Слайд 1Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Медицина факультеті
Стоматология кафедрасы
ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ ПӘНІ
БОЙЫНША ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ МӘТІНІ
Слайд 2Дәріс №12
Жүйелі аурулар және зат алмасу ауруларында ауыз қуысы кілегей
қабығының зақымдануы. Клиникасы, диагностикасы, емі. Дәрігер стоматолгтың әрекеті.
Қан жүйесi аурулары
көбiне ауыз қуысы шырышты қабығындаағы өзгерiiстермен бiрге жүредi (Ашмарин Ю.Я., 1972ж). Бқл кезде науқастың қан жүйесi ауруының бiрiншi клиникалық симптомы болып табылады. Сол себептен дәрiгер-стоматолог осы қан жүйесi ауруларымен бiрiншi кездесетiн болғандықтан, ауру жүйесiн, клиникалық белгiлерiн, диагностикасын ажырату диагностикасын, емдiк шараларын және қажеттi дәрiiiгер-мамандарға нұсқаумен немесе емдiк кеңестерге жiберуi тиiс.
Слайд 3Лейкоз – қан түзiлу органының қатерлi аурулары, қантүзу органдарында белсендi
жасуша гиперплазиясымен, жасуша бөлiну кезiндегi (пролиферация) үрдiс жетiлiп пiсу (дифференциация)
үрдiсiнен басым түседi. Қан түзiлу патологиялық ошағы әртүрлi органдарда, соның iшiнде ауыз қуысы шырышты қабығында түзiледi. Лейкоз ауру кезiiнде жасуша өзiнiң қалыпты морфологиялық құрылысы мен физиологиялық қызметiн жоғалтып жаңа бластомды қасиетке ие болады.
Жасушаның трофикалық және плаастикалық бұзылуының (анаплазия) дәрежесiне байланысты қан түзiiлу ауруы (қанның iсiк тәрiiздi жасушасы) және өту ағымы бойынша жедел және созылмаалы түрлерге бөлiiнедi.
Л.Т.Калугина (1962ж.) анықтамсы бойынша лейкоз ауруының тек ауыз қуысы шырышты қабығында орнааласуында диагноз қою қиынға соқытады.
Жедел лейкоз – лейкоциттер жетiлуi ертеректе тоқтап, ауыз қуысы шырышты қабығы зақымдалуы – 90,9% науқаста кездеседi.
Жедел лейкоз кезiндегi жалпы симптомдарға көңiл аударса: әлсiздiк, тез шаршауы, субфебрилдiк температура, iшектiк, жатырлың, мұрындық қанағуы және т.б.
Слайд 4 Жедел және созылмалы лейкоздар
Слайд 5Қарап тесергенде: терi бетiнiң бозғылттығы, аауыз қуысы шырышты қабығының жеңiiл
жараланып, тез қанауы, қызыл иекте қанқұйылу, ұртта, тiстер тiiстесу сызығында,
таңдайда, тiлдерде қанның ұйып қалғандығы анықталады. Геморрагия және гематома ошақтары ауыз қуысы шырышты қабығы мен терi беттерiнде бiрдеу кездеседi. Жедел лейкоздың алғашқы симптомдарының бiрi – бұл қызыл иектiң қабынуы. Қызыл иек борпылдақ болып, қанап, бетi жараланады. Қызыл иектiң гиперплазиясы мен инфильтрациясы лейкоздық жасушаларымен қапталып, тiс сауыт бетi борпылдақ, қанаағыш, кей жерлерi жаралы тiндермен жабылып, науқасқа таағам қабылдау мен сөйлеуге мұрша бермейдi. Көбiне әсiресе тiстердi жұлғанда тiлдердiң жараланып некрозға ұшырауы анықталады.
Көбiне некрозданған аймақ бадамша безiнде, ретромолярлық аймақта, және басқа да ауыз қуысы шырышты қабығы аймақтарында кездеседi. Жедел лейкоз кезiндегi некроздық үрдiс көршi жатқан аймақты зақымдйады, соңынан үлкен ойық жара болып, бұрыс жиектi бетi сұр некрозданған қақпен жабылған.
Слайд 6Ауыз қуысындағы некроздық өзгерiстерi кезiнде науқастар тағам қабылдағанда, жұтынғанда
бiрден қатты ауыруына және iрiңдi жағымсыз иiс ауыз қуысынан шығып
тұруына, басының айналып, басы ауыратынына шағымдаанады. Жаралы-некрозданған өзгерiстер дамуының алғашқы кезiнде гиперсаливация болып, кейiннен сiлекей бөлiнуi төмендейдi, бұл сiлекей безiндегi дистрофиялық үрдiстiң болуын анықтайды. Жаралы-өлiеттенген үрдiсте тiлде өзгерiске ұшырайды: көлемде үлкейiп, iсiнедi, бетi қара-бура қақпен жабылып, сол зақымдалған аймақта жаралы ақаулар пайда болады. А.Л.Постников (1966) анықтауы кезiнде, антибиотик дәрiлерiн жедел лейкоз ауруын емдеу кезiнде ұзақ қолданса жаралы-өлiеттенген және шырышты қабық кандидоздық қабынуын тудырған, бұдан басқа қайталамалы ауыздың афтоздық қаабынуына соқтырған. Ауыз қуысы шырышты қабығындағы жаралы-өлiеттенген өзгерiстердiң пайда болу себептерi әлi күнге дейiн анықталмаған.
Слайд 7 Жедел лейкоз кезiнде лимфатүйiндерi 0,5-1 см-ге дейiн үлкеюi
мүмкiн, сипап тексергенде жұмсақ, ауырмайды. Қызыл иекте инфильтрация түзiлуi әсерiнен
қызыл иек деформацияға ұшырап, көбiне гипертрофиялық гингивит ретiнде диагноз қойылады. Лейкемиялық инфильтраттар жаралануы мүмкiн, көбiне соның әсерiiнен қансырауға әкеп соқтырады. Ю.А.Ашмарин 1972ж. гипертрофиялық қызыл иек қабынуының төрт түрiн анықтап, жалпы клиникалық симптом ретiнде жедел лейкоз ауыруында гипертрофиялық гингивит ретiнде анықтаған және бiрiншi қызыл иегi iсiiнiп ауырсынған, тағам шайнағанда қатты ауру сезiмi пайда болып, қызыл иек емiзiкшелерi үлкейiп, тiс сауытына қарай өсiп, бетiн толығымен жауып қатты қанаған. Аурудың бұл түрi ұзақ мерзiмде түрып, гематолог пен стоматолог көмегiмен емдегенде аз нәтиже берген.
Гистологиялық тексеру кезiiнде ауыз қуысы шырышты қабығының некрозды ошағын анықтаған - әр түрлi тереңдiктегi эпителий жабындысының барлық қабатын меншiктii шырышты қабығын және шырышты қабық асты қабаттарын зақымдаған. Некроз ошағын қоршап жатқан тiндер лимфалық, плазмалық, ретикулярлық және баасқа жасушалар мен инфильтрацияланған. Кейбiiр шырышты қабық беттерiндегi жасушалық инфильтраттар дәнекер тiндi алмастырып тұруы мүмкiн, қантамырларлардың толығуы, сонымен қоса мүйек тiнiндегi тiсаралық резорбция анықталады.
Слайд 8 Жедел лейкоз ауруын гипертрофиялық гингивиттен, жаралы-өлiеттенген Венсан стоматитiнен, С
гиповитаминозынан, ауыр металл тұздарымен улануынан және т.б. аурулардан ажырата бiлу
керек. Диагноз қоюда қанның құрылысын тексеру аанық көрсеткiш бередi.
Жедел лейкоз ауруын емдеуде цитостатиктердi (б-меркаптопурин, метотрексат, циклофосфан және т.б.), кортикостероидтарды – перднизолон, триамницалон, дексаметазон, кең спектрлi антибиотиктердi қолданады. Жергiлiктi ем ретiнде: ауыз қуысын үнемi антисептиктермен және жансыздандыру дәрiлерiмен өңдеп отырады. Ю.Л.Попова науқастарға тағам қабылдар алдында ауыз қуысын 0,5-1% сутек асқын тотығы немесе 0,5% хлорамин ерiтiндiлерiмен өңдеп, кейiн 10 минут көлемiнде 1% новокаин ерiтiндiсiн 2,5% гексаметилентетрамин ерiтiндiсiмен ауыз ваннасын жасауды тағайындаған.
Слайд 9Созылмалы лейкоздар:
Жедел лейкоз ауруына қарағанда ұзақ
өтiмдi мерзiммен және қолайлығымен өтедi. Созылмалы лейкоз кезiнде ауыз қуысы
шырышты қабығы, жедел түрiне қарағанда аз зақымдалады. Ю.Н.Попованың анықтауы бойынша 128 науқастың созылмалы лейкоз кезiнде 42%-нда аауыз қуысында зақымдалу анықталған, оның iшiнде 14 науқаста некроздық үрдiс, геморрагия – 27 науқаста, аралас өзгерiс – 13 науқаста анықталған.
Созылмалы лейкоз ауруын қантүзiлу органының зақымдануына байланысты миелопролиферативтiк (миелолейкоз) және лимфопролиферативтi (лимфолейкоз) болып екiге бөлiнедi. Созылмалы миелолейкоз екi кезеңде жүредi: қатерсiз бiiрнеше жылдарға созылады, екiншiсi қатерлi (терминалдық) 3-6 айға дейiн созылады. Бiрiншi кезең айқындалмаған клиникалық симптомдарсыз өтiп, кейiннен нейтрофильдiк лейкоцитоз анықталады. Екiншi кезеңде және бiрiншi кезеңде қанның бласты кризисi байқалады (миелобластар, гемицитобластар), қанның құрамында лейкоциттер көбейiiп кетедi.
Слайд 10 Лейкоз ауруының үдеуiне байланысты анемия дамиды және тромбоцитопения геморрагиямен
қатар жүредi. Созылмалы лимфолейкоз әдетте орта жастағы және қарттарда кездеседi,
қатерсiз iсiктi көп уақыт қтiiп, қан құрамында лейкоциттер (лимфоциттер көп болады) көбейiп кетедi. Лейкоздық лимфоцитарлық инфильтраттар сүйек миында, лимфа түйiндерде, қарабауыр мен бауырдаа кездеседi. Созылмаалы лейкоздың бастапқы кезеңi науқасқа белгiсiз өтедi. Бiр ғана шағымы лимфотүйiндерiнiң үлкейiп кеткенi болуы мүмкiн. Созылмалы қабынудың өршуi кезiнде ауыз қуысы шырышты қабық бетiнде жаралы некроздық зақымдалу және iсiктi өсiндi болады. Ауыз қуысы шырышты қабығының арнайы зақымдалу инфильтрат және түйiндер ретiнде 3,22% ауруларда созылмалы лимфолейкозбен кездеседi. Түзiлген түйiн мен түйiншектер қамыр тәрiздi консистенцияда болады, қозғалмалы, көкшiл түстii, шырышты қабық бетiнен шығып тұрады. Қабыну үрдiсi шырышты қабық бетiнде өздiгiнен немесе iргелес жатқан терi беттерiне таралуы мүмкiн. Бұл кезде таңдай, тiл, бадамша бездерi өздiгiнше зақымдалаады.
Гистологиялық тексеру кезiнде шырышты қабық асты iсiiнген, қанның толуы, лимфоидты жасушалармен инфильтрацияланады. Ауыз қуысы шырышты қабықтың өлiеттенуi байқалады
Слайд 11 Агранулоцитоз – нейтрофилдық гранулоциттердiң шеткi қан жүйесiнде азаюы немесе
болмайтын ауру. Пайда болу механизмiiне миелоулану және иммундық жүйе кiредi.
Миелотоксикалық агранулосүйек миында гранулоциттердiң өсу кезеңi алдында иондаушы радиация, химиялық қосылыстардың цитостатикалық қасиетiнiң әәәсер етуiнен (бензол, iсiкке қарсы дәрiлер) дамиды. Иммундық агранулоцитоз антилейкоцитарлық антидененiң әсер етуiнен гранулоциттердiң жылдам жойылуы. Дәрiлiк заттардан агранулоцитозды амидопирин, бутадион, фенацетин, анальгин, барбамил, сульфаниламидтар, стрептомицин, цитостатиктер және т.б. дәрiлер туғызуы мүмкiн. Агранулоцитоз ауруының бiрiншi клиникалық симптомдары ауыз қуысында кездесетiндiктен, науқастар бiрiншi дәрiiгер стоматологқа келедi.
Иммундық медикаменттi агранулоцитоздың басталуы жедел болады, ауру дене температурасының қызуы, жұтыну кезiнде аауруға, ауыз қуысынан жағымсыз иiс шығып, әсiресе бадамша безiнен, ауыз қуысы шырышты қабығының аймақтарында өлiеттену ошағы байқалады. Жаралы-өлiеттенген үрдiс жұтқыншаққа таралуы мүмкiн және кандидозбен қатар жүредi, лимфа түйiндерi үлкейген.
Слайд 12Гистологиялық тексеру кезiнде некроз ошағы шырышты қабық бетiнен, сүйек және
бұлшық ет тереңдiгiне енуi мүмкiн. Некроздар ареактивтiк мiнездемемен жүредi, себебi
жаасушалық үрдiс әлсiзденiп, гранулоциттер болмайды. Сүйек миын пунктат жасағанда жасушалық элементтерi аз, жетiлген нейтрофилдер болмайды, лимфоциттер көп. Жақ асты лимфа түйiндерде гиперемия ошағы және қан құйылу кездеседi, кейде некрозға ұшырайды. Агранулоцитоз ауруын жаралы-өлiеттенген Венсан стоматитiнен ажырату керек жәәне басқада қан ауруларынан ажырата бiлу керек.
Агранулоцитоз ауруына диагнозды анамнез жинаудан, клиникалық сипатынан, сүйек миынан және шеткiлiк қан тексеруден анықтау арқылы диагноз қояды.
Жалпы емiн терапевт пен гематолог емдеуiнен және қан құюдан, этиологиялық факторларды жоюдан тұрады.
Слайд 13 Анемия – қанның көлемiнде эритроциттер мен гемоглабиннiң төмендеуiмен мiнезделедi.
Қазiргi кезде анемияның көптеген түрлерiн ажыратады, стоматологияда ауыз қуысы шырышты
қабығында көп кездесетiн түрлерiне тоқталамыз.
Темiржетiспеушiлiк гипохромдық анемия – ертеректегi хлороз көбiне жас қыздарда жыныстық жетiлу кезiнде кездеседi. Кейiнiректегi хлороз көбiне преклемактериялық кезеңдегi үлкен әйел кiсiлерде кездеседi. Науқастарда кiреукесiнiң кәдiмгi жылтырлығы бұзылып, тiстердiң жоғары қажалуы анықталады, ауыз қуысында құрғақтық, тағам қабылдағанда қиналуы, тiлi және ерiннiң ауруына, тағам қабылдағанда ауру сезiмiнiң күшеюiне, дәм сезудiң бұзылуына шағымданады. Науқастар тағамға бор, тiс ұнтағын, шикi жармаларды қолданады.
Слайд 14 Организiмнiң жүйелi аурулар кезiндегi тiлдiң сыртқы
пiшiнi.
Ревматизм - баяу дамитын десквамативтiк глоссит реактивтiк қабынусыз және субъективтi
белгiлерсiз өтедi.
Ревматоидты артрит - миграциялық десквамативтiк глоссит қабынуының асқынуы кезiнде тiлде қызып ауру сезiмi пайда болады. Уақыт өте (ауыр түрiнде) жiп тәрiздi емiзiкшелер атрофияға ұшырып, толығымен жойылып кетуi мүмкiн.
Слайд 15Жүйелi склеродермия - тiлдiң шырышты қабығы мен бұлшық етi зақымдалады.
Қабыну үрдiсi кезiнде тiл iсiнген, алқызыл түстi ақшыл дақтары бар.
Iсiну кезеңiне өту кезiнде тiл қатты тығыз болады, кейiннен атрофияға ұшырап, тiл бетi жұқармайды, бетi ақ қақпен жабылған, тiл деформацияға ұшырайды, көлемiнде кiшiрейiп, қимылы шектеледi. Бiркелкi емес бұлшық еттердiң атрофиясы әсерiнен тiл бiр жаққа қарай қисаяды. Бiр мезгiлде тiл үзеңгiсi қысқарып, сөйлеу жзәне тағам қабылдаау кезiнде қимылы шектелiп қалады.
Жедел гастрит - тiлдiң бетi сұр қалың қақпен жабылған, барлық бетiн жауып жатады, тек жаны мен тiл ұшы зақымдалмайды, iсiнген бетi шырышпен жабылған. Тiлдiң құрғақтығы байқалады, ауызында қышқыл, ащы дәм сезiледi.
Созылмалы гастрит - тiлдiң бетiнiң кей жерлерi ақ-сұр қақпен, кейде қара қақпен жабылған.
Слайд 1612 елi iшек пен асқазан ойық жарасы - тiлiнде қызу
сезiмi кешке қарай күшейiп, тiл түбi мен ұшы шаншып ауырады.
тiл жұмсақ, iсiнген ақ-сұр немесе ақшыл қақпен, бетiн қырғанда қиын алынатын қақпен жабылған, кейде бетiнде жабысқақ шырышпен жабылады. Бөлек саңырау құлақты емiзiкшелерiнiң кейбiрiнiң гипертрофиясы.
Гиперацидтiк гастрит - тiлдiң шырышты қабығы көкшiл цианозды, iсiнген, бетi тығыз қақпен жабылған. Тiлдiң қызыуы мен ауруы тағам қабылдағанда ауырады.
Диабет - тiл бетi құрғақ, емiзiкшелерi десквамацияға ұшыраған. Жансыздану әсерi анықталады.
Коклюш - тiл ұшының айқандалған гиперемиясы үшбұрыш түрiнде (тифоздық үшбұрыш) анықталады. Тiл ақ-қызыл түстi.
В1 гиповитаминозы - тiлдiң саңырауқұлақты емiзiкшесiнiң гиперплазиясы.