Слайд 1Америка Құрама Штаттары
Сабақ презентация
Шортанды ауданы
Раевка орта мектебі
География пәні мұғалімі
Нұржанов
Кенжебай Сапарбаевич
Слайд 4АҚШ туралы жалпы мәлімет
Тәуелсіздік күні 4-шілде 1776-жыл. Ресми тілі-ағылшын тілі.
Астанасы-Вашингтон қаласы. Жер аумағы: 9 518 900 км² әлем бойынша
төртінші орында. Халқы: 313 млн артық, әлем бойынша үшінші орында. Халық тығызды 32 адам/км. квадрат. Америка Құрама Штаттары, АҚШ (ағылш. The United States of America, USA) — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл. Халықтың 66%-ы – протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).
Слайд 6Географиялық орны
Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей
дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады.
Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі.
АҚШ аумағының басым көпшілігі Атлант мұхитынан Тынық мұхитқа дейінгі ендік бағытта созылып жатқан қоңыржай және субтропиктік белдеуде орналасқан. Аляска штаты субарктика және арктикалық, ал Гавай штаты – Тынық мұхиттың тропиктік белдеуінде. Жер бедерінің 1/2-ін (елдің батысында) биік таулы жоталар мен таулы үстірттер алып жатыр. Кордильер мен Аппалачи тауларының аралығында елдің ішкі жазықтары (Орталық Ұлы жазықтар) орналасқан. Атлант мұхиты жағалауларын бойлап Атлант маңы және Мексика маңы ойпаттары жатыр. АҚШ-тағы ең биік тау – Аляска түбегіндегі Мак-Кинли (6193 м). Жер қойнауы кен байлықтары мен минералды шикізатқа өте бай. Оның ішінде темір, никель, кобальт, алтын, күміс, уран кентасы қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орында. Тас көмір (Аппалачи таулары), мұнай мен газ (Мексика ойпаты, Ұлы жазық) табылған. Ал Кордильер таулары түсті және қара металл шикізаттарына бай келеді.
Слайд 7АҚШ-тың қысқаша тарихы
Қазіргі АҚШ жерінде ежелден үнділер өмір сүрді. Христофор
Колумб Американы ашқаннан кейін (1492—1503) 16 ғасырда Англия, Испания, Нидерланд,
Франция, Швеция Солтүстік Американы отарлауға кірісті. 18 ғасырдың 60-жылдарына қарай Англия Солтүстік Американы түгел дерлік басып алды. 17 ғасырдың басында Америкаға ауыр жұмыстарға пайдалану үшін Африкадан құлдар әкелу басталды. Отарлық қанаудың күшеюі тәуелсіздік жолындағы соғысты туғызды (1775 – 83).
Слайд 81776 ж. 4-шілдеде Тәуелсіздік декларациясы қабылданды, онда АҚШ-тың құрылғандығы жарияланды.
13 ағылшын отары бірігіп, дербес мемлекетке айналды, 1-Америка-буржуазиялық революциясы деп
аталған тәуелсіздік соғысында Англия жеңіліс тапты. 1783 ж. бітім шарты бойынша Англия АҚШ-тың тәуелсіздігін мойындады. 1787 ж. АҚШ Конституциясы қабылданып, елдің бірінші президенті болып Джордж Вашингтон сайланды.
Слайд 9Мемлекеттік құрылысы
АҚШ үкіметі үш тармаққа бөлінеді:
Заң шығарушы: АҚШ Парламенті —
Конгресс деп аталады. Конгресс тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан:
Сенаттан және Өкілдер Палатасынан тұрады.
Атқарушы: АҚШ Президенті — мемлекеттің басшысы, бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады
Сот: Жоғарғы Соты және федералдық соттар
АҚШ-да екі бас партия бар:
Демократиялық партиясы — 1824 ж. құрылған. Джон Кеннеди, Билл Клинтон, Барак Обама осы партияның мүшелері.
Республикалық партиясы — 1854 ж. құрылған. Джордж Буш, Рональд Рейган осы партияның мүшелері.
Слайд 11Әкімшілік құрылысы
Әкімшілік жағынан 50 штаттан (бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан
және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған
Гавай штаттары) және Колумбия федерациялық аймағынан тұрады. Штаттар 3133 аймаққа (немесе соған сай келетін әкімшілік бөліктерге) бөлінеді.
Слайд 12АҚШ-тың экономикасы
АҚШ – экономикасы дамыған мемлекет. Жер қойнауы отын-энергетикалық шикізаттарға,
темір, түсті металл қазбаларына, табиғи күкіртке, уран шикізаттарына, фосфориттерге, калий
тұздарына, т.б. пайдалы кендерге бай. АҚШ мемлекеті өз жерінің табиғи байлықтарын бей-берекет пайдаланбай, ұқыптылықпен қарап, көп минералдық ресурстарды сырттан тасиды.
АҚШ өнеркәсібі – бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған.
АҚШ-тың ауыл шаруашылығында механикаландырылған фермерлік шаруашылықтар жетекші рөл атқарады. Онда өндірілетін негізгі дақылдарға бидай, арпа, сұлы, қара бидай, жүгері, соя бұршақтар, картоп, қант қызылшасы, мақта жатады. Мал шаруашылығында сиыр, шошқа, қой өсіріледі, тауық пен күрке тауық өсіру жаппай дамыған.
АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 25 мың долларға жуық. Негізгі сауда серіктестіктері – Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ-пен Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90-жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т.б.).
Слайд 13АҚШ-тың халқы
АҚШ халық саны жағынан дүние жүзінде 4-ші орында (Қытай,
Үндістан, Ресейден кейін). Негізгі ұлты америкалықтар - Еуропаның әр түрлі
елдерінен Америкаға қоныс аударған (17 ғ-дың 1-ші жартысынан бастап негізінен ағылшындар, ирландтар, француздар, голландтар т.б.) араласуынан пайда болған. 19 ғ-дың ортасынан бастап қоныс аударушылардың басым көпшілігі Ирландиядан, Германиядан, Скандинавия елдерінен, ал XIX ғ-дың 80 жылдарынан бастап Италиядан, Аустро-Венгриядан, Ресейден, Оңтүстік, Шығыс Еуропаның басқа да елдерінен барды. Жалпы 1790 - 1994 жылдары АҚШ-қа Еуропа, Латын Америка, Азия және Африкадан 64 млн иммигрант көшіп келген. Сол себепті АҚШ-ты кейде иммигранттар ұлты деп атайды.
1 тамыз 1790 жылдың 1 тамызында өткізілген алғашқы халық санағының мәліметі бойынша АҚШ-та 3,9 млн адам тұрады.
1915 ж. бұл көрсеткіш 100 млн-ға тең болды.
1967 жылы халық саны 200 млн-нан асып кеткен.
2006 жылдың 17 қазанында халық санағы бойынша АҚШ-та сағат7-46 300-млн-шы тұрғын туылды.
2010 жылы сәуір айында соңғы өткізілген халық санағының мәліметі бойынша АҚШ-та 308 миллион 745 мың 538 адам тұрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы 2000-шы жылы өткізілген санағына қарағанда 9,7 %-ға көбейген. .
Америкалықтар ағылшын тілінде сөйлейді, бірақ сөйлеуінде және сөздік құрамында өзгешеліктер бар.
Слайд 14Ақ Үй(ағылш. the White House) - Вашингтондағы АҚШ Президентінің резиденциясы.
Ауыспалы мағынада Ақ Үй АҚШ үкіметін білдіреді.
Слайд 15Азаттық мүсіні (ағылш. Statue of Liberty) — Солтүстік Америкадағы ағылшын
иелігіндегі жерлердің азаттық күресіндегі Франциямен болған одақтастыққа ескерткіші ретінде Францияның
АҚШ-қа тартқан сыйлығы. Алып мүсінді жасау туралы ойды француз мүсіншісі Ф.А. Бартольди ұсынған. 1871 жылы Нью-Йоркке сапарында Бартольди кеме қалаға жақындаған кезде Белдоу аралындағы жұлдыз сипатты бекіністі көріп, болашақ мүсін ескі бекініс үстінде алау көтерген әйел бейнесі болады және ол «Әлемді сәулелендірген Азаттық» деп аталуға тиіс деген ойға келген.
Слайд 16Ниагара су құламасы — Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Канаданың шекарасымен
ағып өтетін Ниагара өзенінің орта ағысында. Эри мен Онтарио көлдерінің
қысқа аралығында Ниагара өзені 100 метрге жуық биіктіктен төмен қарай құлап ағады. Су құламасының астындағы тау жыныстары доломитті әктастар мен сазды тақтатастардан тұрады. Әктастардан тұратын кемері үнемі шайылудың әсерінен Эри көліне қарай жылына 7 – 10 см
жылжуда.
Ниагара су құламасы Козий аралымен 2 бөлікке бөлінген: канадалық (“таға” – тоғыз жүз метрлік доға) бөлігінің биіктігі 48 м, ені 800 м және америкалық бөлігінің биіктігі 51 м, ені 300 м. Судың гүрілі 25 км жерге дейін жетеді. Туризм дамыған.