Слайд 3 Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы
еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да
себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
Слайд 5
Ана тілін меңгеру – сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру
заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен бірге бала тілдің сансыз
көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін, ойлау жүйесін меңгереді.
Слайд 7 Тіл – мәдени өркендеудің басты факторы. Тіл жоқ жерде
халық, біріншіден, ұлттық бет-бейнесінен айырылып қалады, екіншіден, рухани, мәдени тозғындауға
ұшырайды. Тілсіз, сөзсіз, ақыл мен ойды қозғай алмайсың. Ал ой-санасыз сөз жоқ. Яғни, сөйлей білмесе, адамның хайуаннан айырмасы аз.