Сабақтың мақсаты:
1.Оқушылардың заттық құрылысы бойынша алған білім деңгейлерін бақылау,тиянақтау, заттың 3 күйінің қаситтерін білу. МКТ – ның негізгі қаидаларын тұжырымдау.
2. Логикалық ойлау, өз бетінше тұжырымдау, талдау,есте сақтау және теория мен практиканы ұштастыру дағдысын дамыту.
3. Оқушыларды жауапкершілікке , тиянақтылыққа, сөйлеу мәнеріне, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
Суы бар колба,калий перманганаты,
2 шыны пластинкасы, блок схема (плакатта), электрондық оқулық,
интерактивтік тақта.
Сабақтың түрі:
Білімдерді талдап қорыту және
жүйеге келтіру сабағы.
МКТ-ның бірінші қағидасын дәлелдейік:
1 тәжірибе. Мысалы пробиркада суды қайнатсақ, ол қайнаған соң көлем ұлғайып, төгіле бастайды. Неге?
Қорытынды:Себебі, су ұсақ бөлшектерден (молекулалар мен атомдардан) тұрады, ал қыздыру барысында олардың арақашықтығы ұлғаяды.
МКТ-ның екінші қағидасын дәлелдейік:
2 тәжірибе. Мысалы: Әтір газын (дезодарант) шашсақ не сеземіз?
-иісті сеземіз
Қорытынды:Әтір иісі бүкіл бөлменің ішін алып, оның молекулалары ауа молекулаларымен араласады.
-Бұл құбылысты не деп атаймыз?
-Диффузия.
Венн диаграммасы бойынша заттың үш күйінің қасиетін, ұқсастығын, айырмашылығын салыстырайық.Үшбұрыштарға заттың үш күйінің қасиетін(жеке-жеке) ортасындағы трапецияға ұқсастығын, айырмашылығын жазамыз.(Оқушылар өздері салыстырады).
Сурет салу (молекулалар моделінің орналасуын салу).
Мұғалім: -Балалар, Венн диаграммасы және сурет салу арқылы зат туралы қандай мағлұмат жинақтадық?
Қорытынды. Заттың үш күйде болатындығын және олардың қасиеттерін, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын дәлелдейік. Заттың бір күйден екінші күйге өтуі металлургияда қолданылады.
МКТ-ның үшінші қағидасын дәлелдейік:
Егер екі шыны пластинканы сулап, бір-біріне жақындатып, оларды ажырату үшін белгілі бір күш жұмсау керек. Не себепті шыны пластинкаларды ажырату қиын?
Қорытынды. Бөлшек бір-біріне тартылады, яғни МКТ-ның үшінші қағидасы дәлелденіп тұр.
Мақал-мәтелдер (халықтық педагогика)
Төмендегі мақал-мәтелдердің физикалық, философиялық мағынасын ашып, айтыңыздар:
1.Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.
2.Отқа салса темір де балқиды.
3.Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады.
Сапалық есептер:
1.Қиярды, балықты, етті тұздау қандай құбылысқа негізделген?
2.Қайыңнан жасалған сыпырғының иісін суық бөлмеге қарағанда ыстық моншада тез сеземіз?
3.Ядролық соғыстан кейін не болуы мүмкін деп ойлайсыздар?
IV. Оқушылардың білімін пысықтау:
Физикалық диктант
1.Зат құралған бөлшектер________.
2.Үш күйде кездесетін зат_________.
3.Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың өздеріне тән ортақ қасиеті(жеке-жеке)____________.
4.Дене өз көлемін сақтайды,бірақ пішінін өзгертеді, сонда бұл қандай заттан тұратын дене____________.
5.Судың бір молекуласы қандай атомдардан құралған__________.
Аукцион
“Аукцион” сөзінің анықтамасы беріледі.Затты “сатып алу” үшін, оның физикалық қасиетімен байланыстырып айту керек.Аукционға түсетін заттар: тіс щеткасы, конфеттер (мұз кәмпиттер), сусын, үрленген шар.
VI.Қорытындылау.
Білімнің маңызын Елбасы Н.Ә.Назарбаев: “Біз өмір бойына жететін білім алу” моделінен “Өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз, болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қол таңбамызды қалдырайық”,-деп түсіндірген өз жолдауында.
Сіздер Елбасының айтқан сөзін жүзеге асыратын біліммен қаруланған, саналы, білімді азаматтар болады,-деп сенеміз
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть