жыл
Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етуші факторлар .
Мақсаты:
Химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары, жылдамдығы туралы көптеген мағлұматтар беру және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.Міндеттері:
- химиялық реакциялардың жүруінің негізгі заңдылықтары туралы үйрету.
-түсіндіру, есте сақтау, көңіл аудару қабілеттерін дамыту;
-сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: 1. Ізденімпаздығы мен АКТ-ны пайдалану құзіреті артады
2. Химиялық реакцияның жылдамдығы туралы
толық мәліметтер алады
3. Тақырып бойынша ойларын айқын тұжырымдайды
4. Бір-бірінің пікірін тыңдап, өз ойларын еркін жеткізе
алады
5. Алған білімдерін өмірде қолданады
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Жедел жауап», «Ой шақыру», «Сәйкестікті іздеу», «химиялық диктант» т.б
Дерек көздер: Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау, АКТ
Ресурстар: Оқулық, интерактивті тақта, электронды оқулық, таблица, постер, стикер, маркер,тәжірибе жасайтын құралар т.б