ретімен шешуді, киімдердің атын атай білуге үйрету. Қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді
меңгерту. Еңбекқорлыққа, тазалыққа баулу. . Балаларды таза жүруге үйрету. Көрнекіліктер: шомылдыруға арналған заттар: су, сабын, сүлгі. Сабақтын барысы:Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды. -Балалар біздін бүгінгі сабағымызға көптеген конақтар келді,олармен сәлемдесіп алайық.
« Қайырлы таң !»
Қайырлы таң ,қолдарым, сендер ояндындар ма? (колдарын сипалайды)
Қайырлы таң , аяқтарым, сендер ояндындар ма ( аяқтарын сипалайды)
Қайырлы таң , көздерім, сендер ояндындар ма? (көздерін сипалайды)
Қайырлы таң , күн,сен ояндын ба? (қолдарың жоғары көтереді)
Қайырлы таң , достарым сендер ояндындар ма?(достарымен сәлемдеседі)
Мен ояндым! (өзін көрсетеді)
Баршанызңа бір сәлем!
Жыл мезгілі туралы әнгімелеу.
- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? - Көктем мезгілінде қанша ай бар?
- Көктем келгенде далада қандай өзгерістер болады?
(Құстар жылы жақтан ұшып келеді,күн жылынады,талдар бүршік атып,гүлдейді)
Тазалық туралы сөйлеседі. - Балалар, сендер таза жүргенді ұнатасыңдар ғой. Әр уақытта таза, ұқыпты жүретін балалардың достары нелер, білесіңдер ме? -Таңертең жуынасыңдар ма? Немен жуынасыңдар? -Сосын немен сүртінесіңдер? -Тістеріңді жуасыңдар ма? -Шаштарыңды тарап, айнаға қарайсыңдар ма? -Таза болғыларың келеді ме? -Дұрыс, таза болуымыз, тазалықты сүюіміз керек. Таза жүрсек ауырмаймыз
Жұмбақ жасыру:(Суретпен жұмыс).
Әр баланың алдында гигиеналық заттардың суреттері қойылады. Сабын, су, сүлгі, айна, тарақ.
- Балалар, мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын.Жұмбақтың жауабы сендердің алдындағы суреттерде бар.Сол суретке қарап жұмбақтың жауабын табасындар.Дұрыс табылған суретті тақтаға ілеміз.
Жұмбақ:
-Дымқылдап күнде сен Қолыңа сүйкесең, Кетіп кір ласың Тап-таза боласың. Бұл не? (сабын) -Шомылған баланы Аймалап алады, Сүртеді қолын да, Сүртеді жонын да. Бұл не? (сүлгі)