сырын меңгертіп, тереңдей бойлату, эпопея тақырыбы мен идеясын көркемдік ерекшелігін
меңгерту, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.дамытушылық : Абайдың өскен ортасы мен жастық кезеңін өз сөздерімен айта алу. Оқушылардың ой еркіндігін , эстетикалық сезімін ояту,сюжет желісіне талдау, сөйлеу мәдениетін дамыту.
тәрбиелік : оқушыларға Абайдың ұлылығын , оны әлемге танытқан М.Әуезов шығармасының тереңдігін түсінуіне ықпал ету. Отанын сүю, өскен ортаны бағалау, құрметтеу сезімдерін оятып , нығайту. Еңбекқорлыққа , талаптылыққа , білімқұмарлыққа , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Сөз өнерінің құдіретін сезіндіру. Абай мұрасына қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс
Сабақтың әдіс - тәсілдері: «Ақылдың алты қалпағы» әдісі,сұрақ – жауап, ой бөлісу, мағынаны тану,топтастыру,сергіту,шығармаларын талдау,Мюнстенберг әдісі ,топтық тергеу әдісі.
Оқыту түрі: бірлескен ұжымдық іс – әрекет.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, Абай шығармашылығы жайында жазылған кітаптар мен журналдар көрмесі, буклеттер, ақын жайлы жазылған құнды пікірлер,электронды оқулық, М.Әуезовтың “Абай жолы” оқулығы І-ІҮ том.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, саз өнері, тарих.