Слайд 2Астрахан № 1 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Койбагарова Алмагуль
Сагиндыковна
Слайд 4
Тақырыбы: “Қос сөздер”
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: : Оқушыларға қос сөздердің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу
жолындағы ерекшелігін түсіндіру, қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы
арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру, сөйлем ішінен қос сөздерді табуға үйрету.
Дамытушылық: Ой - өрісін, байланыстыра сөйлеу дағды-сын ,өз беттерімен бірлесіп жұмыс істеуді қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамытады;
Тәрбиелік:Мейірімділікке, отансүйгіштікке,қайырымды-лыққа тәрбиелеу;
Түрі: ізденіс сабақ,жаңа білімді меңгерту.
Әдіс – тәсілдері: жеке, топтық жұмыстар, семантикалық карта, «күнделік” кестесі, ой қозғау, еркін жазу,пікірталас.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кесте, сызба, слайдтар.
Слайд 5
Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Слайд 7Ғабиден Мұстафин
Нақыл сөз: «Мұралардың ең қымбаты-сөз . Өмірде асыл адам
да, нәрсе де тозады, жоғалады.Асыл сөз мәңгі жасайды.»
Слайд 8Кестені толтыр:
Ата-ана, бойшаң, сап-сары,ошақ , Екібастұз, кәсіпкер, аяқ-табақ,әнші, қосаяқ,оқушы,қар, дала,мүсін,
бала-шаға,түйеқұс,тасбақа.
Слайд 9Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
Көре –көре көсем болады,
Сөйлей-сөйлей шешен болады.
Слайд 10Қос сөз
Екі сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздер.Қос сөздің арасына дефис
қойылып жазылады.
Слайд 13Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу:
Төмендегі күрделі сөздерді оқып, мағынасын түсіндір.Олардың қалай жасалғанын
айт.
2-жаттығу:
Мәтінді көшіріп жаз,қос сөздердің астын сыз.
Слайд 14
Бекіту жаттығулары (Топпен жұмыс)
1-топ:Мәтінмен жұмыс.
2-топ:Семантикалық карта.
3-топ: “Күнделік ”кестесін толтыру .
4-топ:Сәйкестендіру
тесті:
“Менің бағытым”
Слайд 15 1-топ
Адамнан көмек күткен аққұтан ұйқыдан тұрған адамдай меңзен .
Ақылбайдың құлағына сыбыр-сыбыр дыбыс естілді. Ол тұра сала, жан-жағына қарады,
сезіктене көз салды. Бұрын оянған Батырбек етігімен жерде жатқан қурайды ерсілі-қарсылы,бытыр-бытыр басып жүр екен. Сұлап-сұлап жығылып жатқан ұзын-ұзын қарағайларды көрді. Оқшау өскен зәулім үйіңкінің басын да жалғыз аққұтан отыр. Ол адамнан жасқанып, ұшып кетпеді,керісінше, көзі жасаурап,көмек сұра ғандай жалтақ-жалтақ қарай береді. Оның балапандары шыр-шыр етеді.Олар тамақ сұрап жатқанға ұқсайды. Ұшайын десе шама жоқ. Аппақ қардай ақ қанатының бірі қып-қызыл.
Тапсырма:Мәтінді оқы. Мәтін ішінен қөс сөздерді теріп жаз.
Слайд 162-топ (“Күнделік ”
кестесін толтыру )
Слайд 184-топ (Сәйкестендіру.
“Менің бағытым”)
Ата
төмен
Бала жолдас
Мөп шаға
Сап таза
Күле ана
Жоғары мөлдір
Тап сары
Жора күле
Слайд 19Пікірталас
Тақырыбы:
“Қос сөздер сөйлеу тілімізге қажет пе?”
-Сарапшылар;
-Жақтаушылар;
-Даттаушылар.
Слайд 20
Шығармашылық тапсырма:
(Қос сөздерді қолдану)
1-топ: Досыңа хат “Сүйікті қала-Астана”
2-топ: Эссе “Туған
жер”
3,4-топ: Өлең құрастыру.
Слайд 21
Қорытынды:
-Біздің бүгінгі өткен тақырыбымыз қандай?
-Қос сөздердің жасалу жолдары?
Бағалау.
Үй тапсырмасы:
71бет,5-жаттығу.