Слайд 1Гульнара Ахановна Сатыбалдинова
Туған жылы-
-16.08.1979ж
Білімі-Ι Ι жоғары
Жалпы еңбек өтілі-
14жыл
Педагогикалық
еңбек өтілі-14 жыл
Осы мекемедегі еңбек
өтілі- 14жыл.
Слайд 2Тақырыбы:
Театралдық іс-әрекеті арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін
дамыту.
Слайд 3Мақсаты
Мектепке дейінгі жасындағы баланы театр түрлері
арқылы шығармашылық және
парасаттылық қабілеттерін жан -жақты дамыту;
Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін
көтеруге,
шешендікке баулу.
Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу;
Театрлық іс - әрекетті ертегілерді пайдалана отырып – ойын дамыту.
Слайд 4Міндеттері:
Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін мен ой - өрісін,
дүниетанымын жетілдіру.
Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты
ой айтуға үйрету.
Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру.
Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Слайд 5Театрланған іс әрекет
Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне
байланысты мақсаттарды шешуде,
театр ерекше рөл атқарады.
Театр әр балаға қуаныш ұмытылмас әсер сыйлайды,оның көркемдік талғамын,еліктеуі мен қиялын дамытады.
Слайд 6.Театрландырылған іскерлік бағдарламасы:
5 бөлімнен тұрады.
1.Театрландырылған ойын. Кез келген
өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге,
кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді: дамытушылық, әсемділік, театрлық.
2. Ырғақты иілгішті (ритмопластика )– бұған кешенді (комплекс) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығымен еркіндігін дамытуда, өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.
Слайд 7
3. Сөз мәдениеті және техникасы.
Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы
мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрлымын еркін айтуға,
тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздермен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді.
Жаттығулар 3-ке бөлінеді:
тыныс алу және артикуляциялық, дикциялық және интонациялық сөздермен шығармашылық ойындар.
Слайд 8
4. Театр мәдениеті: Балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің
негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері қойылымның жасалуы,
сыртқы және ішкі
театр, көрермендер мәдениеттілігі.
5.Қойылыммен жұмыс – жанама бөлім, авторлық сахналауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар: қойылыммен таныстыру, қойылымды мазмұндап талдау, кейіпкерлендіру. Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру. Дайын қойылымды сахналау.
Слайд 9Театрланған ойынның жіктелуі
Драматизация
Режиссерлық
Слайд 10 Драматизация түрлері:
жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі
кейіпкерлер ойыны;
мәтін
бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар;
шығармашылық көрсетілім;
бір
немесе бірнеше шығарма
арқылы қойлым қою.
Слайд 11
Драматизация ойынының екі түрін қарастыруға болады.
Саусақтар ойын драматизациясы.
Балалар атрибуттарды
саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды.
Көріністі
ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді.
Қуыршақ бибабомен ойын –драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ бибабоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.
Слайд 12Режиссерлық ойын
Режиссерлық ойында
Балалар әрекет етуші бейне болмайды,
өзі
режиссер және сахна қоюшы
рөлінде ойнайды,
ойыншықтардың орнында болады.
Мұнда
бала қозғалмайтын пішіндер
және ойыншықтармен әрекет етеді,
сондықтан ойында
интонация мен мимика ерекше орын алады.
Слайд 13Балалар театрының бірнеше түрлері бар:
1. Ойыншықтар театры -Осында
балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ
кішкене көлемді спектакльдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
Слайд 14
2. Саусақ театрында– саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын
сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы қабілеті дамып, ынтасы артады және
шығармашылық әрекетіне жолы ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар
қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады.
Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, бала қуанады шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді.
Слайд 15
3. Үстел үстіндегі театр - Сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен
қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі
театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрының бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан және цилиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; «киндер- театр»; магнит театры; «мачалка театр»; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе қармақпен тоқуға болады (олар өздерінің формасын ұстағандай пластмас бутылкаларға кигізіп қояды); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковский ойыншықтар).
Слайд 16
4. Суреттер(картиналар) театры-декорация мен кейіпкердің – суреттері. Олардың әрекеттері шектелген.
Ойнаушының дауыс ырғағы (интонация) арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет
барысында
пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.
5. Стенд-кітапша театры –
бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд кітапшасының беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсетеді (оқиғалар,кездесулер).
Слайд 17
6. Фланелеграф театры - суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды
фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескі кітаптардан,
журналдардан қиып алуға болады.
7. Трафарет театры -трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін салады. Оларды түрлі- түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл- қозғалысын өзгерте алады.
Слайд 18
8. Көлеңкелі театр - жарық өте жақсы түскен экранда адамдар,
жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді.
Ертегі,әңгіме,өлең,әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады.
Көлеңке таетрдың қойлымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді. Көлеңке театрдың сахналық экраны болады. Экранды ағаштан немесе қалың картоннан жасайды, ою- өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін – оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа картоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой-өрістерін дамытады.