Разделы презентаций


Презентация урока по теме: "Міржа?ып Дулат?лы."Шешені? балаларын с?ю"

Содержание

Міржақып Дулатұлы (1885-1935)

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Сабақтың тақырыбы:
Шешенің балаларын сүюі
Міржақып Дулатұлы

Сабақтың тақырыбы: Шешенің балаларын сүюі Міржақып Дулатұлы

Слайд 2Міржақып Дулатұлы
(1885-1935)

Міржақып Дулатұлы (1885-1935)

Слайд 3

С а б а қ т ы ң м

а қ с а т ы:

білімділік
тәрбиелік


дамытушылық

Міржақып Дулатұлы өмірі
мен шығармаларының
қыр-сырын меңгеріп,
тереңдей бойлату,
оқулықта берілген өлеңіне
жан-жақты талдау
жасай отырып тақырыбын
ашу

Оқушыларды ананы сүюге,
құрметтеуге, қастерлей
білуге тәрбиелеу

Оқушыларды өз беттерінше
әрекеттендіру,
шығармашылыққа баулу,
пікір айтуға үйрету




С а б а қ т ы ң  м а қ с а т ы: білімділік

Слайд 4Сабақтың түрі:
жаңа материалды
меңгерту

Сабақтың әдісі:
эссе,


топтастыру,
сұрақ- жауап,
пікіралысу


Көрнекілігі:
компьютер,
ақын
портреті,
буклет

Пәнаралық
байланыс:
география,
ән-әуез,
информатика

Сабақтың түрі:жаңа материалды меңгертуСабақтың әдісі:     эссе, топтастыру,сұрақ- жауап,пікіралысуКөрнекілігі: компьютер, ақын портреті,буклетПәнаралық байланыс: география,

Слайд 51) М. Дулатұлы шығармалары жинағы
Алматы, 1997, 1, 2 кітап;
2)

М. Дулатұлы шығармалары
Алматы, 1991;
3) «Елім деп соққан ұлы жүрек»

Алматы, 2002;
4) М. Дулатұлы 5 томдық шығармалар
жинағы, 3,4-кітап.
Алматы, 2003;
5) Баспасөз материалдары

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) М. Дулатұлы шығармалары жинағыАлматы, 1997, 1, 2 кітап; 2) М. Дулатұлы шығармаларыАлматы, 1991; 3) «Елім деп

Слайд 6 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын

бақылау. Оқу құралдарын түгелдеу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.  Амандасу. Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын бақылау. Оқу құралдарын түгелдеу. Оқушылар назарын сабаққа

Слайд 72. Жаңа сабақ. М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы хронологиялық кесте арқылы түсіндіріледі.

2. Жаңа сабақ. М.Дулатұлының өмірі мен шығармашылығы хронологиялық кесте арқылы түсіндіріледі.

Слайд 9
3. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі
Оқып, мазмұнын ашу, талдау.
Кім сендерді,

балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа – күйетұғын?
- Түн ұйқысын төрт

бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
- Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп тез қайтпай, көпке кетсең?
- Бетін жуған жасымен сорлы анаңа
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
- Сендер қайтып келсеңдер адам болып,
Еш арманым болмас еді өлгенімше...
Бұл өлеңде ақын ана баласы жақсы болса қуанып, жалқау болса уайымдайтындығын, баласы үшін түн ұйқысын төрт бөліп, баласы үшін мақтанып, төбесі көкке жетеді деп ананың баласына деген ыстық ықыласын, махаббатын жыр етеді.
3. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңі Оқып, мазмұнын ашу, талдау.Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,Қуанышыңа қуанып, қайғыңа – күйетұғын? -

Слайд 104. Топтық жұмыс.
1-топ. А.Бақтыгереева «Ана жүрегі».


...Қинады

қыздың шарты бөлек екен,
О сұлу неткен қатал керемет ең?!
«Анаңның жүрегін ап келген күні
Мен саған жар боламын»,-деген екен.
Сол қызға есі ауған жігіт мүлде,
Бүк түсіп жата алмады құрып күнде.
Ұйқыда бейқам жатқан сорлы ананың
Жүрегін жұлып алды тұрып түнде.
Сүюдің серті ме еді соның бәрі,
Ол міне, қыздың шартын орындады,
Сүрініп кетсе жігіт келе жатып,
Жүрегі түсіп кеткен қолындағы.
Ананың кезі бар ма кекті болған
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан.
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек
«Құлыным, байқасаңшы», - депті оған...
Осындай аңыз қалған халық ішінде,
Кім білсін махаббаттың даңқы үшін бе?
Болмаса жоқ нәрсені болғыз дейтін
Қыз кездің тәкаппарлық салты үшін бе?
Осы аңыз естігенге қатал-ақ тым.
Дәстүрге қарсы анадан бата алатын,
Кім білсін дәлелдеуге шығарды ма,
Ананың айнымайтын махаббатын?
4. Топтық жұмыс.1-топ. А.Бақтыгереева «Ана жүрегі».

Слайд 112-топ. А.Бақтыгереева «Ана махаббаты»
...Бір күні ханның үні жаңғырықты.
Ел жинап сарай

алдын шаң қылыпты.
Жігіттің қол-аяғын байлатқызып,
Сол жерге екі әйелді алдырыпты.
Депті ол:

«Қысқартыңдар бұлдануды,
Жалындым, айтпадыңдар шындарыңды.
Енді мен екі сарай салғызам да,
Екіге бөліп берем ұлдарыңды».
Екіге хан жігітті шабам депті,
Айбалта әкелуге адам кетті.
Сол кезде бірінші әйел «мен келісем
Жігіттің жарты жағын алам»,-депті.
Еңіреп енді бірі зар жылаған
Бөліске түспесін деп сорлы балам.
« - Мен үшін бөле көрме, жер бетінде
Құлыным аман жүрсе болды маған».
Ол солай қолын жайып алға шықты,
Көз жасы ақ тілеуге жалғасыпты,
Босатқан қол-аяғын жігіт келіп,
Сол жерде анасына жармасыпты.
Сол жерде толқып кеткен халық қатты,
Сонда ана ұлын көріп талып қапты.
Тағында мәз-мәйрам боп отырған хан
Қулықпен ұл анасын анықтапты.
Шынымен хан бөліске салады деп,
Үрейден қалған екен бала жүдеп.
Өлшеусіз мейірім мен махаббатың
Өзгеден бөлексің-ау, ана жүрек!
2-топ. А.Бақтыгереева «Ана махаббаты»...Бір күні ханның үні жаңғырықты.Ел жинап сарай алдын шаң қылыпты.Жігіттің қол-аяғын байлатқызып,Сол жерге екі

Слайд 12Берілген өлең мәтіндері бойынша пікір айту
1. Ананың жүрегін сұратқан қыз

ғашық болуға тұра ма?
2. Өз анасының жүрегін жұлып алуға шімірікпей

тұрған жігіт адал перзент бола ала ма?
3. Бір баланы иемденіп таласу қазіргі өмірде бар ма?
4. Баласын әр түрлі сылтаумен сатпақшы болып, құқық қорғау органдарына әшкере болған аналар өз атына лайық па?
5. Сенің анаң қандай?
6. «Аңыз ақиқаттан шығады» десек, сенің ойыңша осы оқиғалар
өмірден орын алуы мүмкін бе?
7. Егер де өз басыңа анаңды саудаға салар жағдай туса,
не істер едің?
8. Анасын сатқан адамнан жақсылық күтуге бола ма?
9. Анаңның ақ сүтін қалай ақтаймын деп ойлайсың?
10. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген мақалға қосыласың ба?

Берілген өлең мәтіндері бойынша пікір айту1. Ананың жүрегін сұратқан қыз ғашық болуға тұра ма?2. Өз анасының жүрегін

Слайд 135. Топтастыру

Ана

5. ТоптастыруАна

Слайд 146. Пікіралысу
Біздің қоғамға қарттар үйі қажет пе?

Қарттар үйін жою үшін

не істер едің?

Бала анасынан немесе ана баласынан неліктен бас тартады?

6. ПікіралысуБіздің қоғамға қарттар үйі қажет пе?Қарттар үйін жою үшін не істер едің?Бала анасынан немесе ана баласынан

Слайд 151. Авторы:
2. Тақырып:
3. Жанр түрі:
4. Идеясы:
5.

Шумақ саны:
6. Тармақ саны:
7. Бунақ саны:
8. Буын

саны:

9. Ұйқас түрі:

10. Әдеби теориялық ұғымдар:

11. Негізгі түйіні, тәрбиелік мәні:

1. Авторы: 2. Тақырып: 3. Жанр түрі: 4. Идеясы: 5. Шумақ саны: 6. Тармақ саны: 7. Бунақ

Слайд 167. Ой-толғаныс

Эссе «Бүгінгі сабақтан алған әсерім»…
Эссе «Бүгінгі сабақтан алған әсерім»…

7. Ой-толғаныс         Эссе «Бүгінгі сабақтан алған әсерім»…Эссе «Бүгінгі сабақтан

Слайд 178. Мұғалімнің қорытынды сөзі
Ана туралы толғанбаған жан кемде-кем.
Данышпан да,

ғалым да, хан да, қара да ана алақанынан түлеп ұшады.

«Пейіш ананың табанының
астында» деген сөз тегін айтылмаған. Хадистен алынған реуаяттың өзінде мынадай
тәрбиелік мәні зор әңгіме бар. Мәдинада тұратын бір асқан бай Мұхаммед пайғамбарымызға
келіп, «Мен құдайдың ризашылығына бөленіп, о дүниеге барғанда жәннатқа кіргім келеді.
Сол үшін не істеуім керек? Кімге жақсылық жасаймын?» деп сұрайды.
-Анаң бар ма? - депті Пайғамбар.
-Бар
-Онда жақсылықты анаңа жаса,-депті.
Сол күннен бастап әлгі бай анасына қызмет көрсетеді. Біршама уақыт өткен соң әлгі бай
пайғамбарға қайта барып, «Анама жақсылық жасадым, енді кімге жасаймын?»деп сұраса,
«Тағы да анаңа!» деп жауап беріпті.
Бай анасына бар қызметін жасайды. Төрт әйеліне де «Анама қараңдар!» деп тапсырады.
Араға біраз уақытты салып, пайғамбарға тағы келіп, «Анама бар жақсылығымды жасадым, енді
маған ол риза шығар, енді кімге жақсылық жасасам екен?»дейді. Сонда пайғамбар,
«Тағы да анаңа жаса!» деген екен. Бай анасына жалықпай қызмет жасап күтеді. Мәдинадан
Меккеге дейін анасын жаяу арқалап барып, жаяу арқалап қайтады. Сөйтіп, «Мен сияқты анасына
ешкім жақсылық жасамаған шығар» деп пайғамбарға қайтып келеді.
Сонда пайғамбар «Сен анаңның бір түнде бір-ақ рет оянып емізген еңбегін ақтай алдың.
Әрі қарай анаңа қызмет жасауды жалғастыра бер» деген екен.
Демек, дүниеде ана алдындағы парызды өтеу мүмкін емес. Сондықтан анамызды құрмет
тұтуды азаматтық міндетіміз деп ұғына отырып, «Анаға құрмет» әнімен
сабағымызды аяқтаймыз.
8. Мұғалімнің қорытынды сөзіАна туралы толғанбаған жан кемде-кем. Данышпан да, ғалым да, хан да, қара да ана

Слайд 18 9. Оқушылар білімі бағаланды.

10. Үйге тапсырма:

Бейнелі сөздерді

табу; өлеңді жаттау.

9. Оқушылар білімі бағаланды. 10. Үйге тапсырма: Бейнелі сөздерді табу; өлеңді жаттау.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика