Слайд 1ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ГУМАНИТАРЛЫҚ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Тақырып: Ағаш ыдыстарды өндіру және олардың
бүгінгі күндегі практикалық құндылығы.
Орындаған: Мырзаев М.А
ГПК ғылыми методологиялық семинардың төрағасы философ. пәндері канд., доцент: Юсупов А.Ю.
Ақсукент-2014 жыл.
Ғылыми жұмыс
Слайд 2 Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең таралған.
Сонымен бірге, қазақтың тұрмыстық тұтынуындағы бүкіл аспаптың заты ағаш. Себебі,
ертеде қазақтың баспанасы киіз үйінен бастап, қарапайым қасығына дейін ағаштан жасалып отырған. Неге десеңіз, ағаш бұйымдар ыңғайлы, пайдалануға тиімді, сонымен бірге ол тұрмыстық зат есебінде ғана емес, сән үшін де қолданылып, биік өнер дәрежесіне жеткізілген.
Суретші –оқытушылар
одағының төрағасы: Сүлейменов Қ.А.
Слайд 3Ағаштан « астау » жасаудың негізгі мақсаты:
Астау
бұйымын жасаудың негізгі мақсаты халқымыздың тарыхына шолу жасай отырып, өткен ғасырда ата-бабаларымыз тамақ ішуге, малдарына жем-шөп беруге және үй тұрмысында пайдаланылатын заттардың көбісі ағаштан жасалынған бұйымдар болғанын көріп отырмыз. Сонымен қатар сандық, жүк аяқ, жастық ағаш, қымыз жиынтығы, кебеже және сол сияқты үй тұрмыстық бұйымдардың барлығы тек ағаштан жасалғанын білеміз.
Сол бұйымдардың көпшілігі бүгінгі күні үй тұрмысына қайта оралып, теберік ретінде, үлкен құдалар күтуде, той мәзірлерінің бірі ретінде пайдаланылып жүргенін көріп отырмыз. Солардың бірі болып ет салғыш астау болып отыр. Сол себепті ет салғыш астау жасаудың технологиясын оқушыларға үйрету және жасап шығару әдісін менгеруді негізгі мақсаттың бірі ретінде тапсырма берілген болатын.
Слайд 4Темірден жасалған ыдыстардың біздің өмірімізге акелетін пайдасы мен кейбір зияндары.
Слайд 5Ыдыс-аяқ - күнделікті тамақты дайындап, ішіп-жеу барысында пайдаланылатын тұрмыстық заттар
жиынтығы. Ыдыс-аяқ қолдану жағдайына байланысты – тамақ дайындайтын: кастрөлдер, табалар,
қазан, ожау, кәкпір, табақ, қасық, шанышқы және тамақ сақтауға арналған ыдыстар деп бөлінеді.
Темір ыдысты алғаш рет пайдаланар алдында ішіне май жағып, су қайнату не сүт пісіру керек. Темір ыдыста тамақты 2 тәулік -тен артық сақтауға болмайды; тұздалған қияр, капуста т б. осы сияқты тамақтарды да салмаған абзал, өйткені қышқылдық, сілтінің әсерінен ол тез сыр береді.
Слайд 6Шойын ыдыстар қуырып, бұқтырылып пісіретін тамақтарға қолданылады. Шойын ыдыстың түсі қара,
көбінесе ыдыстың ішіне кейде екі жағына бірдей әйнек түсті эмаль жалатады.
Қара шойыннан жасалған ыдыстардың беті кедір-бұдыр болады. Сондықтан да оны тазалағанда ерекше ұқыптылық керек. Өйткені дұрыс тазаланбаған жағдайда оның бетін тат басады. Тат дайындалған тамақтың дәмі мен түсін бұзып, адам организміне зиянды әсер етеді.Сонымен қатар темір тұздары витаминдерді жойып жібереді. Эмальданған шойын ыдыстар органикалық қышқылдардың, тұздардың, сабын және сілтілердің әсеріне төзімді келеді. Эмалы кеткен ыдысқа тамақ пісіруге болмайды.
Слайд 7Ағаштан жасалған ыдыстардың пайдасы
Слайд 8 Ертеде бабаларымыз ағаш ыдыстарды емен, қайың, жаңғақтан және
т.б. ағаштармен жасаған. Қазақ көшпелі халық болғандықтан алып жүргенде ағаш
ыдыстар ыңғайлы әрі сынбайтын болған. Ағаш ыдыспен сұйық тағам ішкенде қолыңды, аузыңды күйдірмей сақтайды сонымен қатар ағаш ыдыспен тамақтанатын болсаң кейбір микроптар болмайды мысалы: астау бұйымы және темір ыдысына бесбармақ салсақ темір ыдыстың көзге көрінбес таты болса ол адам организміне зиянды әсер етеді.Сонымен қатар темір тұздары витаминдерді жойып жібереді, ал астаумен тамақтанатын болсақ адамның өміріне еш теріс кедергісі болмайды адам асқазанына ағаш қалдықтары түссе қорытылып кетеді ал темір қалдықтары түссе өт жолдары толуы әбден мүмкін.
Слайд 9Әсілі, бағзы заманда темір ыдыстардың қат кезінде даладағы малшы алдындағы
қойын сауып жіберіп, отқа тасты қыздырып, ағаш тостағандағы сүтке қызып
тұрған тасты салып жіберіп пісіреді екен. Мұны "қорықтық" болмаса "тас қорық" деп атаған.
Қазір қазақтың өз өнерін, байлығын өзіне көрсететін заман. Дегенмен, ағаш бұйымдары табиғи зат болғаннан кейін таза ұстап, орнымен қолдансаңыз ұзақ жылға шыдас береді.
Слайд 10Асемай салтанат сарайы
тел: 87026605398
Слайд 15Астауды жасау алдында ағаш таңдаудың және даярлаудың өзі барлық жұмыстың
жартысы болып есептелінеді. Немесе кепкен ағаш іздестіру, болмаған жағдайда ағашты
тез арада кептіретін әдістер пайдалану керек.
Бұрын ұсталар ағаштарын арнайы кесіп шілде айларында қойдың қиына көміп кептірген. Қазір ондай мүмкіндіктер болмағандықтан басқаша кептіруге жүгінеміз. Ол қажетті мөлшерде кесіп даярланған ағашты суға өткір етіп тұз салып 2-3 сағат қайнату болып табылады. Өткір тұзды суға қайнатылған ағаштың шайырлары сумен қайнап шығады да, ағаштың дымқылға жарылу проссесі тоқтатылады. Осылай даярланған ағашты бірден шаппай біртіндеп аздан шауып отырған жағдайда бұйым жарылмай таза шығады.
Слайд 16Ет салғыш « астау » шабудың технологиялық әдісі.
1. Үлкен ағаштың
жартылай кесіндісін даярлау.
2.Ағаштың тегіс бетіне тегененің жалпы көрінісіндегі
суретін түсіру.
3.Асты мен ұстіңгі жақтарын биіктік мөлшеріне сәйкес
етіп шабу.
4. Жан-жақтарын үлкен көлеміне сәйкестендіріп шабу.
Слайд 176. Жобаға ұқсата жеке бөлшектерін келтіре қашаумен
жону.
5.
Астау жасау технологиясының әдісі – жанынан
көрінісі.
7. Астаудың ою-өрнектермен әшекейленген көрінісі.
8.
Астадың жалпы көрінісі
Слайд 18Астау- халқымыздың бұрынғы уақыттан бастап қолданып келе жатқан ас тұтынатын
бұйымы болып табылады. Сонымен астаумен қатар ағаш кеселерде кеңінен қолданыста
болған.Астауға тек қана ет салып қана қоймай басқа да майлы дәмді астарды тартуға болады. Астауды жасаудағы әдіс тәсілдерді меңгеру үшін ең алдымен қолөнершінің шеберлігі мен арнайы көркемдік дайындығы болса, бұйым жасауға арналған қажетті жағдайларын ұйымдастыруы қажет. Яғни ең алдымен керекті құрал саймандарды жұмыс орынын дайарлағаны дұрыс. Қажетті шапқы, қашау, пышақтардың түрлі үлгілерін дайындап, астау жасауға арнайы алынған дайындаманы верстак бетінде нық қозғалмастай етіп орнатып (бекітіп) немесе қойып алып, бірақ жұмысқа кіріскен дұрыс. Бұл жерде ағаш таңдауда ағаштың жапырақ тұқымдас түрлерін қолданған дұрыс. Мысалы қайың, терек, үйеңкі т.б. Себебі бұл ағаштар кесуге жұмсақ келеді.
Слайд 19Қазақтың ет тартатын астау-табағы, құрт езетін астауы, сүт, қымыз құятын
шарасы, шөміш секілді барлық ыдыс-аяғы ағаштан жасалған. Оның ішінде сыйлы,
қадірлі қонағына ұсынатын ыдыс-аяқтың жөні тіптен бөлек. Кейінгі кездері ел ішінде осы дәстүрді ұстанатын отбасылардың қатары көбейіп, ағаш бұйымдарды күнделікті тұрмысына қолдана бастады.
Слайд 25 Жұмыс бастамас бұрын пышақтардың жүздерін қайрап, күтім жасау қажет.
Ең бастысы пышақпен жұмыс істеу барысында өте мұқияттылық және абайлық
таныту керек. Себебі, қауіпсіздік ережесі сақталмаса нәтижесінде ауыр жарақат алуыңыз әбден мүмкін. Әр пышақтың өзінің орынды қолданылуы және кесудегі арнайы әдіс тәсілдерін біліп, меңгеру қажет. Жалпы бұйымның сырт көрінісі, кескіні, өлшемі тұтынушының қалауына байланысты. Дегенмен заттың өзіндік қолданылуындағы талап етілетін сапалық, эргономикалық, көркемдік үйлесімдігінің сақталуы қажет. Астауды көркемдеуде ұлттық өрнектердің кез келгенін қолдануға келмейді. Негізі бабаларымыз ыдыс аяқтарды өсімдік тектес өрнектермен өрнектеген. Бірақ ағаш бұйымдарын көркемдеуде жануар текті ұлттық ою өрнектерді де қолдану өте ұтымды, әсерлі нәтиже береді.....сәттілік!
Слайд 32Қисық пышақтың түрлері.
Ою-өрнектер кесуге арналған қашаулар түрі.
Стамескаларды сақтау
әдісі
Ағашты бір-бірімен қосқан жағдайда тереңдіктер алуға
арналған қашаулардың түрлері.
Қажетті құрал
саймандар
Слайд 33Көлемді ойылған оюларды тазартуға арналған егеулер.
Кесілген оюдың негізіне
бедерлер салуға
арналған
пуансондар
Құрал-жабдықтарды өткірлеп отыруға
арналған құм қайрақтар
Ағаш
өңдеуге арналған аралар мен сүргілердің түрлері.
Ағашты тесуге арналған бұрғылардың түрлері.
Слайд 34 Қорытынды.
Ағаштан жасалғаны ыдыс-аяқ бұйымдары адам өміріне пайдасы мол,
қазақ халқының ұлттық сәндік қолөнерін біздің жас ұрпаққа ұмытылмас үшін
оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса құрметті және игілікті іс болмақ.
Шеберлер өзінің творчестволық жоспары туралы кіммен де болса ақылдасып, оның ой – пікірін, ұсынысын тыңдап отырғандары абзал. Ең алдымен әрбір жас шебер өзінің жасаған затын қалай пайдалануға болатынын жақсы білу қажет.
Сол үшін болашақ – қайсы бір өнер жолы болмасын, сурет, күй, театр, кино, өлең жазу тағы да басқа өнерлерімізді қадірлеп, сақтап, аялай білейік.
Өзімнің орындап шыққан жұмысымда алға қойған мақсатымды орындап шықтым деп ойлаймын. Астау бұйымын орындау барысында көптеген істің сырын білдім деп ойлаймын бірақ бұл әле аз деп ойлаймын. Негізгі мақсатымыз егеменді еліміздің алдағы тұрған негізгі мақсаттарын орындау бағыттарын көрсететін іс шараларды мақсат етіп алға қойып отырмын
.
Слайд 35 Пайдаланылған әдебиеттер.
Х. Арғынбаев. Қазақ халқының қолөнері: Ғылыми-зерттеу еңбек.-Алматы,1987.
Маргулан
А.Х. Казахская юрта и ее убранство. М. 1964.
Муканов М.С. Казахские
домашние художественные ремесла. Алматы,1979.
Қазақ совет энциклопедиясы.1-12 томдары.Алматы,1972-1978.
Қазақ әдебиет тарихы. 2-ші том. Алматы,1961.
Жарықбаев Қ. Қазақ психология ғылымның қарлығашы(Ж.Аймауытов). Бес арыс.Алматы,1992.
Жарықбаев Қ.,Қалиев С. Халық педагогикасының
тағылымдары. “Бастауыш мектеп”, 1990, № 2.
Сәрсенбаев Н.С. Обычай, традиции и общественная жизнь. Алматы,1974.
Білім туралы заң, тұжырымдама.
Қазақстан шеберлері, Алматы 1980.
Парасат журналы, Алматы 1990.
О.Жәнібеков “ЭХО” Москва 1988.
“Өнер” Алматы 1988.
А.Х.Марұлан, “Казахское народное прикладное искусства”
Алматы “Өнер” 1986
16. С.Қасымов “Қазақ халқының қол өнері”
Қазақстан баспасы 1969.
17..Жарықбаев Қ.,Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.
(Оқу құралы).-Алматы,1995.
О. Бейсенбекұлы. Саэды аспаптар сыры.
А. Құралов. Қол өнер бұйымдарына байланысты
терминдердің түсіндірме сөздігі.
Слайд 36«Сәндік қолданбалы өнер» пән бірлестігінің бітіруші АК-112 Б /101 тобының
студенттерінің дипломдық жұмыстарының тақырыптары.
Слайд 37АК-112Б топ студенті Әбдіқадыр Д. Дипломдық жұмысы
Жетекшісі: М.А.Мырзаев
Слайд 38АК-112Б топ студенті Әсілбек Е. Дипломдық жұмысы
Жетекшісі: М.А.Мырзаев
Слайд 39АК-101 топ студенті Путинцев К. Дипломдық жұмысы
Жетекшісі: М.А.Мырзаев