Слайд 1Тақырыбы
«Дос болайық бәріміз»
Дайындаған :Қдырбаева.Г.О
Слайд 4 Балалар, мына тағамды татып көріңдерші, дәмі туралы
не айтар едіңдер? ( дәмсіз, тұзсыз)
Балалар, ендеше өмірде доссыз адамды
да осы тағамға ұқсатуға болады.Доссыз адам өмірінің мәні, сәні болмайды, тағамның тұзсыз дәмі болмаған секілді.
Сонымен, балалар, «Доссыз адам – тұзсыз тағам!» деп бекерге айтылмаған. Ендеше,
« ДОС » сөзіне дәм кіргізейікші, ол қандай болу керек, ол кім? Оның қазір көркі болмай, шуақсыз көңілсіз күндей, оған қасиеттер кіргізіп нұрын шашардай күндей етейікші.
Слайд 6 -Міне, балалар, сендер дос туралы өз ойларыңды айтып
және өз достарың туралы айтып жатырсыңдар.
Досы көптің жаны семіреді,
Асы көптің
тәні семіреді.-демекші сендер дос, достық деген ұғымның мағынасын терең ажырата біліп, өмірде өздеріңе сыйлас дос, сырлас дос таба білсін деп, бүгінгі сабағымызды осы тақырып төңірегінде өрбітпекпіз.
Слайд 7“Достық “ деген не деп ойлайсың?
Досыңның көмегін қай кезде сезіндің?
Досыңды
ренжітсең, қалай татуласар едің?
Ойланайық,пікірлесейік.
Слайд 8 “Адамдар бір-біріне адал, қалтықсыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана
достықтары берік болады. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани
жақындықтың белгісі.”
Слайд 9Айнымас дос деген адал дос деген түсінікті де береді. Досы
уәдесіне берік болса, қандай жағдайда да досымен бірге болса, қолынан
келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос.
Слайд 10 Достық малға емес, басқа жарасады,
Нағыз дос
бір-біріне шынайы қарасады.
Амандық шешен
Достық жайында кім қандай мақал- мәтелдер
біледі екен?
Слайд 11Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
Біздер тату баламыз,
Гүл - гүл жайнап жанамыз.
Жаттығулар
жасасақ,
Жақсы сергіп қаламыз.
Достар тату - тәттіміз,
Болса қолда тәттіміз,
Біз бөлісіп жатамыз,
Бәріміз дәм татамыз.
«Тату балалар»
Ерте заманда шағын бір үйде ағайынды бес саусақ өмір сүріпті.Үлкенін - Басбармақ, екінші ағасын - Балаң үйрек, сұқ саусақ, үшіншісін - Ортан терек,
төртінші інілерін - Шылдыр шүмек, ең кенже қарындастарын - Кішкене бөбек деп атапты.Олар бірігіп жұмыс жасады, бақша екті, тамақ әзірледі.
Ортаншы ағалары Ортан терек үйде отырып, үй шаруасына, кішкентайларына қарады.Шылдыр шүмек өте сабырлы, ақылды болыпты.Ол кіші қарындасына ертегі оқып беруді жақсы көрген екен.Ал, кішкентай бөбек болса үлкен ағаларына ұқсап ержеткісі келеді екен.Осылайша, бес ағайынды балалар тату - тәтті, өзара жарастықта, сыйластықта өмір сүріп жатты.
Бір күндері орманнан үлкен бір аю шығып, ағайындылардың тыныштығын бұзып, бақшаның бәрін таптап, үйлерін құлатып бұзуға айналғанда, бес ағайынды бірігіп бір жұдырыққа тастүйін болып жұмылып аюға қарсы тұрады.Сөйтіп олар қиын шақта бірігулерінің арқасында үлкен күшке
айналды.Аю болса мұндай көп күштен қорыққанынан орманға қарай, кері қаша жөнеліпті.Ал, ағайынды балалар болса, татулығы мен бірлігінің арқасында жауды жеңіп шыққан екен.Өйткені олар қысылтаяң шақта бәрі бірігіп күш қосып, мықтылық , бірлік, достықтарын көрсете білді.
Слайд 13- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Ертегі қалай аталады?
- Ағайынды балаларды
аюдан не құтқарды деп ойлайсыңдар?
Слайд 14Адал достыққа тән қасиеттерді тауып айтыңдар.
Қуаныш
Өзара сыйластық
Еңбек
Шыншылдық
Сүйіспеншілік
Мейірімділік
Кешірімділік
Күлкі
Оқу
Өзара көмек
Сұлулық
Түсіністік
Төзімділік
Өтірікші
Тәртіпсіз
Қамқорлық
Адалдық
Әдептілік
Салмақты
Кек сақтамау
Жалқаулық
Төзімсіздік
Мақтаншақтық
Жауапкершілік
Слайд 15Қорытынды:
Сонымен, балалар, біздің топ қандай?
Бүгін не туралы өттік?
сендерге несімен ұнады ма?
Осымен ұйымдастырылған оқу қызметіміз аяқталды? Барлықтарың жақсы
қатыстыңдар, көптен-көп рақмет.
Слайд 16Үйге тапсырма
Адал достар тақырыбына сурет салып келу