Разделы презентаций


?аны??ан ж?не ?аны?па?ан бу

Мақсаты:Білімділік: Булану және конденсациялау ұғымдарын терең меңгертіп, қаныққан және қанықпаған бу туралы түсінік қалыптастыру.Дамытушылық: Қоршаған ортаға деген ғылыми көзқарасын және ой-өрісін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қаныққан
және
қанықпаған бу.

Қаныққан және қанықпаған бу.

Слайд 2
Мақсаты:
Білімділік: Булану және конденсациялау ұғымдарын терең меңгертіп, қаныққан және

қанықпаған бу туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Қоршаған ортаға деген ғылыми көзқарасын

және ой-өрісін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.



Мақсаты:Білімділік: Булану және конденсациялау ұғымдарын терең меңгертіп, қаныққан және қанықпаған бу туралы түсінік қалыптастыру.Дамытушылық: Қоршаған ортаға

Слайд 3Сабақтың түрі:
Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі:
Оқулық, компьютер, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс:
Математика,информатика, география
СТО

әдістері

Сабақтың түрі:Дәстүрлі емесСабақтың әдісі:Сабақтың көрнекілігі:Оқулық, компьютер, интерактивті тақта.Пәнаралық байланыс:Математика,информатика, географияСТО әдістері

Слайд 4Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап» /Слайд арқылы

тест сұрақтарына жауап береді/.
ІІІ. Жаңа білімді игерту /ЖИГСО әдісі/.
ІY. Жаңа

сабақты бекіту /5 жолды өлең стратегиясы және Венн диаграммасы/.
Y. «Тез нүкте қою».
YI. «Тез-тез есептейік».
YII. Қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.ІІ. «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап» /Слайд арқылы тест сұрақтарына жауап береді/.ІІІ. Жаңа білімді игерту

Слайд 5Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасу, көңілін сабаққа аудару.

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, көңілін сабаққа аудару.

Слайд 6
ІІ. «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап»
1. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу

процесі.

А/балқу В/қатаю С/кристалдану Д/булану
2.Мұз кесегі салынған сынауықты еріп жатқан 00 С-тағы қардың ішіне қояды. Сонда сынауықтағы мұз ери ме?
А/ериді В/жартылай ериді С/ерімейді Д/дұрыс жауабы жоқ
3. Меншікті балқу жылуын анықтайтын формула:
А/ Q=χ*m В/ χ=m/Q С/ Q=m/χ Д/ χ=Q/m
4. Балқу температурасында сұйық күйдегі заттың ішкі энергиясы, массасы осындай қатты күйдегі заттың ішкі энергиясынан ....
А/кем В/артық С/2 есе кем Д/бірдей
5. Сұйықтың буға айналу құбылысы.
А/булану В/балқу С/конденсация Д/кебу
6.Сұйықтың бетінде жүретін булану?
А/ кебу В/ балқу С/ жұтылу Д/ конденсация
7. Будың сұйыққа айналу құбылысы.
А/ булану В/ кебу С/ конденсация Д/ балқу
8. Кебу жылдамдығы сұйықтың ..... байланысты.
А/ тығыздығына В/ көлеміне С/ тегіне Д/ тегіне және көлеміне
9. Алынған жылу мөлшері 9*106 Дж. Механикалық энергияға тең болу үшін, неше тонна шымтезек жағу керек? (q=1,4*107 Дж/кг)
А/ 0,064 т В/0,64 т С/64 т Д/6,4 т
10. Ішінде 0,52 кг бензин жанғанда қыздырғыштан 9240 кДж пайдалы жылу алынған. Қыздырғыштың пайдалы әсер коэффициентін анықтаңдар. (q=1,4*107 Дж/кг)
А/39% В/45% С/24% Д/50%


ІІ. «Ұшқыр ойдан-ұтымды жауап»1. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі.

Слайд 7ІІІ. Жаңа сабақ
Қаныққан және қанықпаған бу

Жоспар:
1. Қаныққан бу
2. Қанықпаған бу
3.

Бізді қоршаған ортада судың булану және конденсациялануының маңызы.

ІІІ. Жаңа сабақҚаныққан және қанықпаған буЖоспар:1. Қаныққан бу2. Қанықпаған бу3. Бізді қоршаған ортада судың булану және конденсациялануының

Слайд 8№1 мәтін
Егер сұйықты ашық ыдыста қалдырса,

онда оның барлығы буға айналғанша кебетінін сендер білесіңдер. Демек, кебу

қарқындылығы бірнеше шарттарға байланысты болады.
Егер сұйық жабық ыдысқа жартылай құйылса, онда ыдыстағы судың булануы басқаша сипаталады. Процестің басында сұйықтан ұшып кеткен молекулалардың саны, оған қайтып оралған молекулалардың санынан көп болады. Судың бетінде бу молекулаларының концентрациясы артады. Бірақ сұйықтан ұшып кеткен бөлшектердің саны неғұрлым көп болса, сұйыққа қайта оралатындарының саны да соғырлым көбейеді. Ақырында, уақыт бірлігінде сұйықтан ұшып шыққан молекулалардың саны, сол уақыт ішінде оған қайта оралған молекулалардың санына тең болатын сәт туады. Бұл күй бу мен сұйықтың динамикалық тепе – теңдігі деп аталады.
Өз сұйығымен динамикалық тепе – теңдікте болатын буды қаныққан бу деп атайды.
Берілген температурада қаныққан будың бірлік көлеміндегі молекулаларының саны ең көп (яғни тығыздығы немесе концентрациясы ең көп) болатындықтан, ең көп қысым түсіреді. Әр түрлі сұйықтықтардың буымен динамикалық тепе- теңдігі будың тығыздығы (молекулалардың концентрациясы) әр түрлі болғанда орнығады. Мұның себебі- молекулалық өзара әрекеттесу күштерінің бірдей болмайтынтындығында. Мәселен, сұйық сынаптағы бөлшектердің өзара тартылыс күштері өте үлкен. Сондықтан одан жылдамырақ қозғалатын аздаған молекулалар ғана ұшып шыға алады.Эфир молекулаларының арасындағы тартылыс күштері әлсіз. Ол сол температурада буланғанда, одан көп молекула ұшып шығады және олардың буындағы жоғары концентрациясында ғана динамикалық тепе - теңдік орнайды.
№1 мәтін    Егер сұйықты ашық ыдыста қалдырса, онда оның барлығы буға айналғанша кебетінін сендер

Слайд 9№2 мәтін
Өз сұйығымен динамикалық тепе-

теңдікте болмайтын , яғни қынығуға жетпеген буды қанықпаған бу

деп атайды.
Басқаша айтқанда, булану конденсациядан басым болғанда, сұйықтың бетіндегі бу қанықпаған болады. Қанықпаған будың тығыздығы, қаныққан будың тығыздығынан кем болатындығы анық. Бу неғұрлым қанығу күйіне жетпеген болса, яғни оның тығыздығы неғұрылым аз болса, соғұрылым қанықпаған бу өзінің қасиеттерімен кәдімгі газға жақын болады.
Қаныққан будың қасиеттері қанықпаған будың немесе газдың қасиеттерінен өзгеше. Қаныққан будың қысымы, оның алып тұрған көлеміне байланысты еместігі тәжірибе арқылы анықталады. Мұның себебі, қаныққан будың жабық ыдыстағы сұйығымен қоса алғандағы тығыздығы, берілген температурада оның алып тұрған көлеміне қатыссыз, әрқашан бірдей болып орнығады.
Температура өзгермеген кезде сұйықтың қаныққан буының қысымы тұрақты шама болады.
Әр түрлі заттардың қаныққан буының қысымы бірдей еместігін өлшеулер көрсетті. 5-кестеде 20 0 С-та тәжірибе жолымен алынған кейбір заттардың қаныққан буларының қысымдарының мәндері берілген.
Қаныққан бу қысымының температураға тәуелділігін зерттегенде, температура жоғарылаған сайын қаныққан будың қысымы мен тығыздығы артатындығы анықталды. Бұл ең бастысы – бу массасының, демек, молекула концентрациясының артуы есебінен болады.

№2 мәтін     Өз сұйығымен динамикалық тепе- теңдікте болмайтын , яғни қынығуға жетпеген буды

Слайд 10
№3 мәтін
Бізді қоршаған табиғатта булану

және конденсациялану процестерінің зор маңызы бар. Олар атмосфера мен гидросфера

арасындағы күрделі өзара әсерді қамтамасыз етіп, ауа райын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Ғарыштық аппарат бортынан алынған Жердің көптеген фотосуреттерінен Жер шарының негізгі үш қабатын: атмосфера мен оның бұлттарын, гидросфера мен табиғи жабыны бар литосфераны көруге болады. Бұл қабаттарға заттардың газ тәрізді, сұйық және қатты,-үш агрегаттық күйі сәйкес келеді.
Жер атмосферасы өз ерекшеліктеріне сай бірнеше қабаттарға бөлінген (47-сурет).
Ең төменгі жерді жабатын ауа қабатын тропосфера дейді. Ол шамамен, 20 км-ге жуық. Тропосферада атмосфераның барлық массасының 90%-і жинақталған. Тропосфераның жоғарғы шекарасында -70 0 С температура қалыптасқан. Одан әрі температурасы тұрақты километрлік тропопауза қабаты орналасқан. Одан әрі 55 км биіктікке дейін стратосфера жалғасады.
Онда температура біртіндеп көтеріледі де,стратопаузаның жоғары шекарасында +100 С шамасына жетеді. Стратосфераның төменгі қабатында 20-30 км аралығындағы биіктікті озон (О3 ) қабаты алып жатыр. Озон-Жер бетіндегі өмірді қорғап, Күннің зиянды ультракүлгін сәулелерін өзіне сіңіреді.
Стратопаузадан жоғары мезосфера орналасқан, онда температура тағы да төмендей бастайды да, биіктігі 80 км мезопаузада- 900 С-қа дейін төмендейді.
Одан жоғары термосфера созылып жатыр. Онда 300 км биіктікте температура 2000 К-ге жетеді. Термосферада орташа есеппен 1 см3 –те 500 – дей бөлшек, негізінен, жасанды Жер серіктерінің қозғалысына да, олардың сыртқы қабатының жылу режиміне де ешқандай әсер етпейді.
600 км биіктіктен бастап, біртіндеп планетааралық кеңістікке өтетін атмосфераның ең жоғарғы қабаты – экзосфера орналасқан.
Егер планеталардың көпшілігінде атмосфера бар болса, онда Жердің гидросферасы- Күн жүйесінде өте сирек кездесетін құбылыс. Белгілі планеталардың бірде-біреуінде гидросфера жоқ.
Гидросфераның негізгі бөлігін (94%-ін) әлемдік мұхит құрайды. Ол бүкіл жер беті ауданының 71%-ін алып жатыр.
Адамзат үшін тұщы су қорының аса зор маңызы бар. Өзен, көлдердегі және су қоймаларындағы тұщы су, оның гидросферадағы жалпы мөлшерінің бар болғаны 0,6% -ін ғана құрайды. Сондықтан су қоймаларын әр түрлі қалдықтармен ластанудан сақтаудың мәні зор.
Әр күн сайын әлемдік мұхит пен басқа да су қоймаларының бетінен 7 мың
км3 -ге жуық су буланатынын зерттеулер көрсетті. Сондай шамада жауын-шашын түрінде жерге түседі. Ауаның конвекциялық қозғалысының әсерінен су буы жоғары көтеріліп, тропосфераның суық қабаттарына өтеді. Бу көтерілген сайын қанығып, бұлт пен жаңбыр тамшыларын құрап конденсацияланады.
Тропосферадағы будың конденсациялану процесінде тәулігіне орта есеппен 1,6*1022 Дж жылу бөлінеді, ол бүкіл адамзаттың бір тәулікте өндіретін энергиясынан он мыңдаған есе артық.
Сонымен жердің гидросферасы мен атмосферасының арасында тек зат қана емес (су айналымы), энергияның да (конвекция мен сәулелену) үздіксіз айналуы болып отырады.

№3 мәтін     Бізді қоршаған табиғатта булану және конденсациялану процестерінің зор маңызы бар. Олар

Слайд 12
ІY. Жаңа сабақты бекіту
/5 жолды өлең стратегиясы/.


1. Кім?не? /1 сөз/
2. Қандай? /2 сөз/
3. Не істейді?

/3 сөз/
4. 4 сөзден тұратын сөйлем.
5. 1-сұраққа синоним /1 сөз/.

ІY. Жаңа сабақты бекіту /5 жолды өлең стратегиясы/.   1. Кім?не? /1 сөз/2. Қандай? /2

Слайд 13Венн диаграммасы



Венн диаграммасы

Слайд 14Y. «Тез нүкте қою».

1. Q=

m (t2 –t1)
  2. =Q/ m

(t2 –t1)
  3. q= /m
  4. m= /q 
5. χ=Q/  
6. =Q/χ







Y. «Тез нүкте қою». 1. Q=     m (t2 –t1)  2.

Слайд 15YI. «Тез-тез есептейік».
№1.
Алюминий білеушені өңдеу кезінде

оның температурасы
20 0С-тан 420 0 С-қа артты. Алюминийдің

массасы 5 кг болса, оның ішкі энергиясы қаншаға өзгерген?

YI. «Тез-тез есептейік». №1.    Алюминий білеушені өңдеу кезінде оның температурасы  20 0С-тан 420

Слайд 16

№2. Примуста сағатына 0,3

л керосин жағады. Примустың жалпы қуаты қандай?
№2.

Слайд 17

№3. Массасы 3 кг

оқ дәрі жанғанда 11400 кДж энергия бөлінген. Оқ дәрінің меншікті жану жылуын есептеңдер.
№3.

Слайд 18№4.
Массасы 2 кг бензинді массасы

3 кг спиртпен араластырғанда шығатын қоспа отын толық жанғанда бөлінетін

жылу мөлшері қандай?

№4.     Массасы 2 кг бензинді массасы 3 кг спиртпен араластырғанда шығатын қоспа отын

Слайд 19№5.
100 г металдың температурасы 20 0С-тан

40 0С-қа өзгергенде ішкі энергиясы 280 Дж тең болған. Металдың

меншікті жылусыйымдылығын табыңдар. Ол қандай металл?
№5.    100 г металдың температурасы 20 0С-тан 40 0С-қа өзгергенде ішкі энергиясы 280 Дж

Слайд 20Үйге тапсырма


§16

Үйге тапсырма §16

Слайд 21
Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика