республикалық туралы түсінік қалыптастыру. Монархия дегеніміз - мемлекет басшысы император,
король, герцог, князь, сұлтан және т.с.с. болып келетін басқару түрі.
Монархия абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді.
Абсолюттік монархия - монархтың билігі шексіз болады (Бруней, Бахрейн, Катар, БАӘ,
Оман және т.б.).
Конституциялық монархия - жоғары мемлекеттік билік конституциямен шектеледі
(Бельгия, Ұлыбритания, Испания, Дания, Норвегия, Марокко, Жапония).
Монархияның тағы бір түрі - монарх шіркеу басшысы болатын теократиялық монархия
( Ватикан). Республика дегеніміз - заң шығаратын ең жоғары үкімет билігі сайланатын
өкілетті орган парламенттің, ал атқарушы үкімет билігі - үкіметтің қолында болатын басқару
түрі.
Унитарлық мемлекет (латынның - бірлік деген сөзінен шыққан) - елде бірыңғай заң шығарушы
және атқарушы өкімет билігі болатын әкімшілік-территориялық құрылыс түрі.
Федерациялы мемлекет (латынның «одақ», бірлестік деген сөздерінен шыққан) - бірыңғай
(федералдық) заңдармен және үкімет органдарымен қатар, өздерінің заң шығарушы,
атқарушы және сот органдары болатын жекелеген территориялық құрылымдары
(республикалар, провинциялар, жерлер, штаттар және т.с.с.) бар әкімшілік – территориялық
құрылыс түрі.
Мұндай мемлекеттерге Ресей, АҚШ, Үндістан, Бразилия, Нигерия т.б. жатады.
Мемлекеттердің бірігуінің енді бір түрі конфедерация. Біршама шектеулі мақсаттарға жету
үшін (әскери, сыртқы, саяси және т.б.) құрылады (Швейцария) мемлекеттері туралы
түсінік беру.
артқа