ғылымдарының өзге салаларында да, механикада, техникада, геометрияда қолдануға болады.
Туынды ұғымы XVII ғасырда бір-бірінен тәуелсіз, екі бөлек тәжірибе арқылы
И.Ньютон мен Г.Лейбництің есептеулерінде пайда болды. И.Ньютон есептеулерді механикаға
байланысты (қозғалыстағы дененің жылдамдыы арқылы), ал Лейбниц геометрияға байланысты
(шексіз аз шама) жүргізді.Ал, бұған дейін туынды ұғымы итальян математигі
Тартальи (шамамен 1500-1557) еңбектерінде кездескен.
1684 жылы Г.Лейбниц Лейпцигтік «Acta Eruditorum» — де өзінің дифференциалдық
есептеулерінің әдістерін жариялап, df/dx белгілеуін енгізді.
Ал, 1797 жылы Ж.Лагранж «туынды» (франц. «derivee») терминін енгізіп,
туындыны y ', f ' белгілеулерімен белгілеуді ұсынды.
Туындыны флюксия, ал функцияның өзін флюента деп атаған
И.Ньютон болса, ғылымға «шек» деген терминді енгізді.
Г. Лейбниц
Ж.Лагранж