Слайд 1«Қайнар-мектеп-гимназия» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
“Етістіктің жіктелуі”
Қысқа мерзімдік жоспар
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің жіктелуі 390-395 жаттығулар Сабақтың мақсаты: Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін пысықтау, етістіктердің жіктелуіне түсінік беру
Сабақтың міндеті: Оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Күтілетін нәтиже: Оқу қабілеттерін білім, білік, таным ерекшеліктерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түйінді идеялары: Оқушылар көркем шығармалардағы үзінділерден сөз таптарын тауып, жасалуына қарай талдайды.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Сұрақ-Жауап» әдісі, жаттығумен жұмыс, топтық жұмыс «Бестармақ» әдісі,
Сыныбы: 4«Б»
Слайд 3Психологиялық дайындық
«Жүректен-жүрекке»
Қызығушылықты ояту
Етістік дегеніміз не?
Етістік туралы не білеміз
Мағынаны тану
Аяулы
мекенім,
Оқимын, жетемін.
Туған жер, кей-кейде
Сағынып кетемін
Оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
4 топқа
4 тапсырма
Қорытынды:
Бағалау.
Үйге тапсырма:
Етістіктің жіктелуі. 395-жаттығу.
Слайд 5Мағынаны тану
Аяулы мекенім,
Оқимын, жетемін.
Туған жер, кей-кейде
Сағынып кетемін
Сергіту сәті.
Слайд 6
Оқулықпен жұмыс
4 топқа 4 тапсырма
1-топ: 390-жаттығу
Өлеңді көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің астын сызу. Олардың қай
сөз табы екенін айту. Бұл сөздердің қай жақта айтылғанын байқау.
2-топ: 391-жаттығу
Сөйлемдерді көшіріп жазып жіктік жалғауларының астын сызу, қай жақта тұрғанын айтып, етістіктердің қандай етістік екенін айту.
3-топ: 392-жаттығу
Мәтінді түсініп оқу. Мәтін не туралы? Мәтіндегі негізгі ойды анықтап жіктік жалғаулы етістікті табу. Оны үш жақта жекеше, көпше түрде жіктеп жазу.
4-топ: 394-жаттығу
Көп нүкте орнына тиісті жіктік жалғауын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазу.
Слайд 7Шығармашылық жұмыс: Өздері білетін мақал-мәтелдерді талдау. Жіктік жалғауын табу.
Топтық жұмыс:
1-топ: Жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешімі болған сөздерді қатыстырып, 5 жолды
өлең құрастыру.
2-топ: Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып, өтірік жаңылтпашты көшіріп жазу.
3-топ: Өлеңді оқып, етістіктерді теріп жазу.
4-топ: Семантикалық картамен жұмыс.
Берілген сөздердің қай жақта тұрғанын табу.
Слайд 8Қорытынды:
Бағалау.
Үйге тапсырма: Етістіктің жіктелуі.
395-жаттығу.
Слайд 9Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
рахмет!