«Қазақ» газеті айқын білдірген болатын.
«Айқап» журналы Мұхамеджан Сералиннің редакторлығымен 1911-1915
жылдары шығып жүрді. «Айқап» журналы небары 4 жыл ғұмір кешіп, 88 нөмірі жарық көрді. Осыған қарамастан Алаштың тарихында өшпес із қалдырды.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілі бойынша тұңғыш зерттеулерін осы «Айқап» журналында жариялаған.
«Айқап» журналы отырықшы өмір салтын қалыптастыру, аграрлық мәселеге зор мән берді.
Алайда қазақтың тұңғыш мәдени-ағартушы журналы болған «Айқапты» отаршыл әкімшілік күштеп жапты деген деректер бар.