Слайд 1
Сабақтың тақырыбы: Шөл зонасына саяхат
Мақсаты:
Білімділік: а)Қазақстанның табиғат зоналары
бойынша алған білімдерін
толықтыра түсу.
Дамытушылығы: б)Оқушылардың ойын,қиялын
дамытып,бірлікке,
адамгершілікке өз бетінше
ізденуге,еңбектенуге
дағдыландыру,ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Тәрбиелік: в)оқушылардың жан-жақты ойлауын ,
сөйлеу қабілетін,дүниетанымын
дамыту,пәнге қызығушылығын
арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топтастыру стратегиясы, сұрақ - жауап, венн
диограммасы, сурет бойынша әңгіме,
рефераттар т.б
Пән аралық байланыс: Биология,Экология,Әдебиет
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру (2-3 минут)
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау
Слайд 2Өткен сабаққа шолу!
Шөлейт зонасының өсімдіктерін атаңдар?
Шөлейт аудандары Жайықтан Алтайға
дейін дала мен шөл зоналары аралығында қанша км-ге деін созылып
жатыр?
Жылдық жауын-шашынның мөлшері?
Шөлейттің негізгі топырағы беткі қабатында шірінді.Ол қанша %-?
Шөлейт зонасында дала және шөлдің жануарларын атаңдар
Қандай құстар мекендейді
Өзен жайылымында өсетін өсімдік
Қаңтардың ортасындағы температура
Онда үлкен-кішілі қаншадан астам көл бар
Слайд 3Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады.
Шөл зонасының жалпы көлемі 120 млн га, республика аумағының 44%-ына
жуығын алады. Бұл зонада негізінен құмды және сазды шөлдер кең тараған. Тасты шөлдер Қазақстанға тән емес, бұлар тек шағын үлескілерде кездеседі. Шөлдің климаты тым континентті және аса құрғақ . Жалпы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден аспайды. Шөлдің кейбір аудандарында жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Жауын-шашынның көбі көктемде түседі.
Қысы суық. Аяз -40°С-қа дейін жетеді. Жазы өте ыстық, қапырық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы солтүстігінде 24° -26°С, оңтүстігінде 28° -30°С. Құм бетінде температура жазда 70°С-қа дейін қызады. Осының бәрі буланудың көп болуына септігін тигізеді. Көктемде еріген қарсуымен толығатын қазаншұңқырлар мен ойыстар жазда кеуіп кетеді. Олардың түбінде қалың тұз қабыршақтары пайда болып, ондай жерлерде ешқандай өсімдіктер өспейді.
Слайд 4Құмды шөлдер
Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып
жатыр. Олардың ең ірілеріне Қызылкүм, Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Сарыесік.
Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдарын (Нарын, Тайсойған, Қарақұм, т.б.) жатқызуға болады. Мұндағы құмдар ондаған мың жылдар бұрын осы жердегі өзендер мен көлдердің орнында пайда болған. Кейін желдің әсерінен бұл құмдардан шағылдар, қырқалар, төбелер түзілген. Құмға су жақсы сіңеді және одан аз буланады. Әдетте, тек құмның беткі қабаты ғана құрғайды, ал оның астыңғы қабаттары әр уакытта ылғалды келеді. Сондықтан аз ғана тереңдікте ішуге жарайтын еспе суы болады. Көшпелі құмдарда топырақ жамылғысы жоқ дерлік. Топырақ қабаты кырқалар мен төбелерде, борпылдак құмды қырқалардың аралығында, қазаншұңқырлар мен жазық жерлерде құмайтты, қоңыр және сұр қоңыр топырақты болып келеді. Еспе суы жер бетіне таяу жатқан жерлерде дәнді дақылдар мен бақша дақылдарын егуге болады.
Слайд 5Жануарлары
Шөлдің жануарлар дүниесі өзгеше. Онда өмір сүруге жылан мен кесірткенің
аздаған түрі ғана бейімделген. Кесірткеден көп тарағаны: құмды және құлақты
агамалар, жұмырбас кесірткелер. Жыландардың ішінде сылдырмақты жыландар тұқымдастарының өкілі: дала айдаһарлары, оқ жыландар мен қалқан тұмсықтылар бар, сондай-ақ тасбақалар, кірпілер де кездеседі. Қазақстанның оңтүстік шөлдерінде улы өрмекші тәріздестерден - шаян, бүйі, қарақұрт кездеседі. Мұнда бұзаубастар да бар. Бетпақдалада, Үстіртте және Балқаштың оңтүстігіндегі шөлдерде тұяқтылардан - ақбөкендер мен қарақұйрықтар кездеседі. Шөл зонасында қосаяқ, саршұнақ, құм тышқаны тәріздес кеміргіштер де көп. Жылдың қолайсыз мезгілдерінде олар індеріне кіріп, ұйқыға кетеді. Өзен бойындағы ну тоғайларда қабан, мәлін, қасқыр мекендейді.
