Слайд 1Тайқара жасмин
2 “Б” сынып оқушысы
Кдралиева Динара Сынып жетекші
Слайд 3Зерттеу жұмысының өзектілігі
Қазіргі таңда қоғамды дамыту үшін орта мектептің алдында
тұрған негізгі міндеттердің бірі- оқушының шығармашылығын, қабілетін барынша ашып,
қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Бүгінде біздер күнделікті тіршілігімізде электротехниканың сан алуан түрлерімен сәт сайын бетпе-бет келіп, тұрмысымызды оларсыз елестете де алмаймыз. Бүгінгі таңда адам баласы техника саласында таңқаларлық жетістіктерге қол жеткізіп жатыр. Компьютерге, ұялы телефонға шектен тыс үйір болу жас жеткіншектерге келе-келе түрлі науқастар жамайтынын айтады. Осындай электромагниттік сәуле шығаратын көздің бірі - ұялы телефон.
Слайд 4
Жұмыстың мақсаты: Ұялы телефонның пайдасы мен зиянды жақтарын зерттей келе
оқушылардың пайдалануға рұқсат етілуіне ұсыныс білдіру.
Міндеттері:
Ұялы телефонның түрлері, қолданылуын
білу;
Ұялы телефонның адам өміріндегі маңызын зерттеу;
Ұялы телефонның адам өміріндегі зиянын зерттеу;
Ұялы телефонды оқушының пайдалану жайлы ұсыныс беру.
Кезеңдері мен зерттеудің реті: Ғылыми жобаның бөлімдері мен тараулары жоғары деңгейде дайындадым.Кіріспеде тақырыптың өзектілігі мен жобаның мақсаты,міндеті,қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсеттім.Бірінші бөлімде осы тақырыпқа байланысты,яғни ұялы телефонның шығу тарихы туралы көрсетіледі. Ал екінші бөлімде оның адам өміріндегі пайдасы мен зияны туралы мәліметтер келтіріледі. Қорытындыда жобаның ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөніндегі ұсыныстар қамтылған.
Зерттеудің жаңалығы: Біздер телефонның пайдасы көп екенін білеміз. Алысты жақындатып, тума – туыспен хабарласып амандығын біліп отырамыз. Керекті мәліметті де ұялы телефон арқылы анықтай білеміз. Ғылыми жұмыс – маған көп көмегін тигізді. Өйткені, әр түрлі кітаптар, газет – журналдар оқыдым. Ұялы телефон жайлы қызықты мәліметтер жинадым. Керек мәліметтерді таңдап, қорытынды жасадым.
Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізер зиянын біле тұра, күнделікті өмірде қауіпсіз қолдану.
Слайд 51875 жылдың 2 маусымында Бостон университетінің Шешендік өнер мектебінің профессоры
Грехем Белл ең алғаш рет байланыстырушы сымдардың көмегімен өз көмекшісінің
даусын естиді. Өнертапқыш шотландтықтың бұл жаңалығы тарих бетінде телефон деген атпен қалды. Бір қызығы, өнертапқыштың есімі ағылшын тілінен аударғанда, «қоңырау»
деген мағына береді.
Слайд 61973 жылы Motorola компаниясы ең алғашқы ұялы телефон шығарды.1973
жылдың 3 сәуірінде Motorola компаниясының әріптесі Мартин Купер өзінің бәсекелесіне
қоңырау шалады. Бұл ұялы телефонмен жасалған алғашқы нағыз байланыстың ең алғашқысы болатын. Телефонсыз өмір сүре алмайтын жағдайға жеткеніміз өтірік емес.Ұялы телефонның пайдасы да бар, зияны да бар. Бірақ пайдалы жағы басымырақ.
Слайд 7Телефонның түрлері.
Қазіргі қолданыстағы телефон түрлерінің бұрынғыға қарағанда қызмет көрсету
жүйелері өте көп.Телефонның сенсорлық, кнопкалы түрлері болады. Сонымен қатар олар
шығарған фирмасына қарай аталуы да әртүрлі болады. Мысалы: Samsung, Nokia, Motorola деген сияқты тағы басқалар. Олардың әрқайсысының қызмет көрсету жүйелері де әртүрлі.
Слайд 9Ұялы телефон-сымсыз байланыстың ең озық та, қолжетімді түрі. Қазыр ұялы
телефон екінің бірінде кездеседі. Тіпті мектеп табалдырығын енді аттаған жас
жеткіншектердің өзі бұл телефонның соңғы үлгідегі бағалысын ұстайды.Шынымен қазір осы бір кішкентай заттың көмегінсіз ешнәрсе шеше алмайсыз.Ең кішісі,ұялы телефон біреумен кезігерде оңай тауып алуға,бір нәрсе жайында сұрай салуға,алыстағы ағайынның жағдайын біліп тұруға таптырмайтын құрал. Кішкентайлардың көпшілігіне ұялы телефон тек ойын ойнауға,әуен тыңдауға, бейнеклип көруге, ғаламторға кіруге т.б керек.Ал көп ата-ана баласының қай жерлерде жүргенін біліп отыру үшін телефон алып береді.Бұл да бір жағынан дұрыс нәрсе.
Слайд 10Адамдар телефонмен тек сөйлесіп қана қоймайды, ондағы күнтізбесін, оятқышын (будильник)
еске салғышын (заметка),
сағатын, есептеуішін, қалаған өлеңді жазып алу,тыңдау, және
т.б. пайдаланады.Айта берсең алақандай ғана телефонның мүмкіндіктері көп.
Слайд 11Интернет.
Қазіргі уақытта 20-дан аса ауқымды желілер бар,бірақ солардың ең
таңдаулысы-ИНТЕРНЕТ желісі. Интернет арқылы көптеген ақпараттарды ала аламыз
Хабарлама.
Бұрын телефонның
хабарламасы болмай тұрып,ақ қағазға қара қаламмен өз сезімін немесе жағдайын жазып жеткізген болатын. Ал қазір телефоныңды аласың,жазатыныңды жазасың да тиісті мекен жайға жібере саласың.Бес минуттан кейін жазғаныңа жауабыңда келеді.
Слайд 12Ұялы телофондардың кемшілігі Ең бастысы адам денсаулығына зиян болып келеді
де, көптеген аурулар пайда болаы. Осымен қатар, сіз ұялы телофондарға
тәуелдісіз.
Ұялы телефонның зияны
Слайд 1324 сағат болса, олар соның 12-13 сағатын осы қалтафонмен өткізеді.Мектеп
оқушыларының біразы дерлік оны сабақ үстінде пайдаланады:музыка тыңдайды,клип көреді,кейде сондағы
әуенге елітіп,ұйқылы-ояу,маужырап отырады.Ал сергек отырғандарының өзі бір-біріне «хат» жазып, сабаққа тіпті де көңіл бөлмейді.Бұл тірлік өкінішке орай,үйге келген соң да қайталанады.Демек,оқушының білімі төмендейді.
Слайд 14Басыңызды абайлаңыз!
Иммунитет пен көз жанарына да зияны бар
Балаларға бермеңіз!
Ұйқысыздыққтың себебі
Мобильді
найзағай!
Слайд 15Қалай сақтануға болады?
1) Көшеде сөйлесу керек.
2) Телефон тұтқасын құлақтан кем
дегенде 1 сантимерт алыс ұстаған жөн.
3) Ұялы телефонға құлақшын жалғап,
сол арқылы сөйлесіңіз;
4) Телефон тұтқасын астыңғы жағынан ұстағане жөн;
5) Телефонды тігінен ұстау керек;
6) Телефондағы дыбыстық сигналды тыңдамаңыз;
Слайд 16
Сауалнама сұрақтары
Ұялы телефоннан шығатын сәулелер адам денсаулығына зиянды деп
ойлайсыз ба? а/ Иә. ә/ Жоқ. б/ Білмеймін
Сіз ұялы
телефон таңдағанда төмендегі көрсетілген қасиеттердің қайсысы маңызды деп есептейсіз? а/ Құны ә/ Төзімділігі б/ Қызмет түрлері. в/ Өндіруші танымалдығы.
Ұялы телефонмен хабарласудың қай түрін жиі пайдаланасыз? а/ Сөйлесуді ә/ SMS арқылы байланысуды
Ұялы телефонмен орта есеппен (1 хабарласуға) қанша уақыт сөйлесесіз? а/ 10-45 сек ә/ 5-10 минут б/ 15 минуттан артық
Үйде болсаңыз қай телефонды қолдануға тырысасыз? а/ Үй телефонын ә/ Ұялы телефонды сауалнама
Слайд 20Осындай мәліметтерді жинай отырып, мындай болжам жасадым: Ұялы телефон адам
ағзасына зиян. Бірақ, адамдар ұялы телефонның пайдалану ережелерін сақтаса, оның
адам ағзасына әсер ететін зияны төмен болуы мүмкін деген болжамға келдім. Ұялы телефонды мектеп ішінде қолдану ережесі бар екенінде ұмытпайық. Әсіресе жоғары сынып оқушылары көп қолданады. Бізге апайымыз ережелерді үнемі еске салып, ата – аналарымға ескертіп тұрады. Осы ережелерді ұстансақ, денсаулығымызға да, сабағымызға да кедергі болмайды деп ойлаймын.
Қорытынды