Орындаушы: А.Ермеков атындағы
орта мектебінің
4 «ә» сынып оқушысы
Аманбай Нұрайым
Ғылыми жетекшісі: А.Ермеков атындағы
орта мектебінің
бастауыш сынып
мұғалімі Қайырбаева А.Ж.
Сахараның ботакөзі-
Ақбөкендер
Слайд 3Аңдатпа
Келешекте жас ұрпақты ақбөкеннің құрып кетуіне жол бермеуге, оның
пайдасының көп екенін білуге көмегі тиеді.
Воспитать молодое поколение, бороться
с исчезнованием сайги и знать их пользу в человеческой жизни.
Слайд 4
Зерттеудегі мақсатым: Ақбөкендердің тыныс – тіршілігімен танысу, оның еті мен
терісі және мүйізінің пайдасын білу, жан – жақты зерттеу.
Міндеттер:
Ақбөкендер туралы
мәліметтер жинақтау;
Ақбөкендердің адамзатқа пайдалы екенін зерделеу;
Ақбөкендердің не себепті топтанып жүруін анықтау.
Болжам:
Егер ақбөкендерді қызғыш құстай қорғап атауға жол бермесе, онда сахараның ботакөздері табиғатымыздың сәні болатын еді.
Өзектілігі:
Ақбөкендерді есепсіз қырудың салдарынан олардың өте азайып кетуі.
Слайд 6 Ақбөкен, киік (лат. Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына
жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз
жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салм. 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салм. 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Олардың басты жауы – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкен аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен – дәмді еті, құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланатын кәсіптік маңызы бар жануар. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған. 1957 – 58 ж. олардың жалпы саны 2 млн-нан асқаннан кейін, кәсіптік жолмен аулауға рұқсат берілді. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.
Слайд 8Ақбөкендерге жалпы сипаттама
Ақбөкен – көптеген қазақстан табиғатының белгісі болып табылады.
Сүтқоректілердің жұптұяқтылар отряды,қуыс мүйізділер тұқымдасының өкілі (денесінің ұзындығы 150см, шоқтығының
биіктігі 80см, салмағы 50кг дейін). Шөл мен шөлейт ландшафтысының әдеттегі өкілі. Жүздеген жыл бұрын Қазақстан жерінен қара теңізге дейінгі қуаң далаларды мекендеген. 60 – 70 – шы жылдары ақбөкеннің саны кенеттен өсіп, бір млн-ға жеткен, дегенмен ХХ ғасырдың басында оның саны мен мекен ететін жері күрт азайып, Каспий маңы мен Қазақстанның қуаң аймақтарында (100 мыңнан аз) сақталған. Төлдеу орны – Орталық Қазақстанда, ақбөкендер қыстау үшін Бетпақдала шөлінен Арысқұм, Қарақұм, үстірт және Еділ – Жайық өзенаралық оңтүстік аймақтарына кетеді. Үйір болып тіршілік етеді, әр аталықта бірнеше аналық болады. 10 – 12 жыл өмір сүреді, аталығы бір жарым, ал аналғы жарты жылда жыныстық жағынан жетіледі. Аналығы бес айлық буаздықтан кейін 1 – 2 (сирек 3 ) төлін дүниеге әкеледі, шөлдің қатаң жағдайынан біреуі ғана тірі қалады. Ақбөкен үшін жұт өте қауіпті – қалың қар мен көк мұздың әсерінен қорексіз қалады. Көптеген аталықтар күздегі күйлеуден кейін әлсірейді, көпшілігі жыртқыштарға жем болады. Ақбөкен үшін қауіпті жау – қасқыр, оның саны Қазақстан шөлінде әлсін – әлсін өсіп отырады.
Слайд 9Ақбөкендер адамзатқа тигізер пайдасы
Ақбөкеннің дәмді еті және терісімен қатар медицина
өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат болатын мүйізі де пайдалы.
Ақбөкеннің
мүйізінен канпактокрин дәрісі алынады. Ақбөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлін денедегі теміреткеге жағады. Егер адам сусамыр ауруына шалдықса, мүйізін емдеу үшін пайдалынады. Ақбөкеннің етін тамақ ретінде пайдаланса, терісінен киімдер тігуге болады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ халқы ақбөкенді «киелі, қасиетті» аң деп бағалайды.
Слайд 10Ақбөкендердің топталып жүруі
Қазақстан жерінде көп тараған жануарлардың бірі-ақбөкен.
Ақбөкен үйір-үйір болып топтанып жүреді. Былайша қарағанда, жазық жерде үйірімен ондап, жүздеп жүруден гөрі жалғыз-жалғыз бытырап жүрсе байқалмай қалуы мүмкін тәрізді. Дегенмен ақбөкендер не себепті топтанып, үйір құрайды? Осының себебін қарастыралық.
Ақбөкен өсімдіктерді көп мөлшерде жеп қоректенетін жануар болғандықтан, оны жеуге де біраз уақытын кетіреді. Жайылып жүргенде ақбөкендердің әрі оттауы, әрі жан-жағын шолуы қиын. Бұл кезде оларды аңдып жүрген жыртқыштар сап ете түсуі мүмкін. Ал ақбөкен үйірімен жайылып жүргенде, бірі болмаса бірі сақтанып, құлақ тігіп, жан-жақты шолып жүреді, сөйтіп төнген қауіпті дер кезінде сезеді. Сонымен, ақбөкендер жапан далада топтанып, үйірімен жүріп тіршілік етуі-пайдалы бейімділік.
Слайд 12Ақындар жырлаған ақбөкендер
Совет Әлімқұлов
Ақ бөкен
Жүдепсің
қатты жаншылып,
Қыс биыл сонша мықты ма?
Құмдағы жоқтық, тапшылық,
Амалсыз қуып шықты ма?
Тағы едің көз сап аулаққа,
Қарайтын үркіп күдіктен.
Қысылған кезде біз жаққа,
Тарттың ба жақсы үмітпен?
Жасаурап сұлу жанарың,
Қабағын нағып түйілген?
Ере алмай топқа, жаралым,
Келдің бе шығып үйірден?
Саялап келсең тарын ба,
Сезімі күшті аяулы аң.
Ақ ниет жандар барында,
Арылар көңіл қаяудан.
Тұрғанмен қазір болдырып,
Қамқоршы қолда құмарсың.
Танауды желге толтырып.
Түзіңді бетке ап туларсың.
Слайд 14Қорытынды
Шөлдер мен шөлейттерде сирек кездесетін жануардың бір түрі-ақбөкендер. Бұлар ашық
далаға тән жануарлар. Ақбөкеннің дәмді еті және терісі мен қатар
медицина өнеркәсібі, үшін өте бағалы шикізат болатын мүйізі де пайдалы. Дегенмен, ақбөкен санының күрт төмендеуіне адамның әсері өте көп. Тибет медицинасында бағаланатын мүйізі үшін, еті үшін ешқандай шараға қарамай қырып жіберді. Бракооньерлер бір аулағанда 50-70 бөкенді алады. Қызылорда облысынан 200-250 ақбөкен тиеген жүк машинасын, аэропортта тоналған ақбөкен мүйізін кеден қызметкерлері ұстағанын айтпауға болмайды. Алайда, сахараның ботакөзі-ақбөкендерді тек шұғыл шаралардың ғана құтқаруы мүмкін.
Қорыта айтқанда ақбөкенді аулауға мүлдем тыйым салса деймін.
Ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кете берсе есепсіз қырудың салдарынан бұлардың саны өте азайып, мүлдем құрып кетуі мүмкін.
Сондықтанда адамзатқа пайдалы болғандықтан ақбөкенді жоспарлы түрде аулап, арнайы терісін өңдейтін зауыттар ашып, мүйізін медицина саласында тиімді пайдаланса, нұр үстіне нұр болар еді.
Слайд 15Назар
аударғандарыңызға
рахмет!!!