Разделы презентаций


1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің 421-топ білім

Содержание

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің 421-топ білім алушысы Мұқажан

Мақпал Жұмабайқызы
2020жыл

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің 421-топ білім алушысы Мұқажан Мақпал Жұмабайқызы 2020жыл

Слайд 2Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі

Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі

Слайд 3Ең алдымен салт – дәстүр дегеніміз не?
Салт – әр ұлттың

, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс –тіршілігіне, құрылым ерекшелігіне сәйкес

ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі.

Дәстүр-халықтың атадан балаға көшіп,жалғасын және дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып,мінез-құлық,тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі.

салт – дәстүр

Ең алдымен салт – дәстүр дегеніміз не?Салт – әр ұлттың , халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс –тіршілігіне,

Слайд 4Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте

көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт-

дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді.
Ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңарту ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.
 
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге

Слайд 5Салт – дәстүр түрлері
Сүйінші
Сәлемдеме
Көрімдік
Базарлық
Жеті ата
Қыз ұзату
Тұсау кесер
Сүндет той
Бесікке салу

Салт – дәстүр түрлеріСүйіншіСәлемдемеКөрімдікБазарлықЖеті атаҚыз ұзатуТұсау кесерСүндет тойБесікке салу

Слайд 6
 Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші - сүйінші» деп келеді. Мұндайда

қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай

сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.

Сүйінші

 Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші - сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе

Слайд 7 Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын

белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы,

асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.
 
 Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне

Слайд 8Халықаралық сәлемдесу күні
 (World Hello Day) жыл сайын дәл осы

күні, яғни 21 қарашада аталып өтеді. 1937 жылы бұл мерекені ағайынды

американдықтар Майкл мен Брайен Маккамоктар ойлап тапқан болатын.
Халықаралық сәлемдесу күні  (World Hello Day) жыл сайын дәл осы күні, яғни 21 қарашада аталып өтеді. 1937 жылы

Слайд 9Жаңа туған балаға, жас келінге, тағы басқа алғаш көрген сәтте

көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде

ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады.

 Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткіш ретінде қабылданады.

Көрімдік

Базарлық

Жаңа туған балаға, жас келінге, тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі.

Слайд 10 Бесікке салу
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі.

Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген

қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек,  жаулық  сияқты  сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:
Бесікке салу Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы

Слайд 11Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою

ойысып, Шебер болар ма екенсің? Таңдайларың тақылдап, Сөзіңді жұрт мақұлдап, Шешен болар ма екенсің?

Айыр қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің? Бармақтарың майысып, Түрлі ою ойысып, Шебер болар

Слайд 12
Тұсаукесер  – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген

тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.
Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады.
Бұл

ала жіп аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады.

Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың тұсауын кестірмейді.
Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады.
Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді.

Тұсаукесер

Тұсаукесер  – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы

Слайд 13«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы.

Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан әрі қызық. Бұл

күні ата ана қуанады, әрі жылайды. Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны әрине қимастық көңілі.
Құдалар әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық рәсімдер мен кәде жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы үйіне шақырады. Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», жастар «Жар жар», «Ау жар», «Аушадияр» айтылады

Қыз ұзату

«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той, думан

Слайд 15Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес

жаста яки жеті жаста сүндетке отырғызады. Осыған байланысты той жасалады.

Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады. Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді. Қазақ арасындағы бала сүннеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын «қожалар» жүргізеді. Бұл қожаларды қазақ қауымы «Мұхаммед пайғамбардың әулеті» деп ардақтайды. Баланың сүндет тойын, халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуының алғашқы бір белесін тойлау деп санаған.

Сүндет той

Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста сүндетке отырғызады. Осыған

Слайд 16Қорыта келгенде, оқушыларға қазақ халқының ата – бабамыздан ұрпақтан –ұрпаққа

келе жатқан салт- дәстүрімізді таныстыру және соны дәріптеу .Бүгінгі жұмысымның

барысында «сәлемдеме» , «сүйінші» , «көрімдік», «базарлық» , «қыз ұзату» , «сүндет той» , «бесікке салу» т.б салт – дәстүрлерді қарастырған болатынбыз. Сондықтан ұлттық құндылықтарымызды, мұраларымызды ешқашан естен шығармауымыз керек.
Қорыта келгенде, оқушыларға қазақ халқының ата – бабамыздан ұрпақтан –ұрпаққа келе жатқан салт- дәстүрімізді таныстыру және соны

Слайд 17Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика