Слайд 1Мукими атындағы №13 жалпы орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
“Қазақтың ұлттық
ою-өрнектері
Өткізген: бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі А.Ж.Аккузова
3 “А” сынып
2016-2017 оқу жылы
Слайд 3Сабақтың әдісі
сөйлеу
көрнекілік
ізденіс
зерттеу
Оқуды басқару әдісі
көрнекілік
өзіндік жұмыс
Еңбек тапсырмалары
логикалық
Слайд 7І. Ұйымдастыру бөлімі
Сыныпты үш топқа бөлеміз:
Слайд 8Төрт жолдық өлең шығару, поэзия минуты.
Слайд 10 Қазақтың ұлттық ою-өрнегі — қазақ жерін мекендеген көшпелі
тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген
ою-өрнек түрлері.
Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.
Слайд 11Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік, тұрмыстық бұйымдар мен
киімдерді нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Жаппай дамыған кезеңінде (19 ғасырдан
кейін) қазақтардың үй жиһаздарын әшекейлеуге кең көлемде қолданған ою-өрнектерді, негізінен: зооморфтық, өсімдік сипатты, геометриялық, космогониялық түрлерге жіктеуге болады. Олардың ішінде жануарлардың сыртқы пішініне, мүйізіне, тырнағына, мойнына, табанына, т.б. мүшесіне ұқсас ою-өрнектер халық арасына кең тараған. Зооморфтық ою-өрнек кебеже, жүкаяқ, әбдіре, асадал сияқты тұрмыстық бұйымдар әшекейінде жиі кездеседі. Аталған ою-өрнектер кебеже бүйірінде, көбінесе, тігінен бедерленіп, бос жерлерін толықтырған, ал төсектің жан ағашы белгілі бір ырғақпен түгел дерлік өрнектелген. Кейде оларды өсімдік сипатты өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
Слайд 12Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлері
Слайд 15Жануарлар тектес ою - өрнектер өрнектер
Ою-өрнектердің бір түрі
мүйіз.
«МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл
элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады.
Слайд 18Жануарлар тектес ою - өрнектер өрнектер
Слайд 19мүйіз
қосмүйіз
қыңыр мүйіз
табан
қаз мойын
Өркеш
Слайд 20қошқармүйіз
маралмүйіз
Өрмекші
тырнақатар
Слайд 22Ғарыштық (космогендік) өрнектер
Қазақ жиhаздарында космогониялық ою-өрнек те кең
таралған. Ол кебеже мен әбдіре бетінің дәл ортасында, көбінесе, күн
бейнесінде бейнеленіп, айналасына ұсақ жұлдызшалар, бұлт, толқын салынады
Слайд 26 Геометриялық ою-өрнектер
Үй жиһаздарында геометриялық ою-өрнек түрі жиі
кездеседі. Ол барлық дерлік бұйымдарда орын алады, көбінесе, жалпы композиция
құру барысында негізгі күрделі ою-өрнектерді жалғастырушы, толықтырушы рөлін атқарады. Кейде әр қилы орындалған сызықшалар 40 – 50 көлбеу орналасса, бір тұстарда қосарласа тартылады. Ол үй жиһазының жиектеріне, бүйірлеріне, қапталдарына нақышталады. Көбінесе, кебеже, әбдіренің орта тұсында шеңбер, сызық түрінде бедерленеді. Сондай-ақ, үй бұйымдарында геометриялық ою-өрнектердің үшбұрыш, төртбұрыш, сүйірбұрыш, айқышты, сопақша түрлері де кездеседі.
Слайд 27 Геометриялық ою-өрнектер
төртүшкүл
балдақ
қармақ
шынжыр
тұмарша
ирек
Слайд 34 Өсімдік сипатты ою-өрнектер
Қазақ оюы, қазақтың ою-өрнегі — үй-жиһаздарын, сәндік,
тұрмыстық бұйымдарды нақыштап безендіруге қолданылатын өрнектер. Кейде оларды өсімдік сипатты
өрнектермен сабақтастырып, жарасымды тұтас композиция құраған.
Слайд 35ағаш
үш жапырақ
Өткізбе
гүл
жауқазын
шиыршық
жапырақ
Слайд 37Керамика, ағаш, киім, тері, тоқыма өнерлері
Слайд 38Қазақтың ұлттық қамзолы мен шапаны
Слайд 40Ә.Қастеев
Өнерді таудың бұлағынан
Қойдың құлағынан.
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен үйрендім.
Слайд 41Қолөнерді дамытуға
ерекше үлес
қосқан қазақстан
суретшілері
Ә.Қастеев
А.Ғалымбаева
Г.Исмайлова
А.Дүзелханов
С.Бапанова
Е.П.Николаева
Слайд 42“Ою ойғанның ойы ұшқыр” балалар шығармашылығы
Слайд 43Сематикалық карта
Ою-өрнектер неше түрге бөлінеді?
Жауабы:Космогенді, геометриялық, өсімдік
тектес, жануарлар тектес оюлар.
Қошқар мүйіз оюының мазмұны неде?
Жауабы: Молшылық пен берекеде.
Құс атаулы оюларды атайықшы?
Жауабы: Құсқанат, құсмойын, құстұмсық
Қағазға оюды қандай тәсілмен орындайды?
Жауабы: Бір бүктеу, екі бүктеу, үш бүктеу, т.б күрделеніп орындалады
Симметрия дегеніміз не?
Жауабы:Бүктелген бөліктердің екеуі де дәл келуін симметрия дейді
“Өнерді таудың бұлағынан, ешкінің құлағынан, апамның киізінен, қошқардың мүйізінен “деп кімнің айтқаны екен?
Жауабы: Сурет өнерінің атасы-Әбілхан Қастеев
Слайд 44Қорытынды:
1.Оқушылардың білімі мен машықтық жұмысын бағалау.
2. Үйге тапсырма беру.
Аққу оюуын матаға жапсырмалап, тігіп келу.
3.Жұмыс орнын жинау.
Слайд 47Назар қойып
тыңдағандарыңызға
рахмет!