Разделы презентаций


Қазақстанның фортепиано өнері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ фортепиано өнері шығармалары туралы мағлұмат бере отырып, музыкалық танымдарын кеңейту.Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік мәні: Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 104.02.2017 ж
Қазақстанның фортепиано өнері

04.02.2017 жҚазақстанның фортепиано өнері

Слайд 2
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ фортепиано өнері шығармалары туралы мағлұмат бере

отырып, музыкалық танымдарын кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу

қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды бірін-бірі тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ фортепиано өнері шығармалары туралы мағлұмат бере отырып, музыкалық танымдарын кеңейту.Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын

Слайд 3 Батыс Еуропа фортепиано аспабы ХVІІІ ғасырда пайда болып, бүкіл

мәдениеттің тарихы даму жолында өз әсерін тигізді. Фортепиано халық арасында

кеңінен тарап, көпшіліктің ең сүйікті аспабына айналды. Фортепиано өнері әлемдегі классикалық музыканың негізін қалады. 1945 жылы Алматы консерваториясында фортепиано сыныбы ашылып, студенттер кәсіби ұстаздардан дәріс ала бастайды.

Батыс Еуропа фортепиано аспабы ХVІІІ ғасырда пайда болып, бүкіл мәдениеттің тарихы даму жолында өз әсерін тигізді.

Слайд 4 Алғаш ашылған фортепиано сыныбының меңгерушісі Мәскеу консерваториясының профессоры Г.Н.Петров

болды. Ал Петербург консерваториясының ұстазы Е.Ф. Гировскийдің жетекшілігімен фортепианоға арналған

оқу бағдарламасы жазылды. 1947 жылы консерваторияда алғаш рет пианистер сайысы ұйымдастырылып, сол сайыста қазақтың тұңғыш пианисі Нағым Меңдіғалиев ерекше көзге түседі. 1983 жылы Алматы консерваториясының ректоры Ғазиза Жұбанова Кеңес үкіметі басшыларынан пианистердің Бүкілодақтық іріктеу сайысын Алматы қаласында өткізуге рұқсат алады. Сөйтіп, алғаш рет Орта Азия халықтарының арасында бұрын-соңды болмаған ауқымды Одақтық сайыс өткізіледі.
Алғаш ашылған фортепиано сыныбының меңгерушісі Мәскеу консерваториясының профессоры Г.Н.Петров болды. Ал Петербург консерваториясының ұстазы Е.Ф. Гировскийдің

Слайд 5Қазақстанда өткізілген бұл сайыс Еуропадағы ең әйгілі Маргарита Лонг және

Жак Тибо атындағы сайыстың талабы бойынша ұйымдастырылды. Ал осы сайыста

Станислав Бунин мен Жәния Әубәкірова жеңіп шықты. Екі орындаушы да Францияда өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды. Париж қаласында өткен сайыста алғаш рет Азия халықтарының арасынан барған қазақ қызы Ж.Әубәкірова үлкен табысқа жетіп, лауреат атанды. 2000 жылдан бастап Ж.Әубәкірова Орта Азия халықтарының арасында халықаралық пианистер сайысын өткізіп келеді.
Қазақстанда өткізілген бұл сайыс Еуропадағы ең әйгілі Маргарита Лонг және Жак Тибо атындағы сайыстың талабы бойынша ұйымдастырылды.

Слайд 6Музыка тыңдайық!
Жәния Әубәкірованың орындауында Ф.Листтің “Грезы любви” ноктюрні.

Музыка тыңдайық!Жәния Әубәкірованың орындауында Ф.Листтің “Грезы любви” ноктюрні.

Слайд 7 Жәния Әубәкірова- К.Байсейітова атындағы Республикалық музыка мектебін тамамдаған.

Профессор Л.Власенконың сыныбы бойынша Мәскеу консерваториясында жоғары білім алған. 1981

жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық қызмет атқарған. 1997 жылы консерваторияның ректоры болып тағайындалды. 1983 жылы Францияда өткен М.Лонг және Ж.Тибо атындағы халықаралық сайыста лауреат атанды. Ол концерттік сапарлармен Франция, Англия, Германия, АҚШ, Жапония, Корея, Ресей, Польша, Венгрия, Болгария, Финляндия, Италия, Израиль, Грекия, Түркия мемлекеттерінде өнер көрсеткен. Бүгінгі таңда Ж.Әубәкірова- Орта Азия халықтарының арасындағы ең таңдаулы пианистердің бірі.
Ж.Әубәкірова- Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері. Ол Францияның “Өнер және әдебиет орденімен” марапатталған.

Біліп ал!

Жәния Әубәкірова- К.Байсейітова атындағы Республикалық музыка мектебін тамамдаған. Профессор Л.Власенконың сыныбы бойынша Мәскеу консерваториясында жоғары

Слайд 8Сұрақтар:

1.Қазақстандағы фортепиано өнері қалай қалыптасты?
2.Фортепиано өнерінің дамуына кімдер ықпал жасады?
3.Қазақстандағы

қандай дәстүрлі сайыстарды білесіндер?

Сұрақтар:1.Қазақстандағы фортепиано өнері қалай қалыптасты?2.Фортепиано өнерінің дамуына кімдер ықпал жасады?3.Қазақстандағы қандай дәстүрлі сайыстарды білесіндер?

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика