Республикасының
Білім
және ғылым министрлігі
№75 мектеп-гимназиясы
Технология пәнінің мұғалімі:
Тұрсынбекова Бағила
Слайд 2
Сабақтың тақырыбы :
Құраққа астар тігу.
Слайд 3
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: мата қиындыларынан түрлі құрақтар тігіп
үйрену. Құрақ қиындыларын әзірлеуді,мата
түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні пайдаланып
қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену.
Дамытушылық: оқушылардың ұлттық бұйымға
қызығушылығын арттыру, эскизді матаға
сыздыру, эскиз бойынша матаны қию, құрақ
қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға деген
ептілік,икемділігін дамыту.
Тәрбиелік:халқының өнерін, салт – дәстүрін, бағалай
білуге, әсемдікке,ұқыптылыққа, төзімділікке
баулу. Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық
ойлау қабілеті терең дамыған тұлға тәрбиелеу.
Слайд 4
Пән аралық байланыс:
Қазақстан тарихы, геометрия, сызу, бейнелеу өнері.
Сабақтың әдісі:
Түсіндіру, сұрақ-жауап,
интерактивті тақтамен жұмыс,сарамандық жұмыс, постер салу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын
сұрау.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Жаңа сабақты түсіндіру /сарамандық жұмыс/.
Техникалық қауіпсіздік ережесі.
Сабақты қортындылау.
Үйге тапсырма.
Слайд 5 Үй тапсырмасын сұрау
Құрақ жасау үшін қандай құрал
жабдықтар қажет
Қазіргі кезде құрақтың көптеген түрлерін қалай пайдаланамыз ?
Өнерлі болып,
шеберлікке жету үшін не қажет ? Саналап айтар болсақ.
Пән аралық байланыста технология сабағын қандай пәндермен
байланыстырамыз ?
Интерактивті тақтаға жаз.
Құрақ түрлері өзінің қиюласу өрнегіне қарай қандай топқа бөлінеді ?
Слайд 6
Қажетті
құрал-жабдықтар
Құрақ құрау технологиясы
Геометриялық пішіндер
Түстер
әшекейлеу
Құрақ түрлері
Мата
Тұрмыста қолданылуы
Пайдасы
Слайд 7Жаңа сабақ
Бүгінгі күнде ата-бабамыздың айналысқан қандайда бір кәсібі болмасын, өз
маңызымен қасиетін жоймаған. Қайта түрленіп қазіргі заман талабына сай ерекшеленіп
отырады. Өнердің басқа түрлері сияқты, құрақ құрау өнері адамның ой- өрісін, білімдерін жан-жақты дамытуға әсері мол. Құрақ өнері 5 түрге бөлінеді:
1. Геометриялық.
2. Жануар тектес.
3. Өсімдік тектес.
4. Тұрмыстық.
5. Ғарыштық.
Құрақ өнері қазақ халқында 19-20 ғасырда пайда бола бастаған.
Құрақ құрау барысында, біздер түрлі геометриялық фигуралардың басын құрастыруды игеріп, үшбұрыштың қабырғасымен, төртбұрыштың табанының бір-біріне тең болуын, өлшем арасындағы байланыстылықты есептеуді үйренеміз. Құрақ сәнді болу үшін ең алдымен үлгісін әдемілеп үлгілеп алуымыз керек.
Құрақ қиындыларын бір-бірімен беттестіріп тіккен кезде 5-10 мм қалдырып тігу керек. Өте әдемі, әсем шығады. Құрақ құрау барысында матаның сәйкестігіне мән беруіміз кажет. Егер матаның қалыңдығы тура келмесе, тіккен құрағымыз талапқа сай, сәнді шықпайды. Бұйымымыз сәнді әрі мықты көріну үшін құрақты астарлап тігуіміз керек, ол үшін алдымен құрақтың үлгісін технологиялық картасын жасап, өлшемін алған соң, сол өлшемде астар алып құрақты тігуді бастаймыз.
Слайд 9 Құрақтан жасалатын бұйымдар
Слайд 19IV.Сарамандық жұмыс.
V.Қауіпсіздік ережелері
1. Инемен жұмыс істеу кауіпсіздік ережесі.
Инені жерге қадамауға сабақсыз қалдырмау, инені ауызға салмау т.б.
2. Қайшымен
жұмыс істеудің қауіпсіздік ережесі. Қайшыны ашық қалдырмау. Қайшыны берген кезде, үшкір жағын өзіне қаратыып ұсыну.
3. Тігін машинасымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережесі.
Тігін машинасын іске қосар алдында, дұрыс сабақталуын тексеру электр жүйесіне, дұрыс қосылуын мұқият қадағалау.
Бүгінгі сабағымыздың ұраны «Талаппен бастап, талғаммен аяқтау»
Құраққа астар тігу
Кіріспе.
1. Құрақ бөлшегіне астар қию жолдары.
2. Астар мен құрақ бөлігін біріктіру. Көктеу.
3. Бұйымды дайында
Ағымдағы жұмыс
1. Техникалық қауіпсіздік ережелерін қайталау.
2. Астарды қияр алдында матаны жайып үстіне құраған бұйымды орналастырып
жиектеп сызып аламыз.
3. Сызылған сызық бойынша матаны қиып алу.
4. Қиылған астар мен құрақ бөлшегін оң бетімен беттестіріп, теріс бетінен шетін 1 см тігіске есептеп сызу.
5. Сызылған сызық бойымен көктеп тігіп шығу.
6. Бір шетінен 10-15см тігусіз жер қалдыру.
Слайд 20
Сарамандық жұмыс жасай отырып постермен жұмыс жасау.
1 топ. Ана,
бала, үй, табиғат.
2 топ. Апа, әже, табиғат, құрақ.
3 топ.
Табиғат, құрақ, жануарлар әлемі.
Осы сөздерге байланысты сурет салу және оларды құрақтың шығу тарихына байланысты жинаған аңыз әңгімелер турасында қорғау.
Слайд 21Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылай келе осы жасаған
жұмысымызды қандай өнер түріне жатқызамыз, соны сөзжұмбақты шеше отырып табайық.
Слайд 22Сөзжұмбақ.
1.Дөңгелек шеңбер етіп илілген,киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі?
2.Жеңсіз жеңіл киім.
3.Сәндік
үшін білекке тағатын әшекейлі,бағалы бұйым.
4.Жеті түрлі дәнді – дақылдардан сүт
қосып пісірілген сұйық ас.
5.Сурет салып тоқылған кілем.
6.Нәретеге арналып жасалған ағаш төсек.
7.Теріден жасалған,қымыз құятын ыдыс.
Слайд 24ББҮ стратегиясы
Не білдім ?
Нені білгім келеді ?
Не үйрендім ?
Слайд 25
Оқушыларды бағалау. Оқушылардың сабаққа ,орындалған жұмыс деңгейіне,сұрақ-жауапқа байланысты жұптық бағалау.
Үйге
тапсырма. Астар тігу жұмысын аяқтап, мақта әкелу.