Слайд 1Сабақтың тақырыбы:Етістік
Сабақтың мақсаты :
1) Етістік туралы түсініктерін кеңейту, сөйлемде етістікті
табуға, дұрыс сұрақ қоюға үйрету.
2) Оқушылардың сөздік қорын байыту, ойлау
қабілетін дамыту.
3)Жануарларға деген сүйіспеншілікті арттыру, спортпен шұғылдануға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері : түсіндіру , сұрақ – жауап , өзіндік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі : сюжетті суреттер , тест тапсырмалары
Слайд 2Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі : оқушылардың назарын сабаққа аудару .
Психологиялық дайындық.
Слайд 3
Үй тапсырмасын тексеру :
Өткенді пысықтау :
Ребусты дұрыс шешсең төмендегі жұмбақтың
жауабын табасын
Мініп алып ылғи да ,
Тыңнан жол табамын .
Жоғарыдан ылдиға
,
Жұлдыз болып ағамын .
( )
Слайд 4Шаңғы демекші қаңтар айының 29 – нан , ақпан айының
8 жұлдызына дейін
XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада өтті .
- Бұл
универсиадаға неше ұлт өкілдері қатысты ?
- Біздің Қазақстандық спортшылар нешінші орынға жайғасты ?
- Қанша медальмен марапатталды?
- Алтын медаль нешеу?
- Қанша күміс медаль бар ?
- Ал қола медальдың саны неше ?
- Сендерде үлкен болғанда осындай универсиадаға қатысқыларың келеді ме ?
- Жақсы спортшы болу үшін қандай болу керек ?
Слайд 5Енді бүгінгі сабақта сендердің білімдеріңді де осы спортшылар сияқты медальмен
марапаттап көрейік .
Қандай сөз таптарын білеміз?
Шаңғы сөзі қай сөз табына
жатады ?
Ал енді кім зат есім туралы ереже айтып береді?
Зат есімнің тәуелденуін кім біледі ?
Енді шаңғы сөзін үш жақта жекеше және көпше түрде айтып көрейік :
Менің шаңғы...
Сенің шаңғы...
Сіздің шаңғы...
Оның шаңғы...
Біздің шаңғы...
Сендердің шаңғыла...
Сіздердің шаңғылары ....
Олардың шаңғыла...
Слайд 6
Мақсат қою кезеңі:
Етістік туралы түсініктерін кеңейту, сөйлемде етістікті табуға,
дұрыс сұрақ қоюға үйрету мақсаты :
Жаңа сабақ:
Суретпен жұмыс:
Слайд 7Суреттердің мазмұны бойынша қандай тақырыпқа әңгіме құрауға болады?
Әңгімеге ат қой
Мына
сөйлемді оқы: Әнуар балықтарға жем шашты
Қай сөз не істеді? сұрағына
жауап беріп , етістік болып тұр?
Слайд 8Балалардың, әженің не істеп жатқаның білдіретін қимыл атауларын айт. Ол
сөздер қандай сұраққа жауап береді?
Слайд 9Оқулықпен , дәптермен жұмыс , күн ретін жазу , көркем
жазу
№2 жаттығу :
Жұмбақты оқу , шешімін табу
Көл бетінде қалқиды ,
Мақта сынды үйілген
Үні әсем сан қилы ,
Мойны да әсем иілген .
Мамығын ол тарайды ,
Маңғаздана қарайды .
Етістіктерді теріп жазып , оларға сұрақтар қой
Сөйлемді етістіксіз оқып көр.
Етістік не үшін керек екен?
Слайд 11№4 жаттығу :
Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлемдер құрап жаз
Қонды , ұшты
, жауды , секірді , тасыды
Бекіту :
№1 : Сәйкестендіру
кестесі
№2 : Тест . Сынау
Заттың қимылын білдіретін сөздер
А) Санады , аяқтады
Ә) Сынып , қалам
Б) Сары , дөңгелек
Етістіктердің сұрағын тап
А) Кімдер? Нелер?
Ә) Не істеді? Не қылды? Қайтты?
Б) Нешінші? Қанша?
Етістік нені білдіреді?
А) Заттың сапасын
Ә) Заттың атын
Б) Заттың қимыл іс – әрекетін
Не істеді? Деген сұраққа жауап беретін сөзді тап
А) Бала
Ә) Тұрды
Б) Жасыл
Слайд 12Қорыту :
Етістік дегеніміз не ?
Ол қандай сұрақтарға жауап береді?
Мысал
келтір
Бағалау : Оқушыларға талдау жасай отырып бағалау
Үйге тапсырма
: №3 жаттығу 162 бет
Слайд 13Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет !