Разделы презентаций


"Ерлігін ел ұмытпайды"

Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Оқушыларға Соғыс, Жеңіс, Бейбітшілік туралы түсінік бере отырып, Ұлы Отан соғысының батырларымен таныстыру. 2. Мақал – мәтелдер, өлеңдер арқылы оқушыларды Ұлы Отан соғысының батырларына деген сүйіспеншіліктерін

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тәрбие сағаты 1 сынып
Дайындаған: Ақмешіт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Рыскүл Сағынбайқызы Аппасова
Тақырыбы: "Ерлігін ел ұмытпайды"

Тәрбие сағаты 1 сыныпДайындаған: Ақмешіт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рыскүл Сағынбайқызы АппасоваТақырыбы:

Слайд 2Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларға Соғыс, Жеңіс, Бейбітшілік туралы түсінік

бере отырып, Ұлы Отан соғысының батырларымен таныстыру.
2. Мақал

– мәтелдер, өлеңдер арқылы оқушыларды Ұлы Отан соғысының батырларына деген сүйіспеншіліктерін дамыту. 3. Оқушыларды бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, ерлікке, өз Отанын сүюге, адал болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Ізғұтты Айтықов, Қасым Қайсенов, Соғыс кезін бейнелейтін суреттер, көгершіндер, гүлдер, шарлар.
1 – бөлім. Соғыс, Жеңіс, Бейбітшілік ұғымына тоқталу.
2 – бөлім. Әдеби- музыкалық монтаж.
Тәрбие сағатының мақсаты: 1. Оқушыларға Соғыс, Жеңіс, Бейбітшілік туралы түсінік бере отырып, Ұлы Отан соғысының батырларымен таныстыру.

Слайд 3Тәрбие сағатының барысы:
Ұйымдастыру.Балалардың амандасуы.
1 бөлім
«Соғыс» деген сөзді естігенде қандай

бояудың түсін елестетесіңдер?
«Соғыс» деген сөзді өздерін қалай түсінесіңдер?
«Жеңіс»

сөзін естігенде қандай бояудың түсін елестетесіңдер?
«Жеңіс» деген сөзді қалай түсіңесіңдер?
«Бейбітшілік» деген сөзді қалай түсіңесіңдер? Көз алдарына нені елестетесіңдер?
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат төртте бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты.Суық хабар сол күні – ақ байтақ жерімізге түгел тарады. Ер – азамат өздері сұранып асығыс майданға аттанды. Аттанып бара жатқан жауынгерлер:
Қош бол, досым, жақыным,
Уақыт тығыз, сөз қысқа!
Кетіп бара жатырмын
Сұрапыл бір соғысқа, - деп елімен қоштасты. (Қ.Аманжолов)
Тәрбие сағатының барысы:Ұйымдастыру.Балалардың амандасуы.1 бөлім «Соғыс» деген сөзді естігенде қандай бояудың түсін елестетесіңдер? «Соғыс» деген сөзді өздерін

Слайд 4Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа

ұшырады. Жауынгерлер батырлықтаң, батылдықтың үлгісін көрсетті. Осы сұрапыл соғыста елін,

жерін, халқын сүйген халыққа қамқоршы болған кімдер деп ойлайсыңдар? Біздің бейбіт өмірімізді Ұлы Отан соғысында аталарымыз, апаларымыз қорғап қалған.Олардың ерлігін ел ұмытпайды.
Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына 65 жыл толып отыр. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.
Балалар, сендер қандай батырларды білесіңдер?
Суреттерін көрсету.
Балалар, Отан, батырлық, ерлік туралы кім мақал – мәтелдер біледі?
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Батыр туса ел ырысы, Жаңбыр жауса жер ырысы.
Ер жігіт ел үшін туады, Ел үшін өледі.
Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Жауынгерлер батырлықтаң, батылдықтың үлгісін көрсетті. Осы

Слайд 5II бөлім
1 оқушы
Қара түнек серпілді, серпілді,
Ұйқысынан ел тұрды, ел тұрды.
Аңсаған

атты алтын таң,
Майданға! Майданға!
2 оқушы.
Отаным еркелеймін өзге кімге,
Өзіңмен нені болса

көргем бірге.
Қалайша қабырғама батпас менің,
Басына қатер бұлты төнген күнде. (Ғ. Орманов)
3 оқушы.
Ер елім көрсет тағы еңбек күшін,
Еңбекпен қас дұшпанның өрті сөнсін.
Түр білек, түс еңбектің туы астында
Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін!
4 – оқушы
Көп қой батыр ағалар.
Халық сүйіп бағалар.
Көп қой батыр ағалар
Жаттап алар балалар.
II бөлім1 оқушыҚара түнек серпілді, серпілді,Ұйқысынан ел тұрды, ел тұрды.Аңсаған атты алтын таң,Майданға! Майданға!2 оқушы.Отаным еркелеймін өзге

Слайд 65 – оқушы
Болашақты бізге мирас етем деп,
Қыршын кетті Әлия, Мәншүк

апалар.
6 – оқушы
Әлия, Мәншүк аттары әнге айналған.
Әлия, Мәншүк – қос

жұлдыз көкте жайнаған.
7 – оқушы
Фашизмнің ордасы Рейхстагқа қазақ жігіті лейтенант Рақымжан Қошқарбаев Қызыл ту тікті.
8 – оқушы
Сен құрметте оны,
Түсіндің бе қарағым?!
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ
Қолтығына таяғын.
9 – оқушы
Ел намысын қорғап қалды.
Түсіндің бе қарағым?!
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаматтық жолында аяғын.
10 – оқушы
5 – оқушыБолашақты бізге мирас етем деп,Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.6 – оқушыӘлия, Мәншүк аттары әнге айналған.Әлия,

Слайд 7Соғыстың құны - өртенген орман
Соғыстың құны – уланған орман
Соғыстың құны

– тесілген жүрек
Соғыстың құны – кесілген білек.
11 – оқушы
Жеңіс келді

қалама,
Жеңіс келді далама!
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі бар балаға.
12 – оқушы Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән, көрік.
Жеңіс келді, алақай,
Тоя жейтін нан болып!
13 – оқушы
Отанымыздың жаудан қорғау жолында шайқасқан Батырларға бас иеміз.
14 – оқушы
Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады!
15 – оқушы
Өзі туған халқының өнерін қорғады!
Соғыстың құны - өртенген орманСоғыстың құны – уланған орманСоғыстың құны – тесілген жүрекСоғыстың құны – кесілген білек.11

Слайд 816 – оқушы
Ақ сүт берген анасын қорғады!
17 – оқушы
Ақ самал

ескен даласын қорғады!
18 – оқушы
Пәк жүзі арай баласын қорғады!
19 –

оқушы
Арылтып жаудан жерімді,
Табанға жаншып өлімді.
Жеңіспен желпіп өмірді
Оралды ерлер көңілді.
Десеңдер, бұл қай күні?
Тоғызыншы мамыр күні!
Мүғалім: Әрқашан әділдік жеңеді. 1945 жылы 9 мамырда соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жер бетінде бейбітшілік орнады.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Тәрбие сағатын аяқтау.
16 – оқушыАқ сүт берген анасын қорғады!17 – оқушыАқ самал ескен даласын қорғады!18 – оқушыПәк жүзі арай

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика