Слайд 111.02.2017ж
Өнерін өрлеткен топ
Слайд 2Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды шығармалармен
таныстыру;
Дамытушылық : Оқушылардың өз ойларын
еркін
жеткізе білу қабілеттерін
дамыту;
Тәрбиелік мәні : Оқушыларды бірін-бірі тыңдай
білуге ,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Слайд 4 “Қазақстан камератасы” ансамблі 1997 жылы құрылған. Профессор Гауһар Мырзабекова
консерваторияның ең мықты 16 түлегінен тұратын талантты жас музыканттардың басын
қосып, камералық ішекті аспаптар ансамблін жасақтады. Ансамбльдің атын “Камерата” деп атайды. Камерата Италияның “camera” деген сөзінен шыққан, яғни “бөлме” немесе “палата” деген ұғымды білдіреді. Бұл ансамбльдің ерекшелігі әрбір музыкант жеке солист болуымен қатар, өте шебер орындаушы болып саналады. “Қазақстан камератасы” жас музыканттардың ұжымынан тұрса да, олар өздерінің жоғары кәсіби деңгейін көрсете білді.
“Камерата” ансамблінің репертуарында Тілес Қажығалиев, Мансұр Сағатов, Алмас Серкебаев, Қуат Шілдебаев, Серік Әбдінұров сынды қазақ композиторларының шығармалары бар.
Слайд 5“Қазақстан камератасы” ансамблінің жоғары деңгейдегі орындау мәдениеті оларды тек Қазақстанда
ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінде танымалдыққа жеткізді. Ансамбль Венгрия, Чехия,
Германия, Македония, Түркия, Ұлыбритания, Франция, Жапония мемлекеттерінде өнер көрсетіп, үлкен абыройға ие болды.
Слайд 6Музыка тыңдайық!
“Қазақстан камератасы” камералық ансамблінің орындауында Серік Әбдінұровтың ішекті аспаптар
оркестріне арналған “Шертпе” атты шығармасын тыңдап көрейік.
Слайд 7
Біліп ал!
ХVІ-ХVІІІ ғасырларда Еуропа мәдениетінде “камералық музыка” дейтін
ұғым ақсүйектерге ғана қатысты болған. “Камералық музыка” – екі немесе
одан да көп музыкант орындайтын аспаптық және вокалдық музыка. Камералық музыка көбіне – көп бөлмеде немесе кішігірім залдарда орындалатын. Сол себепті “камералық музыка”, яғни “бөлме музыкасы” деп аталып кеткен.
ХVІІ ғасырдан бастап камералық музыка ақсүйектердің қонақ бөлмелерінде шағын тыңдаушылардың ортасында орындалатын. Камералық ансамбльдер дуэт түрінде скрипка мен фортепианоның, трио: скрипка, альт, виолончель және квартет, яғни төрт аспаптың қосылуымен орындалған.
Ана туралы жыр.
Әнін жазған Ш.Қалдаяқов
1.Әлемнің жарығын 2.Өтеуге борышың
Сыйладың сен маған, Анашым жан сырым,
Даланың әр гүлін Іздедім сен үшін
Жинадың сен маған. Әлемнің асылын.
Сен бердің құстардың Әлемнің байлығын, 3.Ете гөр қанағат,
Қанатын самғаған. Сыйлар ем кеш мені, Әзірге берерім-
Балалық құштарым, Сыйлар ем Ай, Күнін, Балалық махаббат,
Өзіңе арналған. Қолыма түспеді. Балалық жүрегім.
қайырмасы: Бол риза, анажан,
Әлдилеп, аялап, Қолдағы осы бар,
Өсірген жемісін. Өзіңе арнаған
Самал жел сая бақ Әнімді қосып ал!
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Слайд 9
Қорытындылау:
1.“Қазақстан камератасы” камералық
ансамблі қашан құрылды?
2.Ансамбльдің
құрамында кімдер болды?
3.Ансамбль қандай шығармаларды орындайды?
4.Не себепті “камералық музыка” деп
атайды?