Құстардан шөлде азия торғайы, кішкентай торғай, copтaң, жер торғайы, айдарлы торғай, сексеуіл жорға торғайы, шөл торғайы бар. Жырткыш құстардан жамансары мен жұртшы кездеседі. Тоғайларда - сауысқан, Қарға, сұр кекілік, қырғауыл болады. Көлдер мен Сырдария бойында үйрек, қаз, шағала, бірқазан, аққұтан бар. Шөл зонасында Барсакелмес Және Үстірт мемлекеттік қорықтары ұйымдастырылған.
Слайд 6Жер асты суы
Шөл зонасының ауасы құрғак әрі жауын-шашын мөлшері аз
болғандықтан, жергілікті өзендері жоқ. Тек қана шөл зонасынан тыс (Жайық,
Жем, Сырдария, Сарысу, Шу, Талас, Іле, Қаратал, т.б. басталатын өзендер бар. Ол өзендер шөл арқылы аққандықтан, суының көбі булануға немесе суаруға кетеді де, кейде сағасына жете алмайды. Осыған байланысты шөлде терең орналасқан жер асты суының зор маңызы бар. Ондағы халықты ауыз сумен камтамасыз етуде және мал суару үшін терең жер асты суының алатын орны ерекше. Шөл зонасының астында Қызылқұм, Шу-Сарысу, Оңтүстік Балқаш, Сырдария, Бетпакдала, Маңғыстау, Каспий маңы сияқты ең ірі артезиан алаптары жатыр.
Шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік шөлдерде Үстірт және Тұран ойпатының солтүстік жартысы, Бетпақдала үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жатады. Ал оңтүстік шөлдерге Үстірттің оңтүстігі мен Қызылқұмды қамтитын Тұран ойпатының оңтүстік жартысы жатады. Шөлдің оңтүстігінде жеңіл саздақтың үстіне қалыптасқан қоңыр топырақ тараған. Қоңыр топырақтың ашық қызғылт топырақтан түсі бөлек және құрамында шіріндісі аз (2,5%-ға дейін). Шөлдің оңтүстігінде сұр-қоңыр топырақ басым. Оның құрамында шірінді тіптен аз (1,0-1,2%). Сұр қоңыр топырак минералды заттарға бай болғандықтан, құнарлы келеді. Мұндай топырақты жерді суарса және тыңайтқыштар қолданылса, мақтадан, бидайдан, бау-бақшадан көп өнім алуға болады.
Слайд 7Өсімдіктері
Шөл зонасындағы өзен аңғарларында өсетін ерекше өсімдіктер бар. Мұнда әр
түрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар өседі. Оны тоғай деп атайды.
Тоғай әсіресе Сырдария, Шу мен Іле және т.б. өзендердің аңғарларына тән. Суға жақын жердегі тоғайларда қамыс, қоға кездеседі. Өзен арнасынан қашығырақта биік бұталар - шеңгел, тал, тікенекті жиде, шырғанақ, арнаның құрғақ жерлерінде жыңғыл өседі. Жыңғылдың жапырақтары қызғылт, гүлі ақ болады. Жантақ және басқа тамыры ұзын, тереңге кететін өсімдіктер де бар.
Слайд 10Тасбақаның тапсырмасы:
Менің қойған сұрақтарыма
-Иә,-Жоқ деп жауап бер.
Слайд 111.Шөл зонасында тіршілік бар ма?
2.Шөл жануарлары шөл зонасында өмір сүруге
бейімделген?
3.Шөл зонасында суықторғай мекендейді?
4.Шөл зонасында мал шаруашылығы бар?
5.Құмды жерде қара
сексеуіл өседі?
Слайд 12Қойдың тапсырмасы:
Шөл зонасында кездесетін
өсімдіктер мен жануарларды жаз.
Слайд 16Қасқырдың тапсырмасы:
Менің тапсырмам 5 сұрақты
Тест тапсырмасы
Слайд 17Тест
1.Шөл зонасы Қазақстан аумағының қанша % алып жатыр?
а) 70% б)
52% с)44 % д)23 %
2.Үстірттің негізгі топырағы қандай түсті?
а) қоңыр
б) сортаң с) қызғылт д) сары
3.Шөл кемесі?
а) арба б) түйе с) ат д) машина
4.Топырағының қалыңдығы?
а) 15-20см б)20-25 см
с)25-30см д)30-35 см
5.Қаңтардың аязы неше градус?
а) 50°С б)30 °С с) 40°С д)20°С
Слайд 19Үйге тапсырма:
§40.Шөл зонасы
Эссе
Табиғат туралы өлең шығару