Слайд 2
Қарлығаш – адамның досы. Олар бірігіп жүріп ұя салады. Ұясын
адамның үйіне жақын жерге салады.Олар егіндегі, бау-бақшадағы құрт-құмырс-
қалармен,бунақденелілермен қоректенеді. Күзде
суық түскен соң, жылы жаққа ұшып кетеді де, көктемде туған жеріне қайта ұшып келеді.
Слайд 3
Тоқылдақ – орман дәрігері. Біздің елімізде бұл құстың 9 түрі
кездеседі. Тоқылдақ – орман құсы. Ормансыз және ағашсыз тоқылдақтың тіршілік
етуі мүмкін емес. Уақытының көбін ағаш үстінде өткізеді. Ағаш діңімен өрмелеп, шапшаң жүре алады. Бір тоқылдақ күніне 700-900 қабықжегісін немесе 50 зауза қоңызын жеп, орманға өте көп пайда келтіреді.
Слайд 4
Республикамыздың барлық аймағында басқа құстармен қатар сауысқан да тіршілік етеді.
Олар басқа құстардан жекеленіп,өздері топтасып жүреді. Сауысқандардың бір ерекшелігі-елді мекендерге
үйір. Әсіресе қысты күндері ауылдың маңайынан кетпейді. Ол өсімдіктердің тұқымын таратуға да қатысады. Сауысқан қорек талғамайды. Негізгі қорегі-бунақденелілер.
Слайд 5Көгершін
Адам үшін пайдалы, момын құстардың бірі-көгершіндер. Көптеген адамдар бос уақытында
көгершін өсірумен шұғылданады. Көгершін барлық елде тіршіліктің, бейбітшілік пен сүйіспеншіліктің
белгісіне айналған. Көгершіндер үй шатырына ұя салады. Оның ұябасары 1-2 жұмыртқа салып, еркегімен кезектесіп басады. Көгершіндерді қорғаңдар!
Слайд 6Торғай туған жерінде қыстап қалатын құс. Ол құрт – құмырсқалармен,
дәнді дақылдармен қоректенеді. Қыста торғайға жейтін азық аз болады. Сондықтан
оларға ұя жасап, жем шашып беріп тұру керек.
Слайд 7Бұлбұл
Бұлбұл бау-бақшадағы әнші құс. Ол сонымен бірге пайдалы құстардың бірі.
Егістіктің, бау-бақшаның,ағаштардың құрттарын теріп жейді.
Халқымыз әнші қыздарын бұлбұлға теңеген. Бұлбұлдың
сайраған үні қандай керемет!
Слайд 8
Көкек-жыл құсы. Ол өзіне ұя жасамайды. Басқа құстардың ұясына жұмыртқалап
кетеді. Көкектің балапаны жұмыртқадан бірінші жарып шығады да, бірден басқа
жұмыртқалардың бәрін ұядан шығарып тастайды. Құстар көкектің тастанды балапанын асырайды. Көкек ешбір құс жемейтін түкті жұлдызқұртпен қоректенеді.
Слайд 9Жапалақ
Жапалақ – жыртқыш құс. Ол өте саққұлақ және үлкен көздері
қараңғыда жақсы көреді.Жапалақ ұсақ сүтқоректілерді, құстарды, тышқанды ұстап жейді. Оның
бақырайып тұрған көзі жарықта көрмейді.
Слайд 10Бүркіт
Бүркіт-жыртқыш құс. Оның қанаты үлкен, көзі қырағы, тұмсығы өткір және
тырнағы тұтқыр болады. Дала бүркіті тышқан, құм қоянын,
құстарды аңдып, төбе
басында отырады. Жемтігін көзі шалса болды, көкке көтеріліп, құйылып түседі де, оны аяғымен бүріп алып жейді.Ұстаған аң-құсының етін жеу үшін бүркіттің мықты, орақ тұмсығы өте қажет.
Слайд 11Құстар туралы жұмбақтар
1.Қиянға қиын небір.
4. Ала шапан кигені,
Салатын ұяны. Сескенгіш болған соң,
Өткір көзі шегір, Қыпылықтап жүргені,
Бүргенін құртар тұяғы. (Бүркіт) Атын кім біледі? (Сауысқан)
2.Бір-ақ сөз біледі, 5. Орманда жоғары,
Өз аты онысы Ағашқа қонады.
Соны айтып жүреді, Тұмсығын балға етіп,
Және жоқ қонысы (Көкек) Тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ)
3. Жайнаған бақтың әншісі, 6. Құстардың ол төресі,
Тамсанған оған сан кісі. (Бұлбұл) Өзен-көлдің еркесі. (Аққу)