Слайд 1
Сыныбы: 5 сынып
Пәні : Бейнелеу
өнері
Сабақ тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің түрлері мен кескіндеме жанрлары.
Слайд 2
Сабақ мақсаты:
1.Оқушыларды бейнелеу өнерінің түрлерімен, жанрларымен таныстыру кескіндеме
жанрлар туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық: Кескіндеме өнері әрі пейзаж жанры туралы
білімдерін тереңдету. Өнерге деген көзқарасын қалыптастыра отырып, есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелігі: Әсемдікке, сұлулыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, бейнелеу өнеріне және өз елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Слайд 3Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ әдісі: СТО технология элементтері,
түсіндіру
көрсету. Практикалық жұмыс.
Пән аралық байланыс: Музыка, әдебиет, дүниетану, тарих.
Сабақ көрнекілігі:
Интерактивті тақта фотосуреттер, суретші шығырмалары.
І Ұйымдастыру.
а) оқушылармен амандасу түгендеу.
ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Ой қозғау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Графика дегеніміз не?
Графика – грек сөзі, қандай мағынаны білдіреді?
Графиканың әсерлегіш құралдарын ата.
Штрих дегеніміз не және түрлерін ата.
Гравюра деп нені айтады?
Гравюра қай елде және қай ғасырда пайда болған?
Гравюраның қандай түрлері бар?
График суретшілерді ата
«Құрманғазы» шығармасының авторы кім?
Слайд 5ІІІ. Жаңа сабақ.
«Бейнелеу өнерінің түрлері
мен жанрлары».
Бейнелеу өнері дегеніміз айналамыздағы өмір көріністерін жазықтықта
әрі кеңістікте cуреттейтін өнер түрі.Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді.
Слайд 6Тірек сызба
Бейнелеу өнері
Графика
Мүсін
Сәулет өнері
Сәндік қолданбалы
өнер
Кескіндеме
(живопись)
Слайд 7Графика дегеніміз қара қарындашпен немесе тушпен ақ қағазға орындалатын көркем
шығарманы графика дейміз.
Мүсін дегеніміз тастан қашалып, ағаштан ойылып, ермексаздан
жапсырмаланып, металдан құйылып сомдалатын белгілі бір бейне. Мүсін жұмыр және бедерлі болып келеді.
Сәулет өнері адам өміріне қажетті нысандар мен ғимараттарды салу өнері.
Сәндік қолданбалы өнер халық тұрмысында қолданылатын түрі көп өнер.
Кескіндеме бейнелеу өнерінің негізгі және ең көп тараған түрі. Кескіндеме дегеніміз әртүрлі бояулар мен орындалған көркем шығармалар.
Слайд 10 Сәулет өнері
Амантоғай ауылындағы
Шайхы молла мешіті
Слайд 13Кескіндеме
(живопись)
Батальдық жанр
Маринистік жанр
Тарихи жанр
Портрет
Анималистік жанр
Натюрморт
Пейзаж
Слайд 14Жанр дегеніміз өнер туындыларын бір-бірінен ажырататын ерекше белгілер.
1. Пейзаж –
табиғат әсемдігін бейнелейтін өнер.
2. Портрет – адам келбетін бейнелейтін шығарма.
3.
Натюрморт жансыз заттар мен бұйымдарды бейнелейді.
4. Маринистік – су әлемін суреттейді.
5. Тарихи – белгілі бір тарихқа қатысты жанр.
6. Батальды – соғыс оқиғаларын бейнелейтін шығарма.
7. Анималистік – хайуанаттар мен жануарлар дүниесін бейнелейтін жанр.
Слайд 21Кескіндеме өнерінің пейзаж жанрына тоқталамыз.Суретте табиғатты, даланы, орманды, тау мен
теңізді, алыстағы елдерді бейнелеген шығарма пейзаж деп аталады ал осындай
табиғатты бейнелейтін суретшіні пейзажист суретші деп атайды.
Слайд 27Күз
Шөптер шабылады
Егін орылады
Құстар жылы жаққа ұшады
Жемістер көкөністер піседі
Күн салқындайды
Жапырақтар
сарғаяды
Слайд 28VII.Ал ендеше, оқушылар, біздер осы табиғатқа яғни
жыл мезгілдеріне
байланысты ақын Абай атамыздың қандай өлең тақпақтарын білеміз?
Оқушылардан айтып
берулері сұралады.
Слайд 29
Практикалық жұмыс.
1.Күз көрнісін бейнелеу. Табиғат көрінісінен сюжеттік
композиция құрастыру.
2.Композициялық шешім
табу, қағаз бетіне ықшамды бейнелеу.
3.Бояу түстерін таңдай білу ортақ
түске бағындыру.
VІІІ. Сабақты бекіту кезеңі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сөзжұмбақты шешу.
Слайд 381.Белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма.
2.Табиғат көрнісін
бейнелейтін жанр.
3.Соғыс оқиғалары бейнеленген көркем шығарма.
4.Жан – жануарларды, құстарды
бейнелейтін көркем шығарма қалай аталады?
5. «Дастарқан» - атты көркем шығарманың авторы кім?
6.Теңіз, өзен – көлдер, тоғандар сияқты табиғат көрнісін бейнелейтін шығарма.
7.Адам бет - бейнесін бейнелейтін көркем шығарма.
ІХ. Қорытындылау.
Оқушы жұмыстарын
тексеру, суреттеріне талдау жүргізу.
Сұрақ – жауап.
Бағалау.
Сонымен оқушылар, біздер бүгін қандай өнер түрлерімен
және сол өнер түрлерінің ерекшеліктерін білдік?
а) Жаңа сабақ бойынша сұрақтарың бар ма?
ә) Балалар, бүгінгі сабағымыздан қандай әсер алдыңдар?
Слайд 40
Х. Үйге тапсырма.
1.Суретті аяқтау.
2.Суретші шығармаларымен танысу.