Разделы презентаций


Презентация для урока "Абайтану"

Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас қосып кездесетін ордасы болды. Ауқатты әке Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап”, "Абай”, "Қазақ”, "Шолпан”, "Сана”, "Сарыарқа”, "Таң” сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып,

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қайым Ғабдұлқайым Мұхамедханов - 5.01.1916 жылы  Шығыс Қазақстан облысы Семей

қаласы қазіргі Жаңасемейде бұрынғы «Заречная слободка» деп аталатын жерде дүниеге

келіп, 30.06.2004 жылы  қайтыс болған қазақ әдебиетіндегі абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы, Шәкәрім шығармаларын алғаш насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы, әдебиеттанушы ғалым, жазушы, драматург, аудармашы, текстолог, М. Әуезовтің шәкірті, 1940 жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі, Семейдегі Абай мұражайының негізін қалаушы, 1945 жылғы Қазақ КСР мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағының халықаралық Абай атындағы сыйлығының алғашқы лауреаты, қоғам қайраткері, ақын,  педагог. 

Қайым Ғабдұлқайым Мұхамедханов - 5.01.1916 жылы  Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы қазіргі Жаңасемейде бұрынғы «Заречная слободка» деп

Слайд 3 Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас

қосып кездесетін ордасы болды. Ауқатты әке Абай мұрасын қастерлеген. "Айқап”,

"Абай”, "Қазақ”, "Шолпан”, "Сана”, "Сарыарқа”, "Таң” сияқты басылымдарды үй кітапханасына алғызып, жан азығы еткен.  сан мәрте көрген. Сондай ахуалда өскен зерек, зейінді бала Қайымның ойы мен сезімі елшіл, отаншыл, қазақшыл болып, табиғи үрдісте қалыптасқан.
Қайым Мұхамедхановтың әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлының шаңырағы зиялылардың бас қосып кездесетін ордасы болды. Ауқатты әке Абай

Слайд 4 Қайым Мұхамдехановтың абайтанудағы соқпағы алашорда ойшылдарымен етене жақын

болған әкесі Мұхамедханның әсері мен ықпалынан болар.  Қайым 1916 жылы

5 қаңтарда Семей қаласы, қазіргі Жаңасемейде, бұрынғы «Заречная слободка» деп аталатын жерде дүниеге келген. Әкесінің азан шақырып қойған аты Ғабдұлқайым. Бұл кез алашорда зиялыларының Семейге жиналып, қаланың қазақ халқының рухани орталығына айналған кезі еді. Қазақтың атқамінер ел басылары, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің дені осы қалада тұратын. Қайымның әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлы (1870-1937) өз заманында көзі ашық, көкірегі ояу әрі ауқатты азамат болған. Сондықтан ұлын 1924 жылы Семей қаласындағы төрт жылдық бастауыш мектепке оқуға береді. Өз халқының ұлттық тарихы мен мәдениетіне ерекше көңіл бөлген зерделі әке «Айқап», «Шора» журналдары, «Қазақ»,  «Дала уалаятының газеті», «Сарыарқа» газеттерін жаздырып алып, өзі де оқып, Қайымның да білімі мен мәдениетінің нәрінен сусындауына мүмкіндік жасайды.

Қайым Мұхамдехановтың абайтанудағы соқпағы алашорда ойшылдарымен етене жақын болған әкесі Мұхамедханның әсері мен ықпалынан болар.

Слайд 5 Бала Қайымның  дана болып, «абайтанудың білгірі» атануының

 бастауында тұрған алғашқы ұстазы Тұрлықан Хасенұлы  болды. Ол дарынды ақын,

жазушы, публицист болды. 1937 жылы жазықсыз жала жабылып,  репрессия құрбаны болды. 1937 жылғы ел басына төнген қатерлі нәубет, М.Сейітқұлұлының отбасында айналып өтпейді. Мұхамедхан 1937 жылы 24 қарашада НКВД органдарымен тұтқынға алынып, 27 қарашадағы УНКВД үштіктің қаулысымен өлім жазасына кесіліп, 2 күні атылған. 
1928 жылы Мұхамедхан отбасы кәмпескеге ілініп, талан-таржыға түсті. Бай, кулак қатарына жатқызылып, үйін тәркіледі. Отбасымен аш, панасыз күйге түсті. Кейінен әке үйі № 20 мектепке айналдырып, тағдырдың ащы әжуасындай Қайым  сол мектептен оқыды. Қат-қабат келген ауыртпалықты бұғанасы бекімеген бала  көтеріп, төзе білді. Ел санасын есеңгірткен азапты жылдар оқуға құштарлығына бұғау болып, ерте жасынан еңбекке араласты. 1932-35 жылдары Семей оқу мекемелерінеде техникалық жұмысшы болып істейді. 1936-37 жылдары пән мұғалімдерін даярлайтын курсты оқып жүріп, мұғалімдер курсында қаражат табу үшін сабақ береді. Семейдің мұрағатында бұл жайлы хаттамалар сақталған.                Бұл жөнінде ғалым: «Әкейді ұстап әкеткен соң мені мектептен шығарды. Ешбір мектеп қабылдамады. Содан күнкөріс қамымен қара жұмысқа түстім. Кейіндеу мұғалімдер институтына түстім»,-деп еске алады.

Бала Қайымның  дана болып, «абайтанудың білгірі» атануының  бастауында тұрған алғашқы ұстазы Тұрлықан Хасенұлы  болды.

Слайд 6«Абай» журналының 70 жылдан соң қайта жарық көруіне, Семейдегі «Алаш

арыстары» мұражайының ашылуына Қайым Мұхамедханов  көп еңбек сіңірді. Қайым  Мұхамедхановтың

ғылыми зерттеу еңбектері
Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. Қазақ әдебиетінде өлкелік әдебиет тарихының қолға алынып, зерттеле бастауына М.Әуезов ұйытқы болса, Қ.Мұхамедханов өзінің ғылыми шығармашылық жолында үнемі осы бағытты назарда ұстаған ғалым. Оның тарихи шындықты бұрмаламай, деректерді нақтылы дәлелдермен берген мақалалары 400-ден астам.
«Абай» журналының 70 жылдан соң қайта жарық көруіне, Семейдегі «Алаш арыстары» мұражайының ашылуына Қайым Мұхамедханов  көп еңбек

Слайд 7Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін

Қайым Мұхамедханов еңбекте¬рінсіз елестету мүмкін емес . Бұл туралы белгілі

Әуезовтанушы ғалым Т.Жұртбай өзінің «Қайсар ғалым» (1989, «Жұлдыз») деген мақаласында: «Қ.Мұхамедханов – Абай өлеңдерін жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу тарихын зерттеген историограф, үш-төрт басылымына түсініктеме жазған библиограф, Абай шығармаларының дұрыс жазылуын жүйелеген текстолог, Абай және оның ақындық дәстүрі хақында монографиялық еңбек жазған теоретик, сол замандағы қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды қағазға түсірген фольклорист», – деп бағалайды.
Қазақ әдебиеттану ғылымы, абайтану, өлкелік әдебиеттану, қазақ әдебиетіндегі текстология мәселелерін Қайым Мұхамедханов еңбекте¬рінсіз елестету мүмкін емес .

Слайд 8Жалпы Қайым Мұхамедхановтың өлеңдеріндегі ерекшелік, нені жырласа да қарапайым сөздермен

өз ойын бейнелі, әсерлі, мәнерлі жеткізуінде.
Бала кезінен

таныс болған Қайым Мұхамедханов ұлы жазушы және ғалым, ірі қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовпен отбасы достығының эстафетасын әрі қарай  жалғастырып әкетті. Кейіннен осы қаламдас ағасының кеңесімен жігерлі де ізденімпаз жас Ғабдулқайым тынымсыз еңбектің арқасында Абайдың, балалары Ақылбайдың, Мағауияның, Тұрағұлдың, оның замандас шәкірттері Әсеттің, Шәкәрімнің, Әріптің, Көкбайдың және ізбасарлары Ахмет Байтұрсыновтың, Жүсіпбек Аймаутовтың, Міржақып Дулатовтың, Мағжан Жұмабаевтің т.б. өмірі мен шығармашылығын зерттеумен ұқыпты шұғылданды.

слева направо - КУРМАНБЕК ЖАНДАРБЕКОВ, КАЙЫМ МУХАМЕДХАНОВ и ТАЙЫР ЖАРОКОВ (...

Жалпы Қайым Мұхамедхановтың өлеңдеріндегі ерекшелік, нені жырласа да қарапайым сөздермен өз ойын бейнелі, әсерлі, мәнерлі жеткізуінде.

Слайд 91916 жылдың қақаған қаңтар айының 5 күні Мұхамедхан отбасында дүниеге

келген сәби Қайымның өмір жолында да қақаған кезеңдер аз болған

жоқ. Барлық сын сағаттардан жігерлілік, шыдамдылық, көрегенділік, білімдарлық таныта жүріп, аман өтті. Қандай қиын қыстау кезеңде абайтану бағытынан айныған емес. Қазақтың көсемдері мен шешендерін орға айдаған 37-нің құрығы Қайым ағаны да аз әуреге салмаған еді. Теріс жала жабылып, жалындап тұрған шағында Қайым аға 25 жыл түрменің де дәмін татты
1916 жылдың қақаған қаңтар айының 5 күні Мұхамедхан отбасында дүниеге келген сәби Қайымның өмір жолында да қақаған

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика