қара сөздерін 1890-1898 жылдар
арасында жазған. қара сөздерін жазуды бастағанда
абай 45 жаста болған. Ақыл-ойы толысып, жасы кемелденген, көрген-білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған.
өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын
Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді:
«ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді
қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын,
кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын,
керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ»