Разделы презентаций


Абай Құнанбаевтың поэмалары

Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Абай Құнанбаев
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл -ойы мен мәдениетінің,

өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев. Дана

ақын - Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі - Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы - Ұлжан, әжесі-Зере.
Абай ҚұнанбаевҚазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл -ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері

Слайд 2Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт

күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады.

Міне осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін, он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы діни медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі "Приходская школаға" түсіп, үш айдай орысша да оқыған. Бұл-Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған. Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Е.П.Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Л.Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады.
Бұл жылдары Абай орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтовтармен қатар революционер - демократтар Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтардың және Еуропаның ақын, ғалым, философтарының да еңбектерімен танысып, әдеби білімін, философиялық ой-пікірін, дүниетану көзқарасын кеңейте түседі.
Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетімен әке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма

Слайд 3Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып

қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің мазмұнына түрі сай,

көркем аудармалары арқылы оның идеясы мен мазмұнын да, эстетикалық қасиеттерін де қазақ оқушыларына дәл жеткізуші болды.
1886 жылы Абай "Ғылым таппай мақтанба , "Интернатта оқып жүр" өлеңдерін жазды. Ақынның бұл өлеңдерінің күні бүгінге дейін мәні зор. Ақын айтқан : өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, орынсыз мал шашу сияқты теріс әрекеттер әлі де бар. Ал, талап, еңбек, ғылым, қанағат, рақым да біздің қазіргі тәрбиеге дәл келеді. Абай қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Ол өзіне дейінгі қазақ әдебиетіндегі кемшіліктерді қайталамады. Шығыс, батыс, орыс мәдениетін өз шығармаларына үлгі етіп, сол арқылы өз өлеңдерінің сапасын жоғарылатты, ұлттық түрді сақтай отырып, оған интернационалдық нәр берді, әдебиетімізді шын өнер дәрежесіне жеткізді. Өзі үстем таптан шықса да, Абай бұқарашыл тілектегі халық ақыны болды. Ол шығармаларында сол халықтың мүддесін, арман мұңын жырлады. Соның жарқын болашағын аңсады. Ақын адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым-білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп ұқты. Сондықтан елін еңбекке, өнерге үндеді. Қазақ әйелінің бас бостандығын жырлады. Абай қазақтың ұлттық әдебиетін мазмұны жағынан ғана емес, түр жағынан да байытты. Қазақтың әдеби тілінің негізін салды. Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Мұхтар Әуезов Абайды "қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі" деп орынды атаған.

Абай орыс әдебиеті мен публицистикасын тек оқушы, үйренуші ғана болып қойған жоқ, оларды қазақ даласына насихаттаушы, өзінің

Слайд 4Абайдың шығармашылық мұрасы және поэмалары
Абай – қазақ фольклоры және Шығыс,

Батыс өркениеттері тоғысуының тұтастығын жинақтаған данышпан. Осы орайда Абай поэзиясы

мен Шығыс әдебиеті үндестігінің өзектілігін дәйектеуде абайтанудың негізін салушы Мұхтар Әуезов пікірінің ғылыми-теориялық, әдіснамалық бағдарына сүйенеміз: «Абай Шығыс поэзиясына, Таяу Шығыстың бұрынғы және сол тұстағы мәдениетіне келгенде де өзіндік бетін сақтай білді. Ол түпнұсқа арқылы (ішінара шағатай тіліндегі аудармасы арқылы) араб-иранның бүкіл батырлық-діни эпосын, Шығыстың Фердоуси, Низами, Сағди, Хафиз, Науаи, Физули сияқты классиктерін білді. Жас шағында ол қазақ өлеңіне «ғаруз» өлшемін тұңғыш рет енгізіп, және сол классиктердің ақындық лексикасынан алынған көптеген араб-парсы сөздерін енгізіп, әлгі ақындарға өзі де еліктеген еді. Кейін, халық творчествосынан искусствоның анағұрлым өмірлік берік негіздерін тауып, Абай Шығыс әдебиетінен халық шығармалары – «Мың бір түнді», парсы мен түріктің халық ертегілерін, халық эпосын бәрінен артық бағалады. Ол әңгімелеген «Шаһнаме», «Ләйлі-Мәжнүн», «Көрұғлы» поэмалары ел арасына кең таратылды».
Абай поэзиясы мен Шығыс поэзиясы поэтикасының үндестігі тұлғаның әдеби ықпалдастық арнасындағы шығармашылық қалыптасу ерекшеліктерінен айқындалады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі де классикалық әдебиеттер үндестігі арқылы жалпы адамзатқа ортақ көркемдік ойлау эстетикасын танытатын маңыздылығымен сипатталады.
Абайдың шығармашылық мұрасы және поэмаларыАбай – қазақ фольклоры және Шығыс, Батыс өркениеттері тоғысуының тұтастығын жинақтаған данышпан. Осы

Слайд 6«Ескендір» поэмасы және парсы тіліндегі «Ескендірнамалар»
Абай ең алдымен оқырманынан

Ескендірді біле ме екен деп сұрап алып, оның жайын өзі

баяндауға кіріседі. Бұл Абайдың жұртқа олар білетін, халық арасында ауыз әдебиеті үлгілері арқылы «Қос мүйізді Зұлқарнайын» деген атаумен кең тараған Ескендірден басқа кейіпкер жайын жыр ететінін аңғарту үшін ұстанған әдісі болса керек. Абай заманындағы туындаған шығарманың оқырманынан тыңдарманы көп болғаны белгілі. Сол себепті кейіпкерінің атын сол кездегі тыңдаушы құлағына ауырлау тиетін Александр деп алғаннан гөрі құлақ естіп, ауыз айтып үйренген Ескендір деп таңдауы да түсінікті жағдай. Абай тарихи шындыққа сай Ескендірдің Филипп патшаның перзенті екенін, оның Македонияны мекен еткенін, қызғаншақ адам болғанын жазады.
Шығыс ақындарының ішінде Ескендір тақырыбына алғашқылардың бірі болып қалам тартқан ақын – хакім Әбілқасым Фердоуси (936-1027). Ол араб халифатының езгісіне душар болған иран халқының ұлттық намысын ту етіп көтерген «Шаһнаме» (شاهنامه) еңбегінде Ескендірдің бет-бейнесін сомдауға үлкен бір тарау арнаған. Ескендір жайлы үлгі боларлық дәрежеде жыр жазған, кейін ол жырлаған шығарма басқа ақындардың еліктеу үрдісіне айналған Низамидің «Ескендір-намесі» (اسکندرنامه) – «Хамсеге» енген соңғы бесінші поэма. А.Македонский жайлы парсы тілінде шығарма жазған үнді-иран ақындарының бірі – Амир Хосроу Деһлеви (1253-1320). Амир Хосроу Деһлевидің «Хамсесіне» енген төртінші поэмасы «Ескендірдің айнасы» (آینه اسکندری) деп аталады. Парсы әдебиеті тарихын зерттеушілердің әрқилы пікірлеріне қарамастан, қалыптасқан үрдіс бойынша, «парсы әдебиетінің классикалық кезеңінің аяқтаушысы» деген құрметті атаққа Әбдіррахман Жәми ие болған. «Һафт ауранг» деген жеті шығармадан тұратын мәснауилерінің соңғысы «Хераднаме-йе Ескандари» – «Ескендірдің даналық кітабы» деп аталады.
«Ескендір» поэмасы және парсы тіліндегі «Ескендірнамалар» Абай ең алдымен оқырманынан Ескендірді біле ме екен деп сұрап алып,

Слайд 7Абай өз поэмасында Ескендір жайлы тарихи мәліметтер мен деректер келтіріп,

оның қандай адам болғанын өз оқырманына нақты мәліметтермен жеткізуді мақсат

еткен:
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Фердоусидің кейіпкері Ескендір Файлақус дүние салғаннан соң таққа отырады. Амир Хосроу Деһлевидің «Ескендірдің айнасы» шығармасындағы Ескендір де Файлақустың дәм-тұзы таусылып, дүние салған соң әкесінің орнын басады:
Файлақустың жұлдызы жерге сіңгенде,
Жаһан Ескендірдің аяғын сүйді.
Ескендір Әбдіррахман Жәмидің шығармасында Файлақустың қартаң тартқан шағында дүниеге келген. Оның жасы жеті-сегізге келгенде шаһтың басынан билