Разделы презентаций


Презентация по казахской литературе на тему "Бейімбет Майлин"

Содержание

Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Бейімбет Майлин

Бейімбет Майлин

Слайд 3Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы төмендерге арналған оқу

кітабын» (1929); «Күш» - сауаттылығы төмендерге арналған оқулықты (1930); «Жаңаша оқы және жаз» құралын (1931) және Ғабит Мүсіреповпен және А. Ситдыковпен бірге «Сауатсыздарға арналған әліппені» (1935-1936) жазып шығарды.
Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартты «Сауаттылығы

Слайд 5Өмірбаяны
Туып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай

жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік зардабын шегіп, байларға

жалданады.Алғаш ауыл молдасынан оқып сауат ашқан.
1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласындағы Уәзифа медресесінде, Қостанайдағы орысша қазақша мектепте, Уфадағы Медресе Ғалияда оқып білім алған.
1916-1919 жылдары мұғалім болады, жазу­шылықпен шұ­ғылдана бас­тай­ды. «Қа­зақ», «Ауыл» газеттері мен «Айқап», «Садақ» ( Садақ журналы ) журнал­дарына жа­зып тұрады. Бейімбет Майлин «Еңбекшіл қа­заққа» «Еңбек туы» болып тұрған кезде-ақ атсалыса бастаған. Алғаш мақалала­рымен қатысқан ол әдеби қызметкер, бөлім меңге­рушісі, хатшысы да болған, редакторлыққа дейін өскен. Бірақ көп істемеген.
1920-1922 жылдары газетті жасауға алғаш шығарушылар алқасы басшылық жасап, кейін жекелеген тұлғалар келе бастаған тұста басылымға Бейімбет Майлин секілді жеті-се­гіз адам жетекшілік ет­кені мәлім.Содан соң, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде қызмет істеп (1922-1923), Қостанайдағы губерниялық «Ауыл» газетінде шығарды (1925). 1925-1928 жылдары қайтадан «Еңбекші қазақ» газетінде қызмет істеп, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясын (ҚазАПП) ұйымдастыруға қатысты (1928-1932). Мұнан кейінгі 30-шы жылдарында «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, «Ауыл тілі», «Қазақ әдебиеті» басы­лымдарының бас редак­торы болып істейді.[2]
1938 жы­лы жазықсыз тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны болды.
ӨмірбаяныТуып-өскен жері — қазіргі Қостанай облысының Таран ауданы. Бір жасқа толмай жатып әкесінен, алтыға шығарда шешесінен айрылған. Жетімдік

Слайд 6Уфадағы “ Ғалия” медресесі

Уфадағы “ Ғалия” медресесі

Слайд 8Шығармалары
Бейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер.

Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында (1914), «Қазақ» газетінде

(1915) жарияланған алғашқы өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының мұң мұқтажын, арман аңсарын, әсіресе азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек етеді. Бейімбеттің поэзиялық шығармаларындағы Мырқымбай типтік кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің болмыс бітімін, уақыт, қоғам аясындағы тіршілік тынысын суреткерлік шыншылдықпен бедерлей алған.
Бейімбет қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Бейімбет Майлы дарыны оның прозалық шығармаларында айрықша жарқырап көрінген. Әсіресе, қазақ прозасында әңгіме жанры Бейімбет шығармалары арқылы кемелдене түсті. Оның әңгімелері өмір шындығын дөп басып көрсететін реалистік тегеурінімен, көркемдік биік өресімен, тақырыбының әр алуандығымен дараланады. Ол көркем әңгімелері арқылы өзі өмір сүрген заман тынысы мен қоғам өмірін энциклопедиялық кемелдікпен сомдай алған ұлы суреткер.
Бейімбет он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол ірілі ұсақты 25 пьеса, либретто, сценарийлердің авторы.
Бейімбет Майлиннің шығармалары қазақ әдебиетін барлық салада байытқан рухани асыл қазына ретінде халқымен мәңгі бірге жасайтын болады
ШығармаларыБейімбет поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер. Ол «Садақ» қолжазба журналында (1913), «Айқап» журналында

Слайд 9“Ғалия” медресесінде оқыған шәкірттермен бірге

“Ғалия” медресесінде оқыған шәкірттермен бірге

Слайд 10 Ғалымжан Ибрагимов Гирфанұлы

Ғалымжан Ибрагимов Гирфанұлы

Слайд 11Мәжит Ғафурин

Мәжит Ғафурин

Слайд 12Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма!  Бірлікпенен жұмыс атқар, басыл да!  Азын-аулақ миың болса

басыңда,  Партия, штат, дау - шарыңды қой,  қазақ! — дейді. Бұл

сөздің бүгінгі күн үшін де ешбір ескірмегенін дәлелдеп жату артық. Кеңес өкіметі орнап, халықты тырп еткізбей, өз ырқына көндіргеннен кейін Бейімбет те жаңа тіршілік жағында болып, ауылдық жердегі жұмыстарға қатысады. 1922 жылдан бастап мерзімді баспасөзде жұмыс істеп, сол кездегі астана — Орынборда шығатын газеттерде әңгіме, өлең, очерктері шығып тұрады. "Шұғаның белгісі" хиқаяты журналда жарияланып, өлеңдер жинағы жарық көреді. 1923 жылы Қостанай қаласында "Ауыл" газетін шығарысады, сол кездегі қазақ прозасының айтулы табысы саналған белгілі "Раушан — коммунист" хикаяты алғаш рет сонда басылады.
Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма!  Бірлікпенен жұмыс атқар, басыл да!  Азын-аулақ миың болса басыңда,  Партия, штат, дау -

Слайд 13Үкіметтің арнайы шақыруымен 1925 жылы жаңа астана — Қызылордаға келіп,

республикалық басылымдарда жауапты қызметтер атқарады. 1934-1937 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің

редакторы болады, өмірінің ақырына дейін 1934 жылы құрылған Қазақстан жазушылар одағының басшылық құрамында больш, әдеби істі ұйымдастыру, жас таланттарды тәрбиелеу жұмысына аянбай ат салысады. Жазудан жалықпайтын майталмен суреткердің ірілі-уақты талантты туындылары күн құрғатпай дерлік жарық көріп жатады. Туған елінің Қазан төнкерісіне дейінгі және одан кейінгі өмірін, ондағы өзгерістер мен олардың терең себептерін, адамдарының психологиясы мен мінезін жетік білетін сұңғыла талант иесінің қаламынан туған өлең, поэмалары, соның ішінде, әсіресе төңкерістен кейінгі қазақ кедейінің типтік бейнесін табиғи сомдаған "Мырқымбай" топтамасы, қысқа да қызықты әңгімелері, әйгілі "Шұғаның белгісі", "Раушан — коммунист" хиқаяттары, "Азамат Азаматыч" романы, "Талтаңбайдың тәртібі", "Майдан", "Неке қияр", т.б. драмалары — бәрі жиналып келіп, ауыл өмірінің біртұтас көркем күнделігі, ғажайып суреттің шежіресі іспетті. Даңқты замандастары Бейімбет шығармашылығын солай қабылдап, солай бағалады да. 1933-1936 жылдары жарық көрген төрт томдық шығармалар жинағын қоса алғанда, көзі тірісінде Б. Майлиннің елу шақты жеке кітабы шыққан. Бұл жағынан кезінде оған теңдес басқа қазақ қаламгері болған емес. Ерен талант, біртоға мінезді ерінбейтін еңбеққор жазушы 1937 жылы нақақтан қамауға алынып, 1938 жылдың ақпанында, өзінің даңқты қаламдас, түйдей құрдас-достары С. Сейфуллин, I. Жансүгіровтермен бірге тоталитарлық жүйенің құрбаны болды. 
Үкіметтің арнайы шақыруымен 1925 жылы жаңа астана — Қызылордаға келіп, республикалық басылымдарда жауапты қызметтер атқарады. 1934-1937 жылдары

Слайд 14Алғашқы прозалық туындысы “Шұғаның белгісі”

Алғашқы прозалық туындысы “Шұғаның белгісі”

Слайд 15Үлкен суреткер артына тамаша туындыларын қалдырды. Бейімбет сол замандағы қазақ

ауылының тұрмысын, ауыл адамдарының мінез-құлқын қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған

ауқымда, терең білгірлікпен және шыншылдықпен жан-жақты суреттеді. Кедейінің болсын, байы мен орташасының болсын дәл, шынайы, типтік бейнелерін жасады және соның бәрін тарихи даму, өзгеру үстінде суреттеді. Бейімбет жасаған бейнелер, оның прозасы мен драмаларындағы сияқты, оқырманға езу тартқызып, сүйіндіріп отыратын ұтымды да шуақты күлкімен — әзіл-ажуамен даралана, әсерлі де қызықты бола түседі.  Ақын өлеңдерінің мазмұны мен өзіндік көркемдік сипаттары оның осы ауыл өмірінің реалистік бейнесін сомдауымен ерекшеленеді. Соған шабыттандырған күш не екенін мына шумақан анық көруге болады:  Сенің зарың — зарлайтыным өмірде,  Сенің арың — арлайтыным өмірде.                    Сен жыласаң — көзден жасым тамшылар,  Сен қуансаң — қайғы, шерім аршылар. 
Үлкен суреткер артына тамаша туындыларын қалдырды. Бейімбет сол замандағы қазақ ауылының тұрмысын, ауыл адамдарының мінез-құлқын қазақ поэзиясында

Слайд 16"Кедейге" деген бұл өлең оның кедей қауымына берген серт-уәдесі іспетті.  Ал

"Ұлы күн" өлеңінде жоғарыдағы ойын жалғастыра келіп, оның себебін де

айтады.                                Жырлағаным — кедейдің жыры,              Сырлағаным — кедейдің сыры.                 Сырым да бір, жырым да бір,  Мен-дағы сол кедейдің бірі.                        Көріп отырғанымыздай, ақын дала тіршілігіне, қыр елінің кейпіне өзінің шыққан тегі — кедейдің көзімен қарайды. Қоғамдық ой-сананы уысында ұстап, билеп-төстеген, көзқарас атаулыны таптық таразымен өлшеген заманда жоқтықпен көз ашқан жазушының бұра тартар жөні де жоқ болатын. Әйтсе де суреткер Бейімбет шындыққа өктемдік жасап, өңін айналдырған жоқ, оның туындыларында қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар, жаңа мен көненің күресі, түрлі таптар мен жіктер өкілдерінің ой-санасы, мінез-құлқы, психологиясы, даралық сипаттары көзбен көріп, қолмен ұстағандай жанды, әсерлі бейнесін тапты. Қазіргі оқырман үшін де ол типтер эстетикалық ләззатқа бөлеп, елітіп әкететіндей шынайы.  Ақын төңкеріске дейінгі де, төңкерістен кейінгі де ауылды суреттегенде кедейлерге мұраттастық, мұңдастық тұрғысынан көрсетеді. 

Слайд 17Бейімбеттің кедейлерге іш тартуы мен жақындығы кеңестік саясат пен идеологияның

ғана әсері десек, шындықтан бұра тартқандық болады. Ол сонау медреседе

оқып жүрген кезінің өзінде жазған "Мұқтаждық" деген алғашқы өлеңінде-ақ:                                                         Ай, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой!  Талапкерге қарсы тұзақ құрдың ғой!  Қолды созып, бойды жазып жүргізбей,  Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой, — деп, мұқтаждықтың талапты жастың алға басқан қадамын кейін тартып, "жалыңдаған жүрегін сендіретінін" күйіне жазған.  Медресе-Ғалиядағы шығьш тұратын қолжазба журнал— "Садақта" тұңғыш жарияланған (1912) "Мұсылмандық" деген қазақтың ескі тұрмысының кейіпсіз, кесірлі, күйінішті, күлкілі көріністерін ажуа-сықақ, мысқылмен шындыққа сай суреттей келе, кейбір қазақтардың діншілдігінің жасандылығын келемеждейді. Дін парызын орындағансып, зекетке берген көтерем тай, қотыр қойының есебіне "о дүниеде" жұмақтан бір-ақ шыққысы келетіндерді кекетіп:  Барлық қазақ иемденіп жұмақты,  Басқаларға орын қылмай жүрмесін,- дейді ақын. 
Бейімбеттің кедейлерге іш тартуы мен жақындығы кеңестік саясат пен идеологияның ғана әсері десек, шындықтан бұра тартқандық болады.

Слайд 18Поэмалары дегенде, қаламгердің өзі ат қойып, айдар таққан әйел теңдігі,

махаббат тақырыбындағы "Рәзия қыз", "Маржан"' "Зайкүл", "Қашқан келіншек" пен әлеуметтік

маңызды тақырыптарды көтерген "Қанай", "Бөліс", "Өтірікке бәйге", "Хан күйеуі" тәрізді сүйікті туындыларын атаймыз. Осылардың ішіндегі көркемдік деңгейі мен жанр табиғатын сақтауы жөнінен ертеректе (1919) жазылған "Рәзия қыз" бен бертінде, Бейімбет бірыңғай прозаға ден қойған кезінде, жазылған "Маржан" (1933) поэмалары көрнекті орын алады.  Қалған поэмалары ішінде "Хан күйеуі" шытырман оқиғалы, қиял-ғажайып ертегі түрінде келеді де, өзгелері 1916-жыл оқиғасы, азамат соғысы, жер бөлісі тақырыптарын қозғайды. 
Поэмалары дегенде, қаламгердің өзі ат қойып, айдар таққан әйел теңдігі, махаббат тақырыбындағы

Слайд 19“ Айқап” журналының сыртқы беті

“ Айқап” журналының сыртқы беті

Слайд 20Бейімбет  қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты

үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл»,

«Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай» поэмалары тақырыбының әр алуандығымен, оқиғалық тартымдылығымен, өзіндік тіл стилімен қазақ поэзиясының көрнекті үлгілерінің бірі болып табылады.
Бейімбет  қазақ поэзиясында поэма жанрының өрісін ұзартып, өресін биіктетуге қомақты үлес қосқан. Оның «Байдың қызы», «Рәзия қызы»,

Слайд 21Замандастары: "Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан

бас алмайтын еді", — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын

жаста — қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай. Бейімбеттің көлемді де, көркем тұңғыш туындысы, қазақ прозасының тартымды үлгілерінің бірі- «Шұғаның белгісі». Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе- әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін- бірі сүйген екі жастың- Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық жай айтылады. Шұғаның әкесі қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, түрлі жаламен Әбдірахманды жер аудартады. Осындай зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Жазушының негізгі мақсаты- жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау. Жастардың бас азаттығын көксеу, бұған кедергі келтіретін әдеттерді батыл таңбалау ХХ ғасыр басындағы демократиялық қазақ әдебиетіндегі басты сарындардың бірі еді.
Замандастары:

Слайд 23Бейімбетте қара өлең бастаған қазақ өлеңінің байырғы түрлерінің бәрі дерлік

бар және Абай жасаған жаңаларының да (мысалы, "Мырқымбай" топтамасында алтыаяқ

үлгісінде жазылған өлең бар) кейбірі кездеседі. Бірақ солардың бәрінен ақынның өзіндік қолтаңбасын, стильдік мәнерін айыру қиынға түспейді. Бұл ерекшелік Б. Майлин өлеңдерінде көбінесе ойға салмақ түсіріліп, сыртқы әшекей, түрлеуінен гөрі, ішкі сырына баса мән беретінінен көрінеді. Ақын поэзиясы айтайын деген ойының айқын, анықтығымен, тілінің құнарлы, суреттілігімен ерекшеленеді. Әсіресе, "Мырқымбай" топтамасынан бастап өзінше бір ұғымды стильдік сипатқа ие болған ауызекі сөйлеу мәнерін (интонациясын) бөліп атауға болады. Оған шымшыма мысқылы мен аңқаусыған әжуасы, ақжарқын күлкісі қосылғанда, шығарманы жандандырып, қызықты да тартымды етіп жібереді.  Қорыта келгенде, Б. Майлин поэзиясын Қазақ төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі жылдардағы ауыл өмірінің өзінше бір көркем кестелі шежіресі деуге болады, оның өзіне тән елеулі ерекшелігі мен тарихи мәні де осында.   
Бейімбетте қара өлең бастаған қазақ өлеңінің байырғы түрлерінің бәрі дерлік бар және Абай жасаған жаңаларының да (мысалы,

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика