Слайд 1Жаһанданған ХХІ ғасырдың балаларына арналған Lego Education ой өрістің дамуына
септігін тигізетін тиімді құрал. Әлем нарығында 131 сауда орны бар бренд
ғылым мен техника заманына лайық жастарды қалыптастырады. Ғылымның математика, механика және техника бағытында жүргізіліп, ұшқыр оймен дәл есептеп құрастырылатын «LegoEducation» жайлы мәліметке назар салыңыз.
Слайд 2Тарихы
Әлемге ең танымал ойыншық Lego конструкторы Данияның Биллунд аймағында пайда болған.
Бір қызығы Дания мемлекеті әлемге аты әйгілі балалар ертегісінің патшасы
Христиан Андерсеннің туған жері. Биллунд қалашығында 1932 жылы шебер Оле Кирк Кристиансен алғаш рет ағаштан ойыншық жасап, Lego конструкторын ойлап тапты. Ойыншық авторы өз зауытында үй шаруасына қажетті үтіктеуге арналған тақта, орындық, үстел жасаған. 1934 жылы зауытқа ең үздік атау табу үшін сайыс ұйымдастырып, соңында өзі ойлап тапқан «LEg Godt» (ойнаған жақсы) атауы таңдалады. Шеберханада ағаш өнімдерінен түрлі қызықты заттар жасайтын Кристиансен кішкентай зауытын дамытып компанияға айналдырды. Өнертапқыш иесінің ұлы Готфрид шеберханада қарапайым жұмысшы болып, ағаш ойыншықтарын өндіру мен модельдеуге бар өмірін арнаған. Оле Кирк Кристиансен немересі Кильд Кирк Кристиансенді де жұмысқа алды. 1949 жылы Lego төрт және сегіз шаршы ойыншықты байланыстыратын «тетігі» арқылы «автоматты түрде қосылатын «кесек» құралын жасады. 1954 жылы мұндай шаршы ойыншықтар «Lego кубиктері» деп атала бастады.
Слайд 3Сұранысқа түскен Lego құрастырмалы ойыншықтар 1958 жылы кәсіби өндіріс орындарынан
шығарылып, паттенттелді. Ойлауды дамытатын құралдарды 1960 жылы мектепте түрлі пәнді
оқытуға қолданған. Кейін Lego компаниясы аймақтың білім беру мамандарымен бірігіп, 1989 жылы «LEGO Dacta» атауымен білім реформасына енді. Сол уақыттан бастап компания жыл сайын құрылысы күрделі, көп бөлшектен тұратын конструктор элементтерін жасап шығара бастады. Құрылғы шығаруда тәжірибесі молайған компания адам, көлік, жануар, үй құрылысындағы формаларды жасап шығарады. Жыл сайын сатылымға шығатын «Lego» белгісі 1998 жылы тұрақты әрі қарапайым логотип түрінде жарияланды.
Слайд 4Lego-ның шығарылым түрлері
LEGO әр түрлі жастағы балалар үшін құрастырғыш заттар
жасап шығарғанымен, үлкендердің өзі еш ұялмастан қиялына сәйкес ойыншықтарды құрастыра
алады. Тіпті, бүлдіршіндерден бастап мектеп жасы мен ересектерге арналған робот түрлері жасалып шығарылады.
LEGO Mindstorms программаланатын роботтарға қолданатын құрастырғыш құрылғы. Ол алғаш рет 1998 жылы көрсетілімге шықты. LEGO Mindstorms-тың тек үш түрі бар. 1998 жылы LEGO Mindstorms RCX0, 2006 жылы NXT 2.0 және 2013 жылы EV3 түрі шығарылған. Бұл
Слайд 52. LEGO Education WeDo конструкторы 7 жастан асқан баланың ой-өрісін
жетілдіруге арналған құрастырғыш құрылғы. Сауда нарығына 2011 жылы шықты. Қарапайым
робот механизмінің жұмыс жасау процесін үйрету үшін қолданылады.
Слайд 63. LEGO Education Early Learning конструкоры 1,5 жасар балаларға арналған.
Негізгі құрастырмалы құрылғылар «Отбасы және жанұя», «Жануарлар», «Құрылыс», «Көлік» тақырыптарын
қамтыған.
Слайд 74. Танымал серияның бірі «Lego System» деген атпен «Қала», «Сарай»,
«Ғарыш», «Қарақшылар», «Гарри Поттер» және «Жұлдыздар шайқасы» түрлері аса танымал.
Сондай-ақ, кішкентай балалар арасында «Дупло», ал бүлдіршіндер үшін «Примо» деп аталатын сериялары үлкен сұранысқа ие. «Знэп», «Technic» түрлері роботсүйер жандарға арналған. Lego Education оқытудың негізгі 4 бағдарын ұстанады: «Шынайы өмірмен байланыс», «Жоба жасау», «Бірге талқылау», «Тұрақты даму». Осы бағдарлама арқылы баланың ойлау қабілетін жылдам жетілдіріп, ғылымға қызығушылығын арттырады.
Слайд 8Lego Education құрастырғыш құралдар мен роботтың Қазақстандағы бағасы 15 000 теңгеден
бастап 171 000 теңгеге дейін аралықта сатылады.