Слайд 1"Дәстүрлі күйшілік өнер!"
Музыка сабағы
Слайд 2 Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Композиторлардың өмірі мен жолы, шығармашылығы,
дәстүрлі күйшілік өнерін түсіндіру арқылы білімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Білімділікке, адамгершілікке, бірін-бірі
сыйлауға, еңбекке, шығармашылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, ойлау, ұғыныңқы сөйлей білу, білім-біліктілік дағдыларын дамыту. Балалардың шығармашылық белсенділігін музыкалық тапсырмалар арқылы ояту.
Слайд 3Сабақтың түрі: жаңа білім беру;
Сабақтың көрнекілігі: Музыка аспабы – домбыра,
диск,
Интерактив тақта, Power Point бағдарламасында
дайындалған слайд. Композиторлардың суреттері.
Сабақтың
әдісі: Сұрақ-жауап
Музыкалық материал
Күй: Құрманғазы “Сарыарқа”, “Адай”.
Ән: И.Нүсіпбаев: “Домбырасыз сән қайда”.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет, бейнелеу.
Слайд 4Сабақтың барысы:
Дәстүрлі күйшілік өнер.
Күй атасы – Құрманғазы.
Музыка тыңдау
(оқушылар музыкадан алған әсері бойынша суреттеп беру, суретін бейнелеу).
Сөзжұмбақ “Күйші”.
Музыкалық
сауат “Дыбыс ұзақтықтары”
6. И.Нүсіпбаев «Домбырасыз сән қайда» ән үйрену
I.Ұйымдастыру кезеңі
Қызығушылықты ояту
Сабақты Құрманғазының «Балбрауын» күйімен бастаймын
II Жаңа сабаққа дайындық кезеңі
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, балалар, дәстүрлі
күйшілік өнер.
.
Слайд 5Күй дегенді қалай түсінеміз?
(Оқушылардың ой-пікірін тыңдау)
Слайд 6III Жаңа сабақты меңгерту
2. Аспаптық музыка – музыка аспаптарында
орындалатын шығарма.
Дауылпаз
Асатаяқ Қоңырау
Тұяқ Дабыл Домбыра
Слайд 7Күй – қазақтың домбыра, қобыз, шертер, сыбызғы, т.б. сияқты ұлттық
музыка аспаптарында орындалатын әуен-саз.
Күй – бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары
аспаптық жанр. Онда табиғи құбылыстар, тарихи оқиғалар, Жан-жануарлар, түрлі оқиғалар суреттеледі.
Күй тақырыбына, мазмұнына қарай аңыз, күй, тартыс күй, лирикалық болып бөлінеді.(осы жерде оқушылардан күйші-композиторларды сұрау, суреттерін көрсету)
ХVІІІ ғ. Байжұма, Есжан, Боғда, Байжігіт, Махамбет т.б. сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен танылды.
Байжігіт
Боғда
ХІХ ғ. Күйшілік өнердің одан әрі дамуына Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Сүгір, Ықылас, Қазанғап, Абыл сияқты күйшілер өз үлесін қосты.
Ықылас Тәттімбет Қорқыт Құрманғазы
ХVІІІ ғ
Слайд 9Құрманғазы
Сағырбайұлы Құрманғазы (1823-1896) – қазақтың ұлы күйші-композиторы.
Өмірбаяны
Туып-өскен жері Бөкей хандығы,қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі
деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань(Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер. Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған адам болыпты. Ал, нағашы жұрты – Беріш руы.Қалмақ шапқыншылығы кезінде асқан ерлігімен көзге түскен Ағатай батырдың есімі исі Берішке ұран болған. Одан берідегі Өтеміс би, Махамбет ақын, Исатай батыр бір ғана Беріш руының емес, исі қазақтың ардақты ұлдары.Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған.
Слайд 10 Шығармалары
Құрманғазының ғұмыр кешкен
уақыты, әсіресе оң солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі
мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын. Қашанда ел басына келген нәубеттің ауырлық тауқыметі ең алдымен еңсесі биік ерлердің иығына түсетін әдеті. Замана зобалаңы Құрманғазыны да от-жалынымен
шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол,шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір-бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған. Құрманғазы өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты. Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет – ол концептуалды күйші. Бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңіліп, ой толғау Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы. Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті.
Күйлері
Күйдің аты Орындаушы
1.
Кішкентай Ғабдиев Рысбай
2. Арба соққан Ахмедияров Қаршымбай
3. Ақсақ киік Рүстембек Омаров
4. Ақбай Жантілеуов Қали
5. Адай Жантілеуов Қали
6. Алатау Жантілеуов Қали
7. Сары-Арқа Ахмедияров Қаршымбай
8. Төремұрат Ғабдиев Рысбай
9. Терісқақпай Ғабдиев Рысбай
10. Байжума Ғабдиев Рысбай
Слайд 12 Шығайұлы Дәулеткерей (1814-1887) - қазақтың әйгілі күйші композиторы,
төре күйлерінің негізін қалыптастырушы. Бұрынғы Бөкей ордасында, қазіргі Батыс Қазақстан
облысының Орда ауданына қарасты Қарамола деген жерде дүниеге келіп, өзінің ата қонысынан топырақ бұйырған. Ата бабасы Өріс (Орыс) ханнан бері қарай хандық биліктен қол үзбеген. Бөкей хан өлген соң, Дәулеткерейдің әкесі Шығай сегіз жылдай Бөкей ордасына хандық билігін жүргізген.
Дәулеткерей төре күйлерінің дәстүрін біржолата орнықтырып, төре тартысты тұтас бір мектеп ете алған адам. Сондықтан да болар, Дәулеткерейді академик А.Жұбанов «төре күйлерінің атасы» дейді.
Әрине, Дәулеткерей тақыр жерден өнген дарын емес. Ол өскен ортада күйшіліктің әбден қалыптасқан дәстүрі болған. Соқыр Есжан, Байжұма, Мүсірәлі сияқты күйші домбырашылар Орда төңірегіне құлақ түргізген дарын иелері еді. Дәулеткерей осы күйшілердің дәстүрін шабыт тұғыры еткен. Әсіресе, оның күйшілік өнерге елдік мазмұн дарытып, шабыт жанығандай күй кешуіне Құрманғазымен кездесуі себепші болады. Қос ұлы күйші іштей түсінісіп, жан жүректері жарасып, тіптен, бір-біріне күй арнайды.
Слайд 13Күйлері
Күйдің аты Орындаушы
Қос ішек
Тоқтаған Айжан
2. Қос алқа
Жантілеуов Қали
3. Көркем ханым Дина Нұрпейісова
4. Аңшылық Шамиль Абылтаев
5. Топан Жантілеуов Қали
6. Жігер Жантілеуов Қали
7. Жеңгем сүйер Рахым Тажібаев
Слайд 14Дина Нұрпейісова (1861-1955)
1861 жылы Батыс Қазақстан облысының Жаңақала
ауданында туып-өскен. Халықтың күйші-композиторы, қазақ мәдениетінің көрнекті қайраткері. Әкесі белгілі
домбырашы адам екен, қызы Динаға 8 жасынан бастап-ақ сол өнердің қыр-сырын үйрете бастаған. Оның ұлы күйші Құрманғазымен алғаш кездесуі де осы кез. 8-9 жасар Дина ұстазының күйлерін үйреніп қана қоймай, оның күйшілік-орындаушылық өнердегі ерекшеліктерін, дәстүрін жалғастырады. Динаның тырнақалды «Бұлбұл», «Байжұма», «Көгентүп» атты күйлерінде халықтың күйшілік дәстүрі айқын сезіледі. 1916 жылғы оқиғаға шығарған «1916 жыл» күйінде Құрманғазының Исатай мен Махамбетке арнаған «Кішкентай» күйінің әсері байқалады.
Дина Нұрпейісованың композиторлық творчествосының кемелденіп, күйшілік-орындаушылық өнерінің шабыттанған шағы – кеңестік дәуір. 1937 жылы ол халық өнерпаздарының Республикалық байқауына қатысып, жүлделі орын алса, екі жылдан соң Мәскеуде өткен халық музыка аспаптарында орындаушылардың байқауында І-орынды иемденіп, «Домбыраның Жамбылы» атанды. Дина күйлері өзінің ұлттық музыкалық бояуымен, терең психологиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Бұлардың қатарына атақты «Әсем қоңыр», «Тойбастар», «Ана аманаты», «Сегізінші март» т.б. жатады.
Нұрпейісова қазақ халқының музыка мәдениетіндегі өткендегі және қазіргі бай материалдарын творчестволықпен игерді, осы арқылы өзінің табиғаты бөлек күйлерін, оны орындаудың өзіндік тәсілдерін жарқырата көрсетті. Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында да атақты домбырашының композиторлық қызметі бір сәтке тоқтаған жоқ. «Ана аманаты» күйін өмірге әкеледі, ал соғыстың біткендігі жөніндегі хабарды «Жеңіс» күйімен қуана қарсы алады. Нұрпейісованың көмегімен Мемлекеттік Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар оркестрі көптеген ғажайып күйлерді меңгерді. Ол оркестрдің орындаушылық мәдениетін домбырада ойнаудың алуан түрлі ерекше әдіс-тәсілдерімен байытты. Сол арқылы оркестрде Құрманғазының және басқа да көптеген қазақ аспаптық музыка өкілдерінің күйлері орындалып, қуатты симфониялық ансамбльдің үніне айналды.
Слайд 15 ТӘТТІМБЕТ ҚАЗАНҒАПҰЛЫ (1815-1862 ж.), қазақтың күйші-композиторы, домбырашы,
шертпе күй орындаушылык мектебінің негізін калаушылардың бірі, халык аспаптық музыка
өнерінін (күйдің) классигі. Орта шаруа отбасында дүниеге келген. Домбырашылық өнер арғы ата тегінен дарыған. Алғаш домбыра тартуды Қазанғаптың інісі Әлиден үйренеді, анасы Ақбөпе де өнерге баулиды. Тәттімбет ел ішіндегі күйші-домбырашыларды көріп, олардын үздік орындаушылык өнерінен тәлім алады, домбырашы болып, күйлер шығаруға талпынады. Өсе келе өнері толысып, Сарыарқа өңіріне есімі мәлім күйші атанады. Тәттімбеттің әр түрлі тақырыпты қамтитын 40-тан астам күйлері бар. Ол — «Қосбасар» (бірнеше түрі), «Сарыжайлау», «Сарыөзен», «Теріс қакпай», «Сылқылдақ», «Былқылдақ», «Бестөре», «Азамат», «Алшағыр», «Азына», «Көккейкесті», «Бозторғай», «Қорамжан», «Боз айғыр», «Ерке атан», «Ноғай-қазақ», «Керкиік», «Қашкан қалмақ», «Қаражорға», «Балбырауын»,«Жетім қыз», «Салкоңыр», «Көш жанаған», «Сарықамыс», «Шәйір қалды» т. б. Тәттімбет күйлері өмірді терең түсінген, ойшыл, киялшыл жанның сырлары мен сезім толғауларын аңғартады. Тәттімбет негізінен лирикалық композитор. Оның шығармалары философия ой түйіндерімен астасып жатады, ал музыкалық тілі көңілге қонымды, тез жатталғанымен орындауға қиын, күрделі болып келеді. Тәттімбет күйлеріңдегі лирикалық сарындар, әуен толқындары қазақтың кең даласы мен оның сұлу табиғатын суреттейді. Композитор «Сарыжайлау» күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарады. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рақатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы.
Слайд 16Күй тыңдатамын: Құрманғазы "Сарыарқа".
Сұрақ: Күй тыңдағанда қандай әсерде боласыңдар?
(Балалардың ой-пікірі).
Оқушылар
күйден алған әсері бойынша суреттеп беру.
(суретін бейнелеу).
Слайд 17Дина
Нурпейісова
Құрманғазы Сағырбайұлы
Тәттімбет
Қазанғапұлы
Дәулеткерей
Шығайұлы
Слайд 27Жаңа сабақты меңгергенін тексеру:
Енді біз, оқушылар, мына сөзжұмбақты шешіп алайық.
Сөзжұмбақты
дұрыс шешкенде "күйші" сөзі шығады.
Слайд 28Абылдың күйі.
Халық композиторы Есірдің күйі.
Құрманғазының күйі.
Махамбеттің көңіл күйін, өкінішін білдіретін
күйі
5. Халық күйі.
Сөзжұмбақ
Слайд 29Жаңа сабақты бекіту:
Ән үйренеміз. Әні И.Нүсіпбаев, Х.Талғаровтың
сөзіне жазылған "Домбарасыз
сән қайда".
Слайд 30Домбырасыз сән қайда.
Сөзі: Х.Талғаров
Әні: И.Нүсіпбаев
Елдің жырын жырлаған,
Қайғысын да толғаған.
Домбарасыз ешқашан,
Жүрекке ем қонбаған.
Қайырмасы:
Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде
От та лаулап жанбай ма!..
Құрманғазй, Тәттімбет!
Домбырамен сайраған.
Жүрегіне от жақсын деп,
Елге күйін арнаған.
Қайырмасы:
Абай, Жамбыл, сал Біржан,
Таң қалдырып ән салған.
Жүрегіңді жандырған,
Естіген жан тамсанған.
Қайырмасы:
Слайд 32Сабақты қорытындылау:
Балалар,
бүгінгі сабақты
қаншалықты меңгергенімізді
білу үшін кім бұрын
ойыны арқылы
дұрыс жауап беріп,
сабағымызды қорытындылайық.
Слайд 33
Білім сайысы
"Сиқырлы ноталар"
1
2
3
4
5
6
7
8
Слайд 341. Аспаптық музыка дегеніміз не?
Музыка аспаптарында
орындалатын шығармалар.
Слайд 352. Құрманғазы қай
ғасырда өмір сүрген?
ХІХ ғасырдың
аса көрнекті композиторы,
ұлы күйші.
Слайд 363. Күй дегеніміз не?
Бағдарлы мазмұны бар,
көркемдігі жоғары,
аспаптық жанр.
Слайд 374. Ықылас кім?
Ол қай аспапта ойнаған.
Ықылас Дүкен ұлы күйші композитор.
Қобыз
аспабында ойнаған.
Слайд 385. Дәстүрлі күйшілік өнер тарихының
бастапқы кезең өкілдері кімдер?
Байжұма, Баламайсан,
Есжан, Байжігіт, Ұзақ,
Боғда, Махамбет т.б.
Слайд 396. Домбыра күйлері құрылымдық
ерекшеліктеріне қалай орындалады?
Домбыра күйлері орындалу мәнері
мен құрылымдық ерекшеліктеріне қарай
"төкпе және шертпе" деп аталатын
екі
үлкен түрге бөлінеді.
Слайд 407. ХІХ ғасырда күйшілік
өнердегі ірі тұлғалар.
Құрманғазы, Дәулеткерей,
Тәттімбет, Абыл,
Сүгір, Дина.
Слайд 418. Дина Нұрпейісова кім?
Кімнің шәкірті?
Оның қандай күйлерін білесің?
Дина
- күйші композитор,
Құрманғазы Сағырбайұлының шәкірті,
Динаның күйлері; "Әсем қоңыр",
"8 Март", "Сауыншы", "Тойбастар", "Бұлбұл",
"16 жыл", "Науысқы", "Домалатпай" т.б.
Слайд 42Үйге тапсырма:
Күйшілер туралы реферат жазу.
“Домбырасыз сән
қайда” жаттау.
Слайд 44Зейін қойып тыңдағандарыңыз
үшін рахмет!