ғылыми коммуникациялық байланысқа шығу, білім беруді ақпараттандыру.
Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайында
мектеп оқушыларында
болуы керек сапалар:
Қажетті білімді өз бетінше ала отырып, пайда болған алуан
түрлі мәселелерді шешу үшін оларды тәжірибеде біліктілікпен
пайдалану, жылдам өзгеріп отырған өмір жағдайларына оңай бейімделу.
Өздеріне өздері сын көзбен қарай алу, кездесетін қиындықтарды
көріп, оларды шеше білу, дұрыс әрі уақытылы шешім қабылдай алу.
Ақпарат ағынымен дұрыс жұмыс істей алу, мақсат- міндеттерді
дұрыс анықтап, болжам жасап, тиісті қорытынды шығарып,
проблемаларды шеше білу.
Мұның өзі еліміздегі білім беру жүйесінің бұрынғы қалпында
болмайтынын көрсетеді. Сондықтан оқу ағарту саласының
оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізуді талап етеді.