Слайд 1«Балалардың бойындағы бастапқы патриоттық тәрбиені қалыптастыру »
Слайд 2Барлығымыздың ортақ Отанымыз Қазақстан Республикасының өркендеуі мен гүлденуі - болашақ
ұрпақ қолында.Сондықтанда бүгінгі қоғамымыздағы басты мәселе бала тәрбиесі.Бала тәрбиесі тәрбие
жұмыстарында ғана емес, тәлім, таныс үрдістерінде жүзеге асады. Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, балабақшадан бастап,бала бойына патриоттық сезім дарыту міндетіміз.Патриоттық тәрбие – жеке тұлғаның туған жеріне ,ұлтына адал ниеті,мемлекетінің күш қуатын,өміршеңдігін, тұтастығын қорғайтын рухани тірегі.
Слайд 3Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы
«Біз Қазақстанның барлық азаматтарының
Отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және
оны
қалыптастыру басты
міндеттеріміздің бірі»
Слайд 4Балалардың бойындағы адами – патриоттық тәрбиенің қалыптасуы - білім мекемесінің
негізгі міндеті болып келеді, ал оның негізгі шарты болып
ата –аналармен, отбасымен тығыз байланысы болып табылатын ұлттық дәстүрлер,ұлттық құндылықтар. Патриотизм – отанға деген сүйіспеншілік, әр азаматтың бойындағы күш –қуаты мен білімін отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз.
Слайд 5www.ZHARAR.com
«Патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі онымен – етене байланысып жатқан
ұлттық рухпен, ұлттық патриотизм. «Ұлттық рухпен, ұлттық патриотизм – бұл
ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі» деп Бауыржан Момышұлы патриотизм мәні мен мазмұнын ашып көрсеткен. Халықтың басты ерекшеліктерінің бірі ар мен намысты етене қалыптастыру, бала бойына сіңіру, сөйтіп оларды адам тіршілігінің іс-қимылының өлшеуі ретінде қарау. Ұрпаққа мұндай тәрбие беру халықтың бүкіл өмір тіршілігінен көрінеді; әрдайым ұятын ойлау, үлкенді сыйлау, мейірімділік «жаным арымның садағасы» девизі, мұның барлығы патриоттыққа тәрбиелейтін қасиеттер.
Слайд 6
Баланың бойында адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері болып мына
жайлар табылады:
Ізгілік бастамасымен тәрбиелеу;
Өз отбасына,балабақшасына, туған ауылына, көшесіне сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарау;
Табиғатты
сүйе білуі;
Еңбексүйгіштік қасиетінің қалыптасуы, үлкендер еңбегін құрметтеуі;
Халқымыздың салт – дәстүріне қызығушылықпен қарауы;
Мемлекеттік рәміздермен таныстыру.Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Слайд 7«Отан- от басынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі
– Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде
өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт- дәстүрін әр баланың бойына сіңіре отырып, патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі.Кішкентай бүлдіршін үшін Отан туған үйінен, өзі және отбасы тұрып жатқан ауладан, көшеден басталады.Әр отбасында болашақ өз елінің патриот азаматы «өсіп» келеді.
Слайд 8www.ZHARAR.com
Отан сенің – ата – анаң ,
Отан досың , бауырың,
Отан
– өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың,
Отан – тарих, Отан –
тіл,
Жасаған елің , өз халқың,
Отан деп өсіп жас жаның,
Оны ардақтап сүйе біл !
Слайд 9Ата – анамыз бізді «өз Отаныңды сүй,себебі: - Отан –
сенің атаң, Отан – сенің анаң, Отан- сенің қамқорың, еліңнен
тыс жерде жүрсеңде өз Отаның бар екенін еш уақытта ұмытпа» - деп тәрбиелесе,бізде өз кезегімізде отбасымыздағы балаларымызды, немерелерімізді осы бағытта тәрбиелейміз. Ауламен, адамдар тұратын көшемен,ықшамауданмен танысу балаларға туған қаласы, оның құрылысы,тарихы, дем алатын орындары туралы түсініктерін қалыптастырады.Ата – аналарымен туған өлкенің қызықты жерлеріне саяхаттау әсерлі оқиға болары анық.
Слайд 10www.ZHARAR.com
«Өз тарихын білмеген – болашағы жоқ адам» дегендей отбасын, елін,
халқын сүйетіндей, басқа халықтарды құрметтейтіндей тәрбиелеу қиын.
Бүлдіршін өзін ел азаматы
ретінде сезіну үшін айналасындағы жақсы үлгілерді көру керек. Осыған орай балабақшадан бастап мемлекеттік рәміздерге, халықтық салт –дәстүрлерге көзқарасы қалыптасады. Әрине осы мәселені шешуде халық ертегілері өзінің орнын алады.
Бүлдіршін ертегілердің кейіпкерлерін үлгі ретінде қабылдап, өз жүрегінен өткізіп, эмоция арқылы сезімін білдіреді. Нәтижесінде олар өздерін кейіпкерлерге ұқсатып бүлдіршін жасынан бастап адамгершілікке, отансүйгіштікке, әдептілікке бағытталып балалар өздері жақсы қасиеттерге тартылады.
Слайд 11www.ZHARAR.com
Ертегілер әлемінде
Слайд 12www.ZHARAR.com
Патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин , Абай шығармаларынан да
байқауға болады.
«Қазағым» деген сөзді «ұлтым» деген мағынада түсінген Абай
“Қалың елім қазағым, қайран жұртым” деп туған халқына жыр арнайды.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Жас ұрпақтың өз еліне тірек болуын тілейді.
Слайд 13www.ZHARAR.com
Балабақшада өткізілген әр мерекелік іс – шара, апталық, айлық, түрлі
ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері бүлдіршіндерді патриоттыққа тәрбиелеуге негізделеді
Осыған байланысты бүгінгі таңда біздің «Айгөлек» яслибақшасында балаларға патриоттық тәрбие беру бағытында көптеген іс – шаралар ұйымдастырылады. Патриоттық тәрбие бағдарламасының аясында яслибақшамызда баланың танымдық қабілетін, ой – өрісін, дамытуға бағытталған шаралар ұйымдастырылып, жоспарлы түрде жұмыстар атқарылуда.Бала құқығын қорғау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, патриоттық тәрбие, ұлттық тәрбие, рухани адамгершілік тәрбиесі біздің ұжым педагогтарының ықпалымен жүзеге асырылып жатыр.
Слайд 14Патриоттық тәрбие тәрбие негізі!
Слайд 15www.ZHARAR.com
Патриоттық тәрбие тәрбие негізі!
Слайд 19www.ZHARAR.com
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз,
Барлық ұлтпен
бауырласып жетерміз,
Ақ – қараны тілеп тұрса сөзіміз.
Слайд 23www.ZHARAR.com
Бұндай тәрбиелік және мерекелік шаралардың үлкен әсері бар. Яғни өз
тәжірибеммен өткізгендей мұндай игі шаралар бала тәрбиесі үшін ықпалын тигізбей
қоймайды.Баланы адамгершілікке, ұлттық құндылықтарға тәрбиелеуде яслибақшадағы тәрбие бағытындағы жұмыстар жүйелі жоспарланып жүргізілсе, бала тәрбиесіне қосқан үлесіміз де зор болмақ. Біз тәрбиенің нағыз бастау алар мекені балабақшада:
Азаматқа лайық,
Отанымның ұлымын.
Отанымды қорғайтын,
Азаматтың бірімін. – деп тұратын жеке патриот тұлға тәрбиелеуде көп еңбектенуіміз керек. Болашақ ұрпақты рухани адамгершілікке тәрбиелеу басты міндетіміз болғандықтан, осы «кемеде» бірге жүзейік ағайын!