Разделы презентаций


Трискайдекофобия немесе 13 саныны? ??пиясы

Содержание

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ ЛЕНИН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТА МЕКТЕБІ КММБағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары Секция: Этномәдениеттану Тақырыбы: Трискайдекафобия

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Жобаның тақырыбы:


Трискайдекафобия немесе
13 санының құпиясы

Жобаның тақырыбы:Трискайдекафобия немесе 13 санының құпиясы

Слайд 2ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ

ЛЕНИН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТА МЕКТЕБІ КММ

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері

және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары

Секция: Этномәдениеттану

 Тақырыбы: Трискайдекафобия немесе 13 санының құпиясы

 Жоба авторы, сыныбы: 8“а” сынып оқушысы
Аждарова Динара Сырымқызы
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ахметова Ақнұр Төлепбергенқызы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ ДЕПАРТАМЕНТІ  ЛЕНИН ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТА

Слайд 3Мақсаты
Жұманың 13-і күнінен адамдардың неліктен қорқатынын зерттеу

МақсатыЖұманың 13-і күнінен адамдардың неліктен қорқатынын зерттеу

Слайд 4Міндеті
Жұманың 13-і күнінің көңілге неліктен үрей ұялататынын анықтау,
санның сырына

үңілу;
13 санына деген қорқыныштың негізін, тарихын зерттеу

МіндетіЖұманың 13-і күнінің көңілге неліктен үрей ұялататынын анықтау, санның сырына үңілу;13 санына деген қорқыныштың негізін, тарихын зерттеу

Слайд 5Өзектілігі: 13 санынан адамдардың неліктен қорқатыны жөніндегі сұрақ мені үнемі қызықтырды,

сондықтан мен осы мәселені зерттеп көргім келді. Зерттеу барысында мен

интернет ресурстарын, ғылыми әдебиеттерді қарастырып, оқушылар мен ата-аналардан, ұстаздардан сұрақ-жауап алып, өзімді толғандырған сұраққа жауап іздедім
Өзектілігі: 13 санынан адамдардың неліктен қорқатыны жөніндегі сұрақ мені үнемі қызықтырды, сондықтан мен осы мәселені зерттеп көргім

Слайд 6Әлемдегі  алты миллиардтай  халықтың әрқайсысының сонау ерте  заманда дүниеге келіп,

тілі  шыққалы, әсіресе, адам баласы қоғамы,  жекеменшіктік «менікі, сенікі, онікі»

сөздері пайда бола бастағаннан бері жан баласын, мал басын, табысын,  шығынын есептеп, санай білген.   Сандар елдің, халықтың тек экономикалық,  шаруашылық хал-жағдайы емес,  олардың саяси,  мәдени, рухани,  ғылыми тіл байлығының да өсу, даму процесін білдіреді. Олай болса, біз енді сол сан атаулының бәрінің емес, тек «13» санының мән-жайы,  сырын ғана аздап сөз етейік.
Әлемдегі  алты миллиардтай  халықтың әрқайсысының сонау ерте  заманда дүниеге келіп, тілі  шыққалы, әсіресе, адам баласы қоғамы,  жекеменшіктік

Слайд 713 санын жек көру қайдан шықты?
13 - ке үрке

қарауға 12 кінәлі, өйткені ежелгі вавилондықтар, римдіктер, қытайлықтар көп нәрсені

12 санымен белгілеп келген. Бір жылды 12 айға бөлсе, бір тәулікті екі 12 сағатқа бөлген, одан әрі қарай қандай сан бары, оларға белгісіз еді. Белгісіздік барлық уақытта да қорқынышты. Сондықтан таныс 12 - нің артынан пайда болған 13 - ке жек көрінішпен қараудың бір себебі де осында.
13 санын жек көру қайдан шықты? 13 - ке үрке қарауға 12 кінәлі, өйткені ежелгі вавилондықтар, римдіктер,

Слайд 8 Революцияға дейінгі  Ресейде қолданылып келген «Юлиан календарының» (күнтізбегі) Григорян күн

тізбегінен 13 күндік айырмасы  болған. Түзету бойынша  кем  есептеліп  келген

күнтізбекке 13-ті қосып, 31-қаңтардан соң, жаңа жылды мерекелеу қаңтар айының бірінші жұлдызында  өткізілетін болды. Осыған қарамастан христиандар  жаңа жыл мейрамын 13-қаңтарда қарсы алуды  ұмытпай келеді.  Провослав шіркеуі  бұл  «түзетуді»  сол кезде мойындамай, Юлиан күнтізбегіне  лайық католиктер мен  протестанттардың өзгеше  Рождество күнін 25 желтоқсан емес, бір апта кеш - қаңтарда өткізіп келді.
Революцияға дейінгі  Ресейде қолданылып келген «Юлиан календарының» (күнтізбегі) Григорян күн тізбегінен 13 күндік айырмасы  болған. Түзету

Слайд 9300 миллионнан астам адамы бар АҚШ-тың көптеген азаматтары үшін «13»

деген санның өзі қорқынышты естіледі екен. Өйткені бұл ел халқының

басым бөлігі – католиктер, ал бұл дін өкілдерінде аталған санға байланысты үрей шақыратын ырымдар көп сақталған.                               Айдың 13-ші күні жұмаға тура келер болса, бұл ел халқы іштей үрейде жүреді. Басқаны айтпағанның өзінде жеке жұмыстарының бәрін жиыстырып қойып, үйлерінен шықпауға тырысады. Тіпті ұзақты күн нәр татпай, көрпені тас бүркеніп жататындары да болады екен.
300 миллионнан астам адамы бар АҚШ-тың көптеген азаматтары үшін «13» деген санның өзі қорқынышты естіледі екен. Өйткені

Слайд 10       Ал мұндай күн жылына әрі кетсе екі мәрте қайталанады.

Мысалы, 2015 жылы жұма, 13-і биылғы ақпан айына дөп келді.

Және наурыз айына, қараша айында қайталанады.
      Ал мұндай күн жылына әрі кетсе екі мәрте қайталанады. Мысалы, 2015 жылы жұма, 13-і биылғы

Слайд 11Римнің ауызша тарихында: "Бақсылар 12 адамдық жиналыс жасайды. 13-ші адам

албасты саналады" делінген. Мұнан бөлек, "13" санының ырымдалуының Иса пайғамбармен

де байланысы бар деген тұжырым айтылады. Інжіл деректерінде Иса дарға асылып өлтірілер қарсаңында өзінің 12 шәкіртін кешкі асқа шақырған. Осы "Ең соңғы кешкі асқа" қатысқан 13 адамның ішіндегі бір еврей сатқындық жасап, 30 жармақ күміс ақшаға бола Иса пайғамбарды сыртынан сатып жіберген. Осыдан соң Иса дәл 13-і күні дарға асылыпты.

Римнің ауызша тарихында:

Слайд 12Ерте заманда бас алатын жендеттердің ақысына 13 доллар ақша беріледі

екен. Ал дар ағашына шығатын баспалдақтың саны да 13 болған...
Міне,

тарихтағы осыншама көп аңыз себебінен "13" саны батыс жұртшылығының жүрегіне "үрейлі сан" болып орнаған.

Ерте заманда бас алатын жендеттердің ақысына 13 доллар ақша беріледі екен. Ал дар ағашына шығатын баспалдақтың саны

Слайд 13Сондай-ақ жұма, айдың 13-ші күні жылан кейпіне енген Ібіліс малғұн

Адам мен Хауаны азғырып, Құдайдың тиме деген жемісінен дәм татырған

деген сөз бар. Адамның ұлы Қабылдың өз бауыры Әбілді өлтірген күні де жұма, айдың 13-інде болған деп айтылады.
Сондай-ақ жұма, айдың 13-ші күні жылан кейпіне енген Ібіліс малғұн Адам мен Хауаны азғырып, Құдайдың тиме деген

Слайд 14Тағы бір жиі айтылатыны – ортағасырлық Еуропадағы көптеген соғыстардың дем

берушісі болған Тамплиерлер орденіне кіретін монахтарға байланысты. Оларды инквизиторлар 1307

жылы 13-сәуірде (жұма күні) түгелімен тұтқындап, өртеп өлтірген екен.
Тағы бір жиі айтылатыны – ортағасырлық Еуропадағы көптеген соғыстардың дем берушісі болған Тамплиерлер орденіне кіретін монахтарға байланысты.

Слайд 15 Тамплиерлер Орденінің рыцарлары

Тамплиерлер Орденінің рыцарлары

Слайд 1612 кабинет 12Б кабинет 14 кабинет
Міне, осы және

басқа да жайларға байланысты аталған елдерде айдың 13-і, егер ол

жұмаға дөп келсе, «қара күн» болып есептеледі. Бұл елдердің көбінде қандай да бір нәрсені нөмірлегенде «13» санын аттап өтеді. Мысалы, АҚШ-тағы көпқабатты үйлердің жартысынан көбінде 12-ші қабаттан кейін бірден 14-ші қабат басталады. Әуежайларда «13»-пен белгіленетін есіктер жоқ, нөмірлеу «12»-ден «14»-ке бірден секіріп кетеді. Сондай-ақ ұшақтар кестесінен де «13» санын кезіктіре алмайсыз.
Жастардың некесі, жаңа істің бастауы, сәт сапарға аттану, жаңа жұмысқа шығу сияқты игі істер айдың 13-ші жұлдызына мүлде орналастырылмайды.

12 кабинет  12Б кабинет  14 кабинетМіне, осы және басқа да жайларға байланысты аталған елдерде айдың

Слайд 17АҚШ-та жұртқа үрей әкелетін бұл ырымды түп-тамырымен жою жолында күресіп

жүргендер де бар. Мысалы, «Ырымдарға қарсы күрес жөніндегі 13-тің одағы»

атты ұйым жылда айдың жұмаға тура келетін 13-ші күні бір жерге жиылып, бұл ырымның түкке тұрғысыз нәрсе екеніне жұрттың көзін жеткізуге тырысады. Олар 13 адам болып, бір дастархан басына жиналады. Сөйтіп, тұз шашады, айна сындырады, май төгеді, әйтеуір түрлі әрекеттер жасап, жұма, айдың 13-і күнінің басқа күндерден еш айырмасы жоғын жұртқа көрсетуге ниеттенеді.
АҚШ-та жұртқа үрей әкелетін бұл ырымды түп-тамырымен жою жолында күресіп жүргендер де бар. Мысалы, «Ырымдарға қарсы күрес

Слайд 18Осыдан бірер жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы «13» санына байланысты

жұртшылық арасында бір қызық байқау жариялаған болатын. Байқау талабы бойынша,

қай айдың болса да 13-і жұмаға тура келмейтіндей етіп күнтізбе жасау керек еді. Көп ұзамай мұндай күнтізбе жасалды, бірақ оның басқа мәселелерге байланысты қолайсыз жақтары көп болып шықты. Сондықтан ол іске жарамсыз деп танылды.
Осыдан бірер жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы «13» санына байланысты жұртшылық арасында бір қызық байқау жариялаған болатын.

Слайд 19Америкалықтар 13 санынан «өлердей» сескенетінін айттып өттік. Бірақ АҚШ-тың туына

қатысты тағы бір жайт бар. 1777 жылы (біздің сенім бойынша

қандай тамаша сан!) Филадельфияда өткен Континенттік Конгрессте АҚШ-тың ұлттық туы бекітілген. Туда 13 жолақ, 13 жұлдыз бар болатын. Бұл сол кездегі штаттардың санын білдіретін. Кейіннен штат саны көбейген сайын жұлдыздар қосыла берген, бірақ жолақ саны сол күйінде қалған
Америкалықтар 13 санынан «өлердей» сескенетінін айттып өттік.  Бірақ АҚШ-тың туына қатысты тағы бір жайт бар. 1777

Слайд 20Жұмаға тура келетін айдың 13-ші күнінен аты әлемді дірілдеткен Наполеонның

өзі де өлердей қорқыпты. Германияны бір елге біріктірген әйгілі Бисмарк

те осы күннің алдында жүрегі сыр беретінін жасыра алмаған. Атақты неміс ақыны Гете бұл күнді ешқайда шықпай, төсекте жатып өткізетін болған. Ал АҚШ-тың 32-ші президенті Франклин Рузвельт айдың 13-ші күні сейсенбіге келсе де бұл кезде мемлекеттік істер тұрмақ, жеке бас шаруаларын да жиыстырып қояды екен.
Сондай-ақ 13 санынан қорыққан француздар «14 қонақ» деген терминдi ойлап тауыпты. Егер басқосуға жиналғандардың саны 13 адам болып қалса, мұндай жағдайда 14 адамды уақытша жалдайтын көрінеді.
Жұмаға тура келетін айдың 13-ші күнінен аты әлемді дірілдеткен Наполеонның өзі де өлердей қорқыпты. Германияны бір елге

Слайд 22Осы мәселеге байланысты тағы бір термин бар Ол параскавидекатриафобия —

жұманың 13-інен яғни “қара жұмадан” қорқу
.

Осы мәселеге байланысты тағы бір термин бар Ол параскавидекатриафобия — жұманың 13-інен яғни “қара жұмадан” қорқу .

Слайд 24Анкета нәтижесі
Осы жоба барысында біз 13 саны туралы ересек адамдардан

анкета алдық
Қойылған сұрақтар:
Жұма 13 –і күнінен қорқасыз ба?
Бұл саннан

қорқыныштың шығу себебін білесіз бе?
Сіз үшін бұл күні бақытсыз жағдай болады дегенге сенсіз бе?
Анкета нәтижесіОсы жоба барысында біз 13 саны туралы ересек адамдардан анкета алдық Қойылған сұрақтар:Жұма 13 –і күнінен

Слайд 25          Қорытынды
Жалпы алғанда, Батыстың көптеген елдерінде жұрт «13» санынан, әсіресе

айдың 13-іне тап келетін жұма күнінен қатты қорқады. Ал біздің

қазекем болса, бұл саннан түк те қыңбайды. Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған Талғат Бигелдинов көкеміз де майданда алғашында 13-ші нөмірлі шабуылдағыш ұшақпен жүріп-ақ жауды жайпағаны белгілі.
Қазақ: «13-те – отау иесі» деп балаларын үлкендер қатарына қосады.
13 дегеніңіз – біздіңше, бірінші мүшел жас.
Бір кездері тіпті «13-ші айлық» деп аталатын қосымша жақсы жалақы да болушы еді.
Қысқасы, біздер үшін 13-тің жақсы жағы көбірек секілді.        «Әр елдің салты басқа...» деген осы шығар.
          ҚорытындыЖалпы алғанда, Батыстың көптеген елдерінде жұрт «13» санынан, әсіресе айдың 13-іне тап келетін жұма күнінен қатты

Слайд 26Дегенмен, 13 саны  қатерінен  қауіптенушілерге бұл сенім ешқандай бақытсыздық әкелмейді

дер едік.
Ислам тарихында жұма мен 13-ші күннің тоғысуына байланысты

ешбір «қатерлі» оқиғалар болмаған. Жұма – мұсылмандардың қасиетті күні, ол айдың қай күнімен дөп келсе де, мұсылмандар басқаға назар аудармай, жұмада мешітке барып, Құдайға құлшылықтарын жасай беруі тиіс. Одан өзге соқыр сенімдерге еру – ақымақтық, дейді дін мамандары.
Қазақтар 7 санын қасиетті санап, мүшел жасты өмірдің қиын, қауіп-қатерге толы кезеңі деп түсініп, сейсенбіде сапарға шықпауға тырысқанымен, ешбір санды жамандамайды.
Біздер үшін Аллаһ Тағаланың барлық күні сәтті. Тек, ниетің оң, ісің адал болсын.
Сондықтан да жұманың 13-і күнінен еш қауіптенудің қажеті жоқ. Жұма болсын, 13-і күні болсын әрбір күніңіз сәтті өтсін деп тілейміз.

Дегенмен, 13 саны  қатерінен  қауіптенушілерге бұл сенім ешқандай бақытсыздық әкелмейді дер едік. Ислам тарихында жұма мен 13-ші

Слайд 27

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика