
2. “Егер менен әлемдегі ең асыл не?”дей
қалса,бөгелместен “Нан” деп жауап берер
едім. Себебі, нан әлемнің жарығы күннен нұр
алады, адамға күннің нұрын құяды.Оның өмірін
күндей жарқыратады.
Ыбырай Жақаев
Слайд 29Қорытынды.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп
алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар! –дей келе балар өздері қолдан жасаған жем
шашарларына дән, тамақ қалдықтарын, нан қиқымдарын салып, ағаш бұтақтарына байлайды. Бүгінгі «Нан дастарқанға қалай келді?» атты ашық сабағымызды аяқтаймыз.