Слайд 2Сабақтың тақырыбы
Үй жануарлары
Слайд 3Мақсаттары
Үй жануарлары және олардың адамға пайдасы туралы түсінік беру.
Үй жануарлары
туралы мағлұмат беру.
Танымдылық процестерін дамыту.
Балалардың ұсақ моторикасын және сенсорлық қабылдауын
дамыту.
Үй жануарларға деген сүйіспеншілігін, қамқорлығын арттыру.
Слайд 4Үй жануарлары (М.Дулатов)
“Жылқы, түйе, сиыр,қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның
үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады.Үй
жануарлары адамға көп пайда келтіреді. Жылқыға мінеді, оны арбаға, шанаға шегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қыста күні соғымға сояды, терісін сатып ақша қылады. Сиыр мен қой адамдарды етімен, сүтімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді.Осылардың бәрі тегін қызмет етпейді. Олардың қызмет үшін адам асырайды, бағады, қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры, бөріден сақтау үшін бақташы қояды”.
Слайд 5Жаңа сөздермен жұмыс
Жылқы- лошадь
Түйе-верблюд
Сиыр-корова
Қой-баран
Ешкі-коза
Ит- собака
Мысық-кошка
Тауық- курица
Бақташы-пастух
Сүтімен-
молоком
маңайында тіршілік етеді- живет в окрестности, рядом
үй жануарлары-домашние животные
пайда келтіреді-приносит
пользу.
мінеді- садится,
арбаға-повозка,
шанаға шегеді- запрягают на сани,
Слайд 6Жаңа сөздермен жұмыс
сүтінен қымыз ашытады- из молока приготавливать
кумыс,
заквашивать
Семіздерін соғымға сояды- убой жирного скота на
зиму
Терісін- шкуру
Етімен- мясом
Слайд 7Тапсырма
1.Мәтіннен жануарлар атауларын тізіп жаз.
2.Етістіктер мен зат есімдерді тауып, дәптерлеріңе
жазыңдар.
3. “Жылқы”, “Адам” сөздерін дәптерлеріңе тәуелдеп жазыңдар.
Слайд 8Жылқы деген жануар!
Жылқы- ірі, еті өте дәмді жануар, жеті қазынаның
бірі, киелі мал. Ол – кеуделі, күшті жануар. Жылқы өзін
күткен адамға тез үйренеді, оны таниды. Дүние жүзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар. Жылқы етінен жал, жая, қазы, қарта, шұжық әзірленеді. Қымыз-биенін сүті өте шипалы сусын.
Слайд 11ТҮЙЕ-малдың қасқасы!
ТҮЙЕ-төрт түліктің ішінде ең ірісі және ауыр салмақты жануарлардың
бірі.Түйе күй талғамайды, басқа жануарлар жей алмайтын тікенекті, қатты өсімдіктермен
қоректенеді, арқасына май жинайды, оны “өркеш” деп атайды. Шұбат-түйе сүті, өте шипалы сусын. Түйенің еті, жүні, шұбаты адамға қөп пайда әкеледі.
Слайд 12Шұбат (Е.Елубай)
Ішіп көрген шұбатты
Денсаулыққа пайдалы
“Зәм-зәм” суы сияқты
Дәмін бірден ұнатты
Слайд 13Сиыр
Сиыр-кеуделі, айыр тұяқты, адам баласы алғаш рет қолға үйрете бастаған
жануарлардың бірі.Сиырдың еті мен сүтінен өзге оның терісі де жақсы
бағаланады.Былғарысынан неше түрлі бұйымдар жасалып, киімдер тігіледі. Сиырдың сүтінен шалап, айран, қатық, құрт, қаймақ, ірімшік жасайды.
Слайд 14Малды бақсаң, сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан.
(Қ.Қайым)
Ырыс көзі-сиырмын,
Байлығымын бір үйдің
Етім – дәмді, күшім бар,
Сырымды менің ұғып ал:
Қажет болса сүт қаймақ,
Балауса шөп бер, сиыр бақ.
Салбыраған әукесі,
Мұнда жердің еркесі.
Зеңгі баба баласы,
Сиыр деген – мен болам.
Слайд 15Біз сиырды сауамыз.Ол бізге сүт береді.
Слайд 16Оның сүтінен неше түрлі тағамдар жасаймыз: ірімшік, айран, май, қаймақ
Слайд 17Қой
Қой – үй жануарларының бірі. Қой еті дәмді. Қой сүтінен
май алынады, ірімшік, құрт жасалынады. Қой терісін илеп, өңдеп жылы
сырт киім, тон, ішкі аяқ киім де тігеді. Алайда үй қойы беретін өнімнің ең құндысы – олардың жүні. Одан пима басып, кілем, киім, мата тоқиды.
Слайд 18Қойдың терісі мен жүнінен мына заттар жасалады:
Слайд 19ЕШКІ
ЕШКІ - өте тынымсыз, үй жануары. Ешкілердің терісі қалың, одан
жоғары сапалы былғары дайындайды.
Слайд 20Ешкі терісінен мына заттар жасалады:
Слайд 21ШОШҚА
ШОШҚАНЫ адамдар иттен кейін қолға үйреткен. Шошқанын денесі мен мойыны
тұтаса біткен, үсті қылшықты, аяқтары қысқа, айыр тұяқты. Шошқа тамақ
талғамайды, тез семіреді.
Слайд 23
Есек- үй жануары. Адамдар оны көлік ретінде, отын жүк тасуға
пайдаланады. Оның етін жемейді.
Слайд 24ИТ - Үй жануары
Ит-қолға ең бірінші үйретілген жануар. Ол –
адамның сенімді досы. Үнемі адамға қызмет етіп, үйін, малын, қорасын
күзетеді. Иттің сезім мүшелері жақсы жетілген. Қазіргі кезде иттердің әр түрлі тұқымдары шығарылған.
Слайд 25МЫСЫҚ - үй жануары
Мысық бірнеше мың жыл қолға үйретілген. Қазыр
де оны тышқаннан қорғану үшін ұстайды. Тұмсығындағы қылшық мұрты арқылы
иісті сезеді. Мысық - өте таза жануар. Қазіргі кезде мысықтардың көп түрі бар.