алған күннен бастап Тұңғыш Президент
Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен
білім саласын
әлемдік стандарттарға сай көтеру мәселесіне баса назар
аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын
жете түсінген Елбасы салаға барынша қолдау көрсетті. Халқымыздың “Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады” деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін ол терең түсінді.
Орта білімді ақпараттандыру, дарынды балаларды табу, оқыту мен оны дамыту, соның алғашқы бастамасы – Президенттік “Дарын” бағдарламасы, одан кейінгі тәуелсіз еліміздің жаңа мамандарын даярлауға арналған 1993 жылғы “Болашақ” халықаралық бағдарламасы секілді мемлекеттік маңызы зор жобалар дүниеге келді. Бұл бағдарлама әлі күнге жемісті түрде жүзеге асып келе жатыр.Бұл – еліміз жастарының ертеңіне сенімін арттырады. Білімнің негізінде болашаққа деген шынайы сенім мен үміт, өз халқына деген ізет-құрмет пен қадір-қасиет жатқанын Елбасы жақсы түсінді. Ол тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан тыс қалдырмады.
“Қазақстан – 2030” Стратегиясында Елбасы: “Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты”, – деп айрықша атап айтса, өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында Н.Ә.Назарбаев мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, “Балапан” арнайы бағдарламасы, 12 жылдық оқыту моделі, интеллектуалды мектептер, жаңа бірқатар соны іс-шараларды саралап алға қойды.
Елбасы Н.Назарбаев айтқандай, «Қазақстанның бүгіні мен болашағы – халқымыздың ынтымақ-бірлігінде, ырыс-құтты тірлігінде». Сол бірліктің арқасында еліміз экономикалық даму
мен әлеуметтік жаңару, жаңғырудың даңғыл жолына түсті