Слайд 1«№ 133 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
Ашық
сабақ
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік.
Сынып жетекшісі:АксееваН.Б
Алматы-2016ж
Слайд 3Мақсаты:
Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық құндылықтары» туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Жақсылық
жасаудың адами қарым-қатынастары мәнділігін түсіндіру.
Жақсы істер жасай білу іскерліктерін
дамыту. Қайырымды, қамқор болуға тәрбиелеу
Көрнекі құралдар:
Үстаспа, тамшы үлгісіндегі қиылған қағаздар, дария үлгісіндегі плакат, оқулық, дәптер, жақсылық ағашының суреті, жүрекшелер, интерактивті тақта, компьютер.
Слайд 4Жақсы болу - өзіңнен,
Жаман болу - өзіңнен,
Өзіңді өзің ая
да,
Өзің үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
"Мен қандаймын?" деп ойла
Өзіңді өзің қолыңа
ал,
Өзіңсің – ақыл айнасы.
Тиеді саған мәні бар
“Өзіңді тану” пайдасы
Шаттық шеңбері
Слайд 5
«Жақсы болу -өзіңнен, Жаман болу-өзіңнен» деген өлең жолдары туралы қандай
пікір айта аласыңдар?
Ақынның «жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын? деп ойла»
деген сөзіне көзқарастарың қандай?
Талдау сұрақтары:
Слайд 6Топқа бөлу:
2-топ.Мейірімділік
1-топ .Қамқорлық
3-топ.Кішіпейілдік
Слайд 7әңгімелесу
· Балалар, жақсылық деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
· Жақсылық жасау деген не?
· Жақсы
адамның бойында қандай қасиеттер болады?
· Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?
· Өздеріңнің
жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?
Слайд 8-Жақсылық жасау дегеніміз өздерің айтқандай адамдарға, айналаға, табиғатқа, қайырымдылық пен
қамқорлық жасауды, көмек көрсетуді білдіреді. Адамдардың бір-біріне жиі жақсылық жасауы
оларды жақындастырады, достастырады. Олардың бір-біріне деген сыйластығы артады. Жақсылық жасау-адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау - биік адамгершіліктің белгісі.
Слайд 9Мәтінмен жұмыс
«Жақсылық пен жамандық» ертегісімен таныстыру.
Слайд 10Әңгіме мазмұны бойынша балалардың пікірлерін білу
мақсатында сұрақтар қойылады:
Неліктен адам
Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар?
«Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең
жақсы боласың» деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?
Слайд 11- Жақсылық жасау үшін адам бойында адамшылық, жанашырлық, мейірімділік сезімдері мен
жылы жүрегі болуы керек. Сонда ол жаман әдеттен жиреніп, жақсы
әдетке үйренеді. Қолынан келгенше ешкімді де, ешнәрсені де бөліп жармай, бәріне бірдей жақсылық жасауға ұмтылады. Біз де сондай болуға тиіспіз. Әлемдегі барлық адамдар тек қана жақсылық туралы ойлап, жақсылық жасауға ұмтылатын болса, онда әлемде тыныштық, ынтымақ орнайды, адамдар бақытты өмір сүреді.
Слайд 12Тыныштық сәті. Нұрға бөлену
Аққу коям
Тыныштық сәті
Нұрға бөлену
Слайд 13 Тапсырма
Ертегілерді өз
ойларыңмен жалғастырып айтыңдар.
1-топ. Қарлығаш пен дәуіт.
3-топ. Мақалдың жалғасын тап.
2-топ. Аю
мен тышқан.
Қарлығаш пен дәуіт
Бір қарлығаш ұя салып,
балапандарын асырап жүреді. Бір күні жауыз жылан балапандарды жегісі келіп, ұя салынған ағашқа өрмелеп шыға бастайды. Қарлығаш жыланды көріп, қатты қорқып, қорғап қалатын арашашы іздейді. ...
Слайд 152-топ. Аю мен тышқан
Бір тышқан
аңдаусызда аюдың апанына тап болып қалады. Одан адасып жүріп, аюдың
құлағына кіріп кетеді.
Аю шошып оянып, құлағын баса қояды.
- Менің құлағым-сенің інің деп пе едің?-деп ақырады. Өзіңіді жақсылап сабайын ба?
- Сабамашы. Мен де бір керегіңе жарармын.
- Бармақтай болып, не керегіме жарармын дерсің,- деп күледі аю. Дегенмен босатып жібереді.
Слайд 163-топ. Мақалдың жалғасын тап
Жақсылық зая
кетпейді
1. Жақсы сөз –
жан семіртер
Жақсылық
жан жадыратар
3.Жамандық жасағанға
Жақсылық жаса
4.жамандық пайда етпейді
2.
5.Жақсы адам алғыс алар
Жаман адам қарғыс алар
Слайд 18Дәйексөз
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
Халық мақалы
Шамамыз жеткенше, қолымыздан келгенше
адамдарға, айналаға жақсылық жасап жүрейік. Өйткені жасаған жақсылық зая кетпейтіні,
оның шарапаты өзіңе, жақындарыңа, тіпті еліңе тиетінін сендер де жақсы білесіңдер. Алғысқа бөленіп, ризашылыққа кенелесіңдер.
Слайд 19Видео сорпа
Жақсылық қылсаң өзіңе
Слайд 21Шығармашылық жұмыс:
«Жақсылық тамшысы»
Слайд 22Дәптермен жұмыс
Бір күні орманда шөп жанып кетіп, өрт басталады.
Барлық аңдар шошып қаша жөнеледі. Тек тасбақа өзінің қысқа аяқтарымен
алысқа кете алмайды. Өрт тасбақаға жақындап қалады. Ол енді қалай құтылмақ?
Тапсырма
жүрекке
1.Жақынды, досты аяла
Қанатың сонда талмайды
Барыңды жұрттан аяма,
Жақсылық жерде қалмайды
Жайдары жүзбен жарқыра
Қатыгез болсаң сол қайғы
Қайырымды бол халқыңа
Жақсылық жерде қалмайды
2.Балалар шеңберге
тұрып өз атының бас
әріпінен басталатын
өзінің қасиеттерін
айтады.
Слайд 24Назар қойып
тыңдағандарыңызға
рахмет!