Слайд 1ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗІ
Бастауыш сынып мұғалімі:
Керимбекова Қаламқас
№75 мектеп-гимназиясы
Слайд 4
Қазіргі әлемдік ауқымды қайта
құрулар, жедел ақпараттандыру, білім саласындағы өзгерістер адамзат қоғамы алдында білім
сапасын арттыру қажеттілігін туындататыны анық. Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда жаңа технологияларды қолдану орын алған.Бұл оқушының логикалық, шығармашылық потенциалын арттыру, жас ұрпақты жаңа қоғам жағдайына өмір сүруіне дайындау мақсатымен ұштасып жатыр. Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесі жүргізілуде. Ақпараттық-коммуникативтік технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әртүрлі технологияларды және әдістерді қолдануды қажет етеді. Сондықтан бастауыш сыныпта ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру үшін қолданылатын тренингттік жаттығулардың да орны ерекше деп ойлаймын. Себебі, мектепке жаңа келген бүлдіршін қабілеттерін арттыру, білімге қызығушылығын шығармашыл деңгейге көтеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту-бастауыш сынып мұғалімдерінің атқаратын жұмыстарының бірі. Өйткені, бастауыш сатыдағы кезең - оқушы іс-әрекетінің қалыптасуының өте ыңғайлы кезеңі. В. Давыдовтың «Бастауыш сынып оқушысының психологиялық даму» еңбегінде: «Оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі» делінген.
Шығармашылық тұлғаны қалыптастыру
Әр түрлі деңгейдегі білім,білік дағдыны қалыптастыру
Жеке тұлғаның өзін-өзі басқаруы
Практикалық
қызмет
Адамгершілік эмоционалдық сферада
Мазмұндама
жазу
Математикалық
жаттығуларды
орындау
Шығарма жазу
Әр түрлі
тесттер
Көркем әдеби
шығармалар оқу
Дүние танымдық
көзқарасының
Ой қызметінің
әдістері
Дамытушылық ойындар
Слайд 6Қазіргі кезде ғылымда тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына тәрбиелеу жөнінде яки түрлі
пікір қалыптасқан. Олардың бірі-өзін ұйымдастыру тәрбиеге байланысты десе, екіншісі –
тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды.Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді қуаттайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін дамыту, пайдалану адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық.
Өйткені ол үшін денсаулық мәдениеті, еңбек қабілеті, рухани байлық қажет, сонда ғана адам өзін-өзі жеңеді, жетілдіреді, бұл жеңістің төресі. Бұл – шығармашылық.
Адамзаттан қоғамдық тәжірібесін меңгеруге баланың әрекеті мен мінез – қылығын бағыттайтын белсенді үрдіс – оқыту деп аталады.
Дидактиктер М.Я.Лернер, В.В.Краевскийлер 70-жылдары оқушылардың шығармашылық әрекетіне көңіл бөлінбегенін, оған себеп әдістер концепциясында бағыттау болмағандығынан деп көрсетеді. Зерттеушілік әдіс және проблемалық оқытудың басқа да әдістері алғаш кеңес педагогикасы номенклатурасында жоқ болып, тек әңгіме әдісі басым болғанын айтады.
Слайд 7Ізденушілік дағды, оқудың интеллектуалды біліктілігі кейіннен барып зерттеу пәні ретінде
арнайы қалыптастырылды. Себебі осыларсыз индивидтің шығармашылық дамуы қиын деп барлық
оқыту әдістерін тізіп келіп танымдық ойындар мен проблемалық – ізденушілік әдістер де қажет деген. Оқушылардың ойлау дербестігін дамыту, проблемалық тапсырмаларды өздерінің құрастыруы аса бағалы, өйткені соның арқасында шығармашылық әрекет тәжірібесін меңгеруге ықпал етуге болады.
Осы тұрғысында қарастыратын болсақ, бала дербестігін жүйелі түрде белсенді оқыту арқылы арттырып, содан шығармашылық қырларын қалыптастыруға болатындығы көрінеді Білім беру жүйесінің қай саласында болса да қарастырылмай кетпейтін жеке адам қалыптасуының ең басты компоненті – өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі дамыту, өзін пайдалану төмендегі 1-суретте көрсетілгендей өзін-өзі ұйымдастыру, дамыту – бұл өзін жетілдірудегі саналы жұмыс .
Педагогика үшін анықтаушы сұрақтардың бірі-кез келген әрекет барысындағы баланың позициясы, оның әрекетші ретіндегі белсенді және өзіндік рөлі. Бастысы – әрекет кезінде ол біреудің тапсырмасын пассивті орындаушы емес, белгіленген мақсатты шығармашылықпен іске асырушы, әрекет етуші объектісін жаңадан жасаушы, қосымша міндеттер ұстанушы жасампаз белсенділігі. Жеке адам белсенділігі – оның болмысындағы негізгі мәселенің бірі. Әрекетшілік – тіршілік мәнісінің бәріне тән өз бетімен жауап қайтару қабілеті.
Слайд 8Өмір құбылысын педагогикалық тұрғыда қабылдап бағалау, өсіп келе жатқан тұлғасына
қарым-қатынастың педагогикалық бағытын қалыптастыру мынадай фактордың өзара әрекеттесуінен туындайды:
а) зерде
ой-санасы;
ә) эмоция және ырық;
б) тәжірибелік іс-әрекет.
Адам ой-әрекетін табиғаттан даяр күйінде алмайды, ол ойлауды үйренеді. Ұстаздың міндеті – осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-әрекеттің нәтижесін ғана емес, оның қалыптасу барысында бақылап отыру.
Қазақ тілі сабағында сызба, кесте арқылы ауызша сөйлеуінің жетілгендігі, шығармашылық деңгейінің қандай деңгейде екендігін анықтау.Жұмыс барында қолданылатын тірек сызбаларды мынадай түрге бөлуге:
1.Сөзге қатысты сызбалар;
2.Сөйлемге қатысты сызбалар
3.Мәтінге қатысты сызбалар.
Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді. «Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы Орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.
Слайд 9Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 -
баптың 1 - бөліміндегі “Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті”
деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да бастауыш мектеп алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Дамыта оқытудың да басты мақсаты - баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан - жақты дамыту.
Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынандай анықтама береді: «Шығармашылық -бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің сонылығымен, біртумалығымен ерекшеленетін болса, өзін - өзі куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады.
Слайд 10өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
Сабақ барысында оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру
міндеттері
пікірталастар мен талқылауларға
қатысуы
өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы
жолдасының жауабыңа пікір айту
сыныптасының жауабы мен
жазбаша жұмысын бағалау;
үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру
өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау
танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету
Слайд 11Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
№75 мектеп - гимназиясы
Пәні: “Ана
тілі”
Тақырыбы: “Әйел- Ана”
Орындаған: Керимбекова Қаламқас Заманханқызы
Слайд 12Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды ана тілі сабағына бейімдеу
Жан азығы адамның ана тілі
Тек
сонымен ашылған дала гүлі
“Өнер алды-қызыл тіл”-дейді қазақ
Бұл мәтелдің тереңде мәңгі
сыры
Оқушыларды IV топқа бөлу:
І ші топ: “Білімділер”
ІІ топ: “Ойшылдар”
ІІІ топ: “Зейінділер”
IV топ: “Алғырлар”
Слайд 13Үйге берілген тапсырмамен жұмыс
Баубек Бұлқышевтың
“Ана” мәтінін жатқа айту
“Менің Анам”
тақырыбына жазылған шығармаларды тыңдау
Слайд 14Жаңа сабақ:
“Әйел-Ана”
Мағынаны тану.
Автордың қысқаша өмірбаяны
Өте білімді жазушы
1942ж. Қарағанды облысы
Жаңаарқа ауданында дүниеге келді.
Шығармалары орыс
қазақ тілдерінде
жазылған
Л. И. Гумилев
атындағы Евразия университетінде жұмыс істейді.
әдебиет зерттеуші
“Аудитория” газетінің бас редакторы
Филология ғылымының докторы, профессор
Жазушы
Алпамыс
батыр
Кеніш
Бетпақбала
Қазақ әлемі
Серпер
Күйші
Слайд 16Күншуақ елінің
табиғаты
Ой толғаныс
Слайд 17"Ой толғаныс"
Аналары
кемеңгер екен
Қыздары аққудан
әдемі
Қыздарының ақылына көркі сай
Қариялары
ақылгөй
дана екен
Жігіттері ер
көңіл
Жігіттері жау
жүрек
Қанағатшыл
екен
Ешбір жерге
қызықпапты
Байлықтарын
мақтан етіпті
Слайд 18 Сергіту
Қане, сапты түзейік,
Тіземізді бүгейік.
Ыршып алға түсейік,
Ыршып артқа түсейік.
Көбелекше ұшамыз,
Отырамыз,
тұрамыз.
Сергітуге мың алғыс!
Слайд 19Сызба арқылы өлең құрастыру.
1. _____ _____ _____ _____ _____ елім
2.
_____ _____ _____ _____ ____ жерім
3. _____ _____ _____ жайқалған
4.
_____ _____ _____ _____ жасарған
5. _____ _____ _____ жайған
6. _____ _____ Қазақстан.
Шығармашылық жұмыс
Слайд 20Туған тіліміз – Ана тілі мен Ананың арасынан қандай байланыс
байқадыңдар?
Қорытынды
Бағалау
Слайд 21Сабақтың мақсаты :
Қазақтың көрнекті балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың өмірі мен шығармалары туралы тереңірек танысып әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу. Шығарманың түрлері туралы білімді қалыптастыру.Қысқаша мағлұмат беру. Өлеңнің
негізгі мазмұнын ашу тәрбиелік мәнін меңгерту.
Дамытушылық :
Оқушыларға бағыт бере отырып өздіктерінен жұмыс істеу, ой-өрісін дамыту, білім, іскерлік дағдыларын қалыптыстыру,өзіндік талдау, жеке топтық жұмыста шапшаңдық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге машықтандыру.
Тәрбиелік :
Әңгіме арқылы еңбек сүйгіштікке баулу. Жалқаулық пен еріншектіктен аулақ болуға тәрбиелеу. Туған жеріміздің табиғатын қорғау, аялап күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың тақырыбы : Ағаштар неге ашуланды?
Слайд 22Пәнаралық байланыс :
Дүниетану.
Сабақтың
көрнекілігі : Бердібек Соқпақбаев суреті,шығармалары, сабаққа қатысты сызбалар.
Әдістері : Оқу мен жазуды сын тұрғысынан
ойлау стратегиясы.
Түрі : Аралас сабақ. Топпен жұмыс.
Слайд 23Сабақ барысы :
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылардың жаңа сабаққа бейімдеу.
Психологиялық дайындық.
2-2. Қызығушылықты ояту:
Оқушыларды топқа бөлу әдісі
1-топ-Қыс айында туылғандар (Қайың жапырақтарын алады)
2-топ-Көктем айында туылғандар (Шырша жапырақтарын алады)
3-топ-Жаз айында туылғандар (Қарағай жапырақтарын алады)
4-топ-Күз айында туылғандар (Емен жапырақтарын алады)
Слайд 24«Топтастыру» стратегиясы :
Әр топқа тапсырмалар беріледі.
Әр топтан оқушылар С. Жиенбаевтың
«Ұшып келем» өлеңін жатқа айтады.
1-топқа: Ақын өлеңінде кім туралы жырлап
отыр?
2-топқа: Қазақстанда қандай биік таулар мен айдын көлдер бар?
3-топқа: Туған жердің құдіретті күшін көрсететін шумақты тауып, мағынасын түсіндіру.
Ал енді балалар бүгін Б.Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланады?» әңгімесімен танысамыз.
Б. Соқпақбаев туралы не білесіңдер?
III. Ой ашар. Жаңа сабақ:
Әр топтың оқушылары өз түсініктерін, парақшаларына жазады. Топ басшылары тақтаға апарып іледі.
Слайд 25 «Менің атым Қожа»
«Жекпе-жек»
Б. Соқпақбаев
«Чемпион»
1924-1992
Балалар жазушысы
IV.Мағынаны
тандау:
Ал енді балалар Б. Соқпақбаевтың «Ағаштарнеге ашуланады?» әңгімесін
ынта қойып тыңдаңдар.
Әңгімені
оқушылардың тізбектей мәнерлеп оқу.
Әңгімені төрт бөлімге бөліп,әр бөлімге ат қою.
а) Ағаш отырғызу апталығы
ә) Алмабектің жалқаулығы
б) Самал желдің сыбдыры
в) Ормандағы оқиға
Слайд 263. Әр бөлім бойынша тақырыптың атын дәлелдеп мазмұнын айту.
4.«Жылдам оқу» минуты.
5. Әңгіменің идеясын ашып оқушылардың әңгімелеуі.
V. Ой
толғаныс :
1. «Үшбұрыш» стратегиясы бойынша пысықтау.
_ Ағаш туралы не білесіңдер ?
_Өсімдіктердің жер бетінде неше түрі бар ?
«Еркін жазу» стратегиясы.
Тақтада топ өз жапырақтарынан ағаштар құрастырып, топ басшылары ең үздік шығармаларды оқиды.
«Еңбексіз жалқау,еріншек,
көрінгеннен тілемсек»
«Ер еңбегімен озады, еріншек езілумен тозады»
I. Қайың тобы
II. Шырша тобы
III. Қарағай тобы
IV. Емен тобы
« Еңбек туралы Мақал-мәтел »
«Ағаш көркі жапырақ»
Слайд 27VI. Қорытынды.
VII. Топтық бағалау.
VIII. Үйге тапсырма.
Үй тапсырмасын сұрау:
Балалар, сабақтан қандай
әсер алдыңдар?
Алмабектің жалқаулығы сендерге ұнады ма?
Дене еңбегі дегеніміз не?
Ой еңбегі
дегеніміз не?
Ал, енді балалар жалқаулықтан аулақ болып, мектебімізді, Шымқаламызда көркейтуге ат салысайық!
Слайд 28Сабақтың тақырыбы:Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың ана тілі пәніне
сүйіспеншілігін арттыру. Қазақ ертегілерінің түрлері туралы түсінікті кеңейту есте сақтау,шығармашылық
қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардын ой өрісін,сурет бойынша байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Ертегілер мазмұны бойынша адалдыққа, еңбек сүйгіштікке, әдептілікке, әсемдікке тәрбиелеу.
Слайд 29Сабақтың түрлері: ертегі сабақ.
Сабақтың әдісі: «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиялары .
Бағалау:
«Өзін-өзі бағалау» стратегиясы бойынша.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттегі фильм көріністері, ертегі түрлері,
фишкалар, ойындар .
Пән аралық байланыс: математика, дүниетану.
Слайд 30Сабақтың барысы:
Ұйымдыстыру кезеңі.
Оқушыларды үш топқа бөлу. Сабаққа дайындығын тексеру. Әр
топқа тапсырмалар беріледі.
Бүгінгі сабақты фишкалармен «Өзін-өзі
бағалау» стратегиясымен бағаланатынын ескерту.
1.-топ. Ертегіні мәнерлеп оқу. Кезектесіп оқу стратегиясы.
2.-топ. Ертегі мазмұнын рөлге бөліп әңгімелеу.
3.-топ. « Еңбекші құмырсқа » тақырыбына жазылмаған шығарманы оқу.
Слайд 31Қызығушылықты ояту.
1. Ертегілер еліне саяхат стратегиясы бойынша оқушылардың өздері салған
ертегілерін әңгімелеп қорғауы.
«Ой қозғау» сұрақ –жауаппен сабаққа ынталандыру.
Балалар ертегінің қандай
түрлерін білесіңдер ?
Қандай тақырыптағы ертегілер ұнайды ?
Ертегі оқу балаларға не үшін керек
Слайд 324. Мағынаны тану.
Ал балалар бүгін «Қарлығаштың
құйрығы неге айыр?» ертегісімен танысасыңдар. Бұл ертегі бойынша қойылған мультфильмді
көрген боларсыңдар. Олардың бірін қоюшы автор, қазақтың көрнекті компазиторы Н.Тілендиев.
Ал бүгін осы ертегіге салынған суретті фильмді көріп тыңдаңдар.
Ертегі көріністері бойынша суретті фильмді көрсете отырып ,өлеңді жатқа айтып түсіндіру
Слайд 34Ертегіні оқушылардың мәнерлеп оқуы.
5. Ой толғаныс.
1. «Салыстыру
стратегиясы» мультфильм мен суретті фильмді салыстыру.
2. Ойын
« Кім жылдам »
Парақшалардағы ретсіз орналасқан сандарды жылдам тауып оқу. Уақыт: 30 секунд, 40 секугд, 60 секунд.
3. Жылдам оқу минуты. Тақырыбы: Қарлығаштың қасиеті.
6. Қорытынды :
Көгершіндер мен қарлығаштар арқылы достарына ашық « Хат жазу » стратегиясы.
Қарлығаштар мен көгершіндер арқылы бір-біріне тілек айтуы. Бүгінгі сабақ туралы пікірлерін жазады.
Бағалау.
Оқушылардың фишкалары арқылы соңғы қорытынды бағаны қоюуы.
Үйге тапсырма.
Ертегіні суреттеп әңгімелеу.
Ертегінің басқа қойылымдарының авторларын білу