Слайд 1Ақша шақыру жаттығулары
Қаншалықты шындыққа жанасымды
Слайд 2ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ
ЛЕНИН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТА МЕКТЕБІ КММ
Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері
және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Секция: Этномәдениеттану
Тақырыбы: Ақша шақыру жаттығулары: қаншалықты шындыққа жанасымды
Жоба авторы, сыныбы: 8“а” сынып оқушысы
Жұмаахан Бақытгүл
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ахметова Ақнұр Төлепбергенқызы
Слайд 3Тақырыбы:
Ақша шақыру жаттығулары:
қаншалықты шындыққа жанасымды?
Жоба авторы, сыныбы:
8“а” сынып
оқушысы
Жұмаахан Бақытгүл
Слайд 4Мақсаты
Ақшаның шығу тарихы,
ақша шақыру жаттығулары туралы зерттеу
Міндеті
Ақша шақыру жаттығуларын
туралы пікірлерді жүйелеу, саралау.
Ақшаның қасиеттерін зерттеу.
Слайд 5Өзектілігі
Өмірде көп нәрсе ақшаға байланысты болғандықтан, адам өмірінде ақша маңызды
рөл атқарады.
Көп жандар ақшасы көп болу үшін әртүрлі ырымдар,
нанымдарға, жаттығуларға сүйеніп жатады. Осы жұмыста сондай жаттығуларға тоқталмақпыз.
Слайд 6Ақша – барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты
қамтамасыз ететін, жалпыға бірдей балама ретінде барлық тауарлардың құнын көрсететін
ерекше тауар, өлшем. Қай халықта да ақшаға байланысты сан қилы таным-түсінік, наным-сенім, ырымдар бар.
Слайд 7Қазақ елінің ұлттық валютасы – теңге. ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 13 қарашадағы Жарлығымен осы
жылдың 15 қарашасында теңге айналысқа шығарылып, ел аумағындағы бірден-бір заңды төлем құралына айналды. Содан бері 15-қараша – Теңге күні.
Слайд 10Қай ұлттың ырым-жоралғылырын алсаң да ақшаға деген ерекше қатынасты байқайсыз.
Барлығында
да бip мақсат – ақша тапшылығын көрмеу, оны керісінше –
көбейту.
Ақшаның сиқырлы күші немесе энергетикалық қасиеті бар екендігі жайында соңғы кездері көп айтылып жүр.
Слайд 11Ақшаның сезімталдығы
Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның
сезімталдық қасиеті бар. Әрине, бұл – қиял ғажайып ертегіге ұқсайды.
Алайда бизнес сабақтарын жүргізуші көптеген мамандар ақшаның физикалық дене еместігін дәлелдеп, оның бойында қызбалық, сезімталдық қасиеттердің барын айтады. Олар: «қағаз купьюр мен металл тиындар (ақшалар) өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялағанды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді. Қолыңызға ақша тұрақтамаса, өзгеден емес, ақшаны қадірлей алмаған өзіңізден көріңіз», - дейді. Өте қызық болжамдар.
Слайд 12Ақшаға байланысты мұндай болжамдарға сенсек, қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып
ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп,
ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ десең жоғала береді.
Слайд 13Ақша шақыру жаттығулары
1. Қай жерде ақша туралы әңгіме қозғалса да
Сіз ақшаны жамандамаңыз. Бұл Сіздің өмірлік салт-дәстүр, дағдыңызға айналсын. «Ақшам
жоқ, ақша жетпейді» деп ешқашанда айтпаңыз. Олай десеңіз, Сізден ақша қашады. Керісінше, Сіз «Мені ақша жақсы көреді», «Күннен – күнге менің қаражатым көбейіп, табысым артып келеді» деген сөзді жиі-жиі айтыңыз, олай деуге қымсынбаңыз, қорықпаңыз.
Слайд 142. Ақша жинаңыз. Тек ақшаны тойға, жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние
сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинайтын болыңыз. Ақшаны «қара
күнге» деп жинамаңыз.
3. Ақша жинауда, оны ұсатып жұмсауда бай адамдардың психологиясын зерттеңіз, соларға еліктеңіз. Өзіңізді бай адамның орнындамын деп есептеңіз. Қоғамдық көлікпен жүрсеңіз «Мен мұны қарапайым адамдардың тыныс-тіршілігін білу үшін уақытша мініп жүрмін» деген ойда болыңыз. Өзіңіздің бұл ісіңізді баюға психологиялық тұрғыда дайындалу деп түсініп, күнделікті өмірде ұсақ-түйектерге көп көңіл бөлмеңіз.
Слайд 154. Ақшаны адал жолмен қалай тапсаңыз, оған да солай адал
болыңыз. Ұлық Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис-шәрібінде айтылғанындай, біреуге артық ақша бермеуді,
біреуден артық ақша алмауды қадағалаңыз. Сатушы жаңылысып, Сізге артық ақша қайтарса, немесе бір затыңызды сатып алушы құнынан артық ақша ұсынса, оны қайтарып беріңіз. Қиянат жасағанды ақша ұнатпайды.
5. Ешқашан тың ойлардан, жаңа қадамдардан, жаңалықтардан, жақсы істерден бас тартпаңыз. Олар сізді жаңа табыстарға жетелейді.
Слайд 166. Ақша – үлкен қуат көзі болғандықтан, әрі ұқыптылықты жақсы
көретіндіктен ең бірінші жақсы әмиян таңдап алыңыз. Сосын оған әр
тиынды дұрыстап тұрып салыңыз, әмияныңызды сыртынан сипап, оған жылы сөздер айтыңыз, ақшаның еркелеткенді жақсы көретінін естен шығармаңыз.
Слайд 177. Ақшаны жұмсаудағы ең басты қателіктердің бірі – оны қолдан-қолға
беру. Сол себепті оны берерде ағаштан жасалған үстелдің немесе сөренің
үстіне қойыңыз. Өйткені, адам өз қолымен ақшаны басқаның қолына бергенінде өз қуатын бірге беруі мүмкін. Ал ақшаны ағаштың үстінен алсаң, мамандардың айтуынша, ағашта нашар қуат күшін тұншықтыратын қасиет бар. Егерде ақша алғанда мұндай мүмкіндік болмаса, үйге келісімен әлгі ақша салынған әмияныңызды ағаш үстелдің, сөренің үстіне жарты сағат қою қажет.
Слайд 188. Ақшаны түнде беруге, түнде алуға болмайды. Себебі ақша да
барлық табиғаттың құрылым бөлшектері тәрізді таңертең оянып, күн батқанда ұйықтайды.
Сондықтан да ұйқыдағы ақшаны алып та, беріп те қажеті жоқ.
9. Маңдайға біткен дәулет үшін өтем төлеу жақсы. Байлықты сақтап қалу үшін қайырымдылық шараларына мол шығын шығарып, жаманшылықтың алдын алады, Мешіт, медіресе, аурухананы өз қаржысымен салдырып, халыққа сыйға тарту – бұрыннан жалғасып келе жатқан сауапты іс. Тек оны атын шығару үшін жасамау қажет.
Слайд 1910. Ақша өзіңді жақсы көруі үшін алдымен Сіз ақшаны жақсы
көріңіз. Алайда ақшаны ар-ұяттан, ұлттық мақсат-мүддеден жоғары қоймаңыз. Жетпей, таусылып,
қарызға батып қалған кезде ғана ақшаны ойламай, оны әрдайым байлық ретінде жақсы көріп, оның молаятынына кәміл сеніңіз. Ақша жолы болмайтын, өзіне-өзінің сенімі жоқ адамдардан қашады. «Маған сондай жалақы, сондай ақша жетеді», - деп, ақшаға шектеу қойып, өзіңіздің табыс көзіңізді жауып тастамаңыз. Табысыңыз өз қажеттілігіңізден артылып жатса, қайырымдылық жасаңыз. Ақша қайырымдылықты жақсы көреді.
Слайд 20Ақшаның күші мен қасиетін білдіретін 7 ереже
1. Мал - баққанға,
ақша – адалдан тапқанға бітеді.
2. Ақша туралы арам ой да
- зиян.
3. Алаған қолым – береген. Үстемелеп берсеңіз, үстемелеп аласыз.
4. Қайырымдылықпен айналыссаңыз, шығынның қайтарымы мол болады.
5. Басы артық дүниеңізді басқаларға беріңіз. Алғысының күші ақша болып қайтады.
6. Жанашырлық жасағанды Жаратқан Ием жарылқайды. Біреуге міндетті түрде көмектесетін бол.
7. Фәнидегі басты парызың – қайырым, садақа. Оны ұмытсаң, өзің де ұмытыласың.
Слайд 21 Мадақ пен сыйлық ақша Адамды мадақтау
да, оған ақшалай сыйлық жасау да оның миына біркелкі дәрежеде
жағымды әсер етеді екен. Бұл - жапондық және американдық ғалымдардың ашқан жаңалығы.
Баспасөз беттерінде жарияланған мәліметтер бойынша бұл тәжірибе Жапонияның Оказаки қаласындағы ұлттық психология институтында жасалынған. Оған 19 адам қатысқан. Оларға ми мониторингі жүргізіп, алғашқыда тәжірибеден өтушілерді үш-үштен бөліп, құмар ойындарын ойнатады. Сол кезде оларға басқа адамдар келіп мақтау сөздер айта бастайды. Сонда анықталғаны: ақша ұтқанда әлгі адамдардың миының қай бөлігі ерекше белсенділік танытса, мақтауды естігенде де мидың сол бөлігі белсенділік көрсетеді. Яғни, ақша мен мадақ адам миына бірдей жағымды әсер етеді.
Слайд 22Қорытынды
Сонымен енді ақша салатын әмияныңызды алыңыз. Бұрынғыдан өзгеше көзқараспен қараңыз.
Ішіндегі ақша түзу, ретпен салынған ба? Ұсақ-түйектің өзіне мән беріңіз.
Ақша – үлкен қуат болып саналады, ол көңіл бөлгенді, түзу әрі ретімен салынғанды ұнатады.
Слайд 23 Ақшаға адал болуға әдеттеніңіз.
Жоғарыда айтылған
кеңестерді үнемі ойыңызда ұстап, қолдана біліңіз. Асықпаңыз, адамның әрбір ойының
жүзеге асуына уақыт керек. Тек шын ниетіңізбен сенсеңіз болды.
Бәрі де сіздің қолыңызда!