Слайд 42“Қазақтың ою-өрнектері қара өлең іспетті. ”
Ғалымдар ою өнері қазақ жерін
мекендеген көшпелі тайпалар арасында ежелгі заманда-ақ (б.з.б. 8-1ғ.) дамығанын анықтап
отыр. Әдетте көпшілік қауым ою-өрнектерді әртүрлі заттарды, сәулет ғимараттарын әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыш деп санайды. Сондықтан оның пәлсапалық мағынасына көп жағдайда терең бойлай бермейді. Біз осыған орай Қытай елінде тұратын белгілі этнограф, жазушы Нұрила Қызыханқызын әңгімеге тартқан едік. - Нұрила апай, ою-өрнектің дүниетанымдық рөлін сөз етпес бұрын осы екі сөздің мағынасын түсіндіріп берсеңіз? -Қазақтың ою және өрнек деген екі сөзінің арасында мағыналық жақындық да бар, айырма да бар. Әдетте ою деп негізінен белгілі бір заттан ойып алынған нәрселерді айтады. Ұғымда да солай. Ағаш ою, киіз ою деген сияқты іс-әрекеттер халықтың тұрмыс-cалтында көп қолданылған. Ал өрнектің мағынасы одан кең, шексіз деуге болады. Шығу тегі солай болғанмен қазақтың өнерінде ою әдеттегі бір нәрсенің натурал пішіні емес. Мұнда қазақтың жасампаздығы қияли ойлау дүниесі бар. Ол барынша абстрактыланған бейне. Онда романтикалық қиялдау қуаты жатыр. Оюда біздің ақыл-парасатымыз бен дүниетанымымыз көрініс тапқан. Мәселен, Голливуд фильмдері планеталар соғысы сияқты сырттағы өнерді қиялдаса, біздің ою табиғаттың нақты көрінісімен астасып жатыр. Оюда жасампаздық бар. Құтты қазақтың қара өлең ұйқасы іспетті. Ұйқастыра білсең болды. Оюды бастапқы кезде жекелеген адамдар туындатқанымен олар бірте-бірте халықтық сипат алған. Нақтылы қарасаң мұнда 5-6 түр бар. Бұл қисынды түсінген адам оның қандай стилдік түрленуден өткенін де айыра алады. Өйткені әр шебер өзінің стилін жаратады. Атап айтқанда серке мүйізді қарасақ ол серкенің натурал мүйізі емес. Ол жерде қиялдау қуаты жатыр.
Слайд 44 Қазақтың дәстүрлі қоңыр ою-өрнектер
ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚОҢЫР ОЮ – ӨРНЕКТЕРІ
Слайд 45Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа,
әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге
мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан. Қазақ халқы мол байлығымен республика жерінде ескіден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері және сол дәстүрді, салтты өркендетуші, ары қарай жаңғыртып, байытушы. ХІХ ғ. 2-ші жартысы мен ХХ ғ. басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері ең жоғарғы даму баспалдағына көтеріліп, өмірде өз орнын ала білді. Қазіргі таңда біздің пікірімізше, қазақ қолөнерін жан-жақты этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де маңызы өте зор. Қазақтың қолөнері жалпы қазақ мұраларының даму жолындағы, мәдениеттің ішіндегі негізгі бір саласы. Біздің пайымдауымша, бүгінгі күн талабы ұлттық мәдениетті зерттеу, танып білу. Ұлттық мәдениеттің бір саласы қолөнер, яғни ою-өрнек болғандықтан, қолөнер шеберлерінің дәстүрлі талабын да жан-жақты зерттеу болашақ жастардың ісі. Қолөнер – баға жетпес, өшпес мұра. Оны қорғай да, қолдай да білуіміз керек.Сонау алғашқы қауымдық құрылыс кезінде үңгірді мекендеген адамдар өздерінің тірлігін сурет арқылы баяндап, үңгір қабырғаларына қашап салған екен. Бұл туралы археологиялық деректер мен ғылыми еңбектерде көрсетілген. Одан бері келетін болсақ, б.д.д. V-ІІІ ғ.ғ. сақ дәуіріндегі Пазырық қорғандарынан табылған ою-өрнектер қазіргі біздің ою-өрнектерден айна қатесі жоқ дүниелер. Сондықтан біздің тегіміз тым әріде жатқандығын, тіпті ұлт болып қалыптаспай тұрғанның өзінде ою-өрнектің тілі қазіргі біздің ою-өрнектің тілімен бірдей болып тұрғандығы. Сондай-ақ Жетісудан, Шілікті жазығындағы обалардан табылған Алтын адамдардың бойындағы әшекейлер тым биік талғам, асқан шеберлікпен орындалуы, тіпті бүгінгі зергерлердің қолынан келе бермейтіндей.Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Ұлттық ою-өрнек өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-орнектерден (Айша-бибі, Ахмет Яссауи кесенесі) айқын көрінеді. Қоңыр ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде, кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіре түсті.Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы . Сондықтан, ою-өрнек деп қосарланып айтылады. Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнердің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – ою-өрнек. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді.. Жалпы қазақ халқы ою-өрнекті қадір тұтқан Зергерлік – өте ертеден келе жатырған өнер саласы. Әсіресе, оған қазақ халқы көп көңіл аударады. Әртүрлі сәнді бұйымдар асыл тастардан жасалған қымбат заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады.барлық оюлардың бастапқы элементінің негізі — «мүйіз» тектес ою-өрнек болып саналады. Қазақ халқының түрмысында жиі қолданылатын: өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, киіз үйлерді, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме алаша, қоржын, ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған. Ғалымдардың пайымдауынша қазақ ұлттық ою-өрнектерінің, әзірше 230-дай түрі ғана анықталған. Біз солардың ішіндегі халық арасында ең көп тараған «мүйіз» тектес ою-өрнек.
Слайд 46«Мүйіз» оюы қазақ халқының ою-өрнегінің төркіні деуге болады, өйткені барлық
жаңа элементтер соның негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған.
Мысалы: «қошқармүйіз», «арқармүйіз», «бүғымүйіз», «қырықмүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «төртқұлақ», «түйетабан», «сыңарөкше», «қосалқа», «қүсқанаты», «қаз-табан». Колөнер шеберлері осы элементтердің сан түрлі композициясын жасап, бүйымдарға ұтымды пайдаланып келеді.
Слайд 47Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру, аңшылықты жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті
өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін тұспалдайды, бірақ қолөнер саласындағы
қай бұйымды алсақ та, сол заттың бетінде түрлі нүсқада бейнеленген «мүйіз» элементін байқаймыз. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, әртүрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны «мүйіз» тектес ою-өрнектер.
Слайд 48Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып
келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты
нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.
Слайд 49Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке
екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, қүлпырған әдемі де мазмұнды
композиция жасайды. «Мүйіз» тектес ою-өрнектердің негізі қойдың, арқардың, ешкінің, сиырдың, бұланның, бұғының, қодастың, еліктің мүйіздерін түспалдаудан пайда болған.
Слайд 50Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне өз дәуіріндегі заман ағымына қарай
лайықтап пайдаланып келеді.
Слайд 51Қошқармүйіз оюы неше түрі формалаға еніп, қазақ бұйымдарының көбінде кездеседі.
Әсіресе киіз үй жасауларының барлық түріне де салып тоқуға болады.
Мәселен, текеметтің ортасына “қошқармүйіз” шет-шетіне “тұмар”, “шаршы” немесе “су” оюлары салынады. Мұнысы туған жер төсін толтырған отар-отар қой болсын деген халықтың арман – тілегі, Омыртқа – мал шаруашылығымен тығыз байланысты туған, малдың дене мүшесіне қатысты өрнек. Бұл ою қайраттылықтың, ерліктің белгісі. Ер адамның, батырдың киімінің, кейде құрлардың шетіне салынады. Мұндай оюлардың формасы қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз тәрізденіп келеді де, кейде осы мүйіздің қолтығында қойдың құлағын долбарлаған шолақ мүйіз тәрізді тағы екі буын тұрады. Байқап қарағанда бұдан қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
Слайд 52«Мүйіз» — қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі
мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз»ою-өрнек кейде ұсақ кейде ірі болып келеді.
Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «өркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді. «Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши) мен түрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, ожау, жүкаяқ, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, садак), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.
Слайд 53«Қосмүйіз» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және
кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй
жиһаздары мен түрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бүғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, камзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.
Слайд 54«Тоғызтөбе» ою-өрнегі ең көне оюлардың бірі болып саналады. Бұл өрнек
қимақтар мен қарлұқтардың қолөнерінде сақталған және кезінде «тоғыз-төбе» ою-өрнегі Айша-бибі
күмбезінің кірпіштерін өрнектеу үшін қолданған. Ал қазіргі кезде қазақ, қырғыз, түрікмен, қарақалпақ қолөнерінде кездеседі.
Слайд 55«Арқармүйіз» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл
элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан
көбірек болып келеді. (Кілем, тұскиіз, сырмақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).
Слайд 56«Сыңармүйіз» «қосмүйіз», «қошқармүйіз» деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңарын
ғана бейнелейтін өрнек түрі. Шебер орналастырылған «сыңармүйіз» өрнек композициясында дараланып
тұрмай, жымдасып келеді, үй-жиһаздары мен тұрмыстық заттарға, сондай-ақ киім-кешек, қару-жарақ т.б. бетіне салынатын ою-өрнектің бәрінде кездеседі және текемет, сырмақты әшекейлейтін, жиегіне жүргізілетін өрнектің бір түрі.
Слайд 57«Қошқармүйіз» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз
бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлайтын тағы бір
шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі аңғарылады.
Слайд 58Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың
барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен
ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.
Слайд 59«Қырықмүйіз» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп мүйізден құралған ою-өрнектің
бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төрт-бүрыш ішінде бейнеленеді, кейде
бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).
Слайд 60«Сынықмүйіз« морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай
иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әртүрлі
қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне үқсайды.
Слайд 61«Төртқұлақ» ою-өрнегінің төрт тармағы зооморфты немесе көгеніс оюларынан құралған, ортасы
крест бейнесін жасайды. Төрт тармақтан дөңгелек, «төртбұрыш», «төртжапырақ» құрайтын ою-өрнектер
жасалады. Бұл оюлар, кебеже, жүк-аяқ, аяққап, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына, дөдегенің ортасына немесе шет бүрыштарына салынады.
Слайд 62«Үшқұлақ», «Үшжапырақ» ою-өрнектері барлық қолөнерге тән үш мүйізді, үш жапырақты,
үш тармақты болып бейнеленеді. Х-Х1 ғасырда Тараз қаласындағы моншаның қабырғалары
үш жапырақты ою-өрнекпен бейнеленген.
Слайд 63«Түйемойын« ою-өрнегі түйенің мойнына ұқсап иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз
оюы. Мұндай өрнек мәнері көбінесе күрделі бір мүйіз оюларымен түтас
келеді де,»түйемойын» өрнегі сол топта өз алдына оқшауланып өзге денелерден озып тұратын түйенің ұзын мойнына ұқсайды.
Слайд 64«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, түскиіздерге салынатын
ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның
қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.
Слайд 65«Айыр» ою-өрнегі «ашатұяқ», «айыртұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те
аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.
Слайд 66«Ботакөз» ою-өрнегі әшекейлі композицияның ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп,
шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген
ромбқа үқсайтын геометриялық ою-өрнек. Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.
Слайд 67«Каңқа» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың құрап қалған сүйегін тұспалдайды.
Алаша, басқұр бау т.б. тоқыма бұйымдар негізінде өрнек ретінде салынды.
Слайд 68«Қаpma» ою-өрнегі төрттүлік малдың дене мүшелеріне еліктеуден шыққан, және сол
мүшелердің атымен аталып кеткен. Бұл өрнек түрі ағаш оюда, зергерлік
бұйымдарда, кесте тігуде кездеседі. «Қарта» өрнегі жүрекке ұқсаңқырап келеді.
Слайд 69«Қабырға» бұл өрнекте қарама-қайшы түстер қатар алынады. Ақ немесе сары
фонда қара өрнек жүргізіледі. Бұл өрнек ағаш бетіне бедер түсіруде,
кесте тігуде кездеседі және басқұрға да осы өрнектер жиі бейнеленеді.
Слайд 70«Омыртқа» ою-өрнегін кестелерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан
жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, ол әртүрлі
үйлесімде түрленіп ою композициясының ортасына және жиегінде қолданады.
Слайд 71«Қайнар» ою-өрнегі малды өлкеде өмірге келген, оюдың түстері салкын түстер
гаммасынан кұралады. Бүл ою-өрнек жайылымдар мен суаттардан тапшылық көрген елде
пайда болған өрнек мал таңбасына ұқсайды немесе судың бір тамшысынан тұспалдайды.
Слайд 72Қорта айтқанда ою-өрнек – дәлдік, есеп, теңдік, теңеу, үйлесім, жарасым,
сәндік, көркемдік, сәйкестік, тазалық, нәзіктік, сүйкімділік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық,
ақылдылық, зеректік, шуақты шақ, арайлы кезең, жарқын әлем, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, шабыт береді, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды. Өнерге деген махаббат, сұлулыққа деген ғашықтық, құштарлық жинағы ою ойған адамның жүрегі жылы, жаны нәзік болады.
Слайд 73«Қошқармүйіз» ою-өрнегі – байлық пен молшылықтың нышаны. Қошқармүйіз онымен қатар
әр заттың көлемі, сәнділік пайдалану деңгейіне қарай әр алуан жапырақ
тектес бітпес оюлар салынады. Бұл өрнектер «иірім», «шиыршық», «түйетабан», «құсмұрын» т.б.аттармен аталған.
Слайд 74
Ою-өрнек түрлері: Қазақтың ою-өрнектері төрт түрге бөлінеді: өсімдік тектес, жануарлар,
геометриялық формадаа, космогендік (астрологиялық).Бұлардың әрқайсысының өзінің белгілі бір мағынасы бар.
Мүйіз – қазақ оюының негізі және ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою-өрнегі кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында пайдаланылады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. «Гүл» ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.
Қошқармүйіз, ашатұяқ
«Қошқармүйіз» - ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қойдың құлағын долбарлаытын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады. Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада, кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрінде кездеседі. «Ашатұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айырға ұқсас кледі.
«Өркеш» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент.
Слайд 76Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында Орта Азия мен оған жапсарлас жатқан
аумақта итті жерлеу, итпен бірге жерлеу ғұрпы таралған. Хорезмдегі Жыңғылды
қабірханасында ит басы, үйсін дәуіріндегі Шу бойындағы Қарғай бұлақтағы көмілген ит, Тоққала некрополіндегі оссуарийге салынған ит сүйектері қатарлы сан ондаған қазба деректері иттің бағзыда Орталық Азия өңірінде үлкен культке ие болғандығын көрсетеді. Мұндай көне ғұрып Днепр бойы мен Қырымға дейін таралғандығы бел- гілі болып отыр (Литвинский|Б.А.Литвинский]]). Ит ат тәрізді өліктің жанын қияметке дейін жеткізетін жәрдемші деп санаған. Айталық, тек Өзбекстан жерінде мезолиттен орта ғасырға дейінгі аралықтағы қырық археологиялық ескерткіштен екі мыңға жуық ит сүйегі табылған. Қола дәуіріндегі иттердің кемінде екі түрі орташадан жоғары бітімді болғандығы анықталып отыр және уақыт өте қеле ірілене түскен. Олар мал күзетуге және аңшылықта, культте, әскери істе және сәнге арналған түрлері антикалық дәуірде де пайда болғанға ұқсайды (А.Р.Батирова).
Слайд 77Итке қатысты көне дерек Авестада аса молынан ұшырасады және ол
кездегі адамдар ең қасиетті деп санаған хайуандарды итке теңеген. Айталық,
құндызды "су иті", кірпіні "тікенекті ит" деп атаған. Адамның сенімді серігі, қорғаушысы, күзетшісі, адал қызметшісіне айналған иттің қасиетті хайуанға телінуіне байланысты, ежелгі адамның санасында ол жайында неше түрлі наным-сенім, ырым-тыйымдар жүйесі қалыптасқан. Әлемнің көптеген халықтарының сенім-нанымында ит о дүниемен байланыста қаралады, сондай-ақ өлімнің "хабар- шысына" баланған. Көп жұрттардың мифтерінде ит өлім мен өмірдің шекарасы, екі дүние аралығы, жан мен тән дәнекері деген сенім бар (Литвинский Б.А.).
Слайд 78Қазақстанның ежелгі тұрғындары үй салғанда итті бауыздап, құрбандыққа шалып, табалдырыққа
көмгендігі жөнінде археологиялық мәлімет бар. Бұл дерек Ақмешіттің салынуы туралы
қазақ аңызымен төркіндес, яғни оның қабырғасына иттің қаланғандығы жайында әңгімеленеді. Қазақтар төрткөз, оржағал иттер туралы түсінігі үнділердің (веда) өлім патшасы Яманың иті деген сенімімен үндес. Зороастрлық тардық сенімінде ит пәле-жаладан, жын-періден қорғайды деген...
Слайд 79Әлемде иттің 400-ден астам түрі бір-біріыен дене бітімі, үлкен-кішілігі, жүн
түктері, түсі, әрекеті, жаратылысы жағынан ажыратылады. Дегенмен оларды негізінен тұқымы
мен тегіне қарай алты түрге топтастырады:
Слайд 80және кейінгі кезде пайда болған сенбернар мен Еуропа догтары, ағылшын
мастифтері жатады.
Слайд 81Мұндағы пойнтер, сеттер тұқымдастарын иісшіл ақшы иттер (орысша легавая) тобына
жатқызады және олар шынымен-ақ ауадан иіс қармап, оны тез сезетін
иісшілдігі ғаламат дамыған. Ал басқа ит тұқымдары көп: олардың бір тобы ізшіл аңшы иттер (орысша гончие); келесісі - аяқтары быртық аңшы иттер (орысша ищейки); інге кіретін иттер.
Слайд 82Олар да аса күрделі, әрі аңшылыққа деген шартты рефлексі үйрету
барысында жедел қабылдайтын ерекшелігі бар. Далалы өңірдің тазысы орман-тоғайлы жердің
лайка, аңшылық итінен өзгеше болады. Аңды аса үлкен жылдамдықпен қуады. Күніне жүздеген шақырымға талмай жүгіреді. Және аңның ізін аса сезімталдықпен тіміскілеп табады. Олардың арасында аңның ініне кіретін шәкене денелілері, қасқыр алатын аламан зор тазылар да кездеседі.
Слайд 83Ит башайларын (башпай) жерге тіреп жүретін хайуандар қатарында. Алдыңғы аяғында
бес саусақ, артқысында төрт саусақтың ізі түседі. Тұяқтары өткір емес,
мұқыл келеді, доғалданып сәл ғана ішке қарай бүгілген. Үлкен бармағы шомбал және нашар тиеді.
Слайд 84Иттерді сезімталдығы мен тіл алғыштығы, үйрету мен жуасытуға қолайлылығы оларды
кәдеге жаратуда ескеріледі. Иттің 2 миллиондай иісті ажырата алатын теңдессіз
иіс сезгіш қасиеті бар. Салмағы мен биіктігі әрқалай: ірілері (сенбернар) 70 кг, шоқтығынвщ биіктігі бір метр, ергежейлілері 600 гр, 20 см ғана келген (той террьер). Жүн жабындысы да әрқалай: сүйық, тақыр жүнді тазылар, тазғыр, майда жүнділер, сабалақ жүнді, бұйра жүнділер.
] Аңшы иттерi
] Итті таңдап алу және оны күтіп-бағу
[өңдеу] Итке қажетті күтім