Слайд 9Модель дегеніміз не?
Нақты нысандарды зерттеу мақсатында адамның қолымен жасалған нысанды
– модель деп атаймыз. Модель – бұл глобус және әлем
картасы, жердің тартылыс күшінің формуласы, макеттер, мектептегі биология кабинетіндегі көрнекі құралдар, әйгілі суреттердің көшірмесі.
Модель дегеніміз – нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
Модельдеу – объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың (макетін) құру.
Модель – кез-келген нысанның қарапайым кейіпі. Мысалы, қуыршақ қыздың модель. Бір нысанда бірнеше модель болуы мүмкін. Мысалы: балықтың моделі жылтырауық немесе қағаздан жасалған модель.
Модельдің барлық түрлерін екі үлкен классқа бөлуге болады:
материалдық және ақпараттық.
Материалдық модель – модельдеу нысанның маңызды белгілерін көрсететін нақты бір зат.
Ақпараттық модель - модельдеу нысанын қандай да бір тілде сипаттайды.