Разделы презентаций


Қазақстанның скрипка мектебі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ скрипка мектебі мен оның негізін салушылармен танысу. Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік мәні: Оқушыларды бірін-бірін тыңдай

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 14.01.2017 жыл
Тақырыбы:

Қазақстанның скрипка мектебі

14.01.2017 жылТақырыбы:Қазақстанның скрипка мектебі

Слайд 2 Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ скрипка мектебі мен оның

негізін салушылармен танысу.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе

білу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Оқушыларды бірін-бірін тыңдай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ скрипка мектебі мен оның негізін салушылармен танысу.   Дамытушылық: Оқушылардың

Слайд 3 Қазақстандағы кәсіби өнердің дамуының өзіндік

тарихы бар. Алғаш рет елімізде 1932 жылы музыкалық- драмалық техникум

ашылды. Техникум театр әртістері мен скрипкашы, пианист, әнші-вокалист және халық музыканттарын кәсіби тұрғыда дайындай бастады. Бұл біздің республикамыздың мәдени өмірі үшін үлкен жаңалық болды. Қазақ мәдениеті мен өнері жаңа қарқынмен дами түсті. Елімізге белгілі композитор Ахмет Жұбанов қазақтың халық аспаптар оркестрін құрды. Кейін алғаш рет симфониялық оркестр ұйымдастырылып, опера және балет театры мен Алматы консерваториясы ашылды.
Батыс Еуропада скрипка өнерінің тарихы ХVІ ғасырдан басталған еді. Еуропада скрипка аспабының дамуы мен оның жетілдіруіне жүз жылдан аса уақыт кетті. Еуропа музыканттары скрипкада орындау техникасын шыңдап, бірте-бірте аспаптың репертуарын да қалыптастырды. Аспап жасаушы шеберлер, композиторлар мен орындаушылардың ондаған ұрпағы Еуропадағы скрипка өнерінің тарихына ерекше үлес қосты.
Қазақстандағы кәсіби өнердің дамуының өзіндік тарихы бар. Алғаш рет елімізде 1932 жылы

Слайд 4 Осындай үлкен еңбектің нәтижесінде елімізде

скрипка мектебі қалыптасты. 1976 жылы Айман Мұсаходжаева Белград және Югославияда

өткен халықаралық сайысқа қатысып, дипломант атанды. Айман өзінің табиғи дарыны мен қажырлы еңбегінің арқасында әлемге белгілі скрипкашы бола білді. Ол 1981 жылы Италияда, 1983 жылы Жапонияда, 1985 жылы Финляндияда, 1986 жылы Ресейде өткен халықаралық скрипкашылар сайысында лауреат атанды. Айман өзінің жеке концерттерінде әлемнің ең үздік камералық және симфониялық оркестрлерімен бірге өнер көрсетіп келеді. Айман Мұсаходжаеваға халықаралық
ЮНЕСКО ұйымы “Әлем әртісі” деген атақ береді. Ал 2005 жылы АҚШ-та Айман Мұсаходжаеваның есімі “Әлемнің ең үздік әйелі” атты энциклопедияға енді. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде Қазақстандағы скрипка мектебі қалыптасып, әлемдік деңгейде өз орнын тапты.

Осындай үлкен еңбектің нәтижесінде елімізде скрипка мектебі қалыптасты. 1976 жылы Айман Мұсаходжаева

Слайд 5Музыка тыңдайық!
Айман Мұсаходжаеваның орындауында С.Джоплиннің

“Ректайм” атты шығармасын тыңдап көрейік.

Музыка тыңдайық!     Айман Мұсаходжаеваның орындауында С.Джоплиннің “Ректайм” атты шығармасын тыңдап көрейік.

Слайд 6Біліп ал!

Айман Мұсаходжаева 1998 жылы Астана
қаласында Қазақ ұлттық музыка
академиясын ( қазіргі Қазақ ұлттық өнер
университеті) құрып, оның ректоры болды.
Қазақстандағы бұл оқу орнында мектеп
табалдырығынан бастап, арнаулы орта (колледж) және жоғары білімді кәсіби музыканттар даярланады. Қазақстанның музыка академиясы әлемдегі ең беделді музыкалық білім ордаларының арасынан абыройлы орынға ие болды. Осы академияның студенттері мен түлектері бұл күнде халықаралық және республикалық сайыстардың лауреаттары атанып, түрлі фестивальдар мен ғылыми конференцияларға қатысып келеді. Музыка академиясының ең үздік түлектері “Солистер академиясы” атты камералық оркестрдің құрамында өнерлерін жалғастырып жүр. 2005 жылы Айман Мұсаходжаева осы оркестрмен бірге Вашингтондағы атақты Кеннеди орталығы мен Нью- Йорктегі әлемге танымал Карнегихолл концерт залында өнер көрсетті.
Біліп ал!

Слайд 7Түсініп ал!
Лауреат- музыка сайысының жеңімпазы. “Лауреат” атауы

Ежелгі Грекияда пайда болған. Осы атаққа ие болған түрлі сайыстардың

жеңімпаздарын лавр жапырақтарынан жасалған тәж кигізіп, марапаттайтын болған.
Дипломант- сайысқа қатысушыларға берілген атақ. Бұл атақ жоғары деңгейде орындаған сайыскерлердің шеберлігі үшін беріледі.
Түсініп ал!   Лауреат- музыка сайысының жеңімпазы. “Лауреат” атауы Ежелгі Грекияда пайда болған. Осы атаққа ие

Слайд 8 Ән орындайық!

Ақ көгершін
Әнін жазған А.Жұбанов
Өлеңін жазған Н.Баймұхамедов
Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт, ел үшін,
Кең дүниенің көлемін. Сенен көзін алмайды
Әділеттің құсы деп, Ақ ниетті бар адам.
Көз алмастан жолыңнан, Ақ қанатың талмайды
Бақыт болып қоншы деп, Әділеттен жаралған.
Ұшырамын қолымнан. Тыныш, бейбіт өмірдің
Қайырмасы: Белгісі боп қанат қақ.
Ел тілегін алып ұш, Әлемге ортақ көңілдің,
Адамзаттың бағына. Қайт шыңына қонақтап.
Қара бұлтты жарып ұш,
Мұхиттың арғы жағына.

Ән орындайық!

Слайд 9 Қорытынды:
1. Қазақстандағы кәсіби музыка мәдениеті қалай дамыды?
2. Еуропа

және Қазақстандағы скрипка өнерінің дамуында қандай ерекшеліктер бар?
3. Айман Мұсаходжаева

әлемге Қазақстандағы скрипка өнерін қалай танытты?
Қорытынды: 1. Қазақстандағы кәсіби музыка мәдениеті қалай дамыды?2. Еуропа және Қазақстандағы скрипка өнерінің дамуында қандай ерекшеліктер

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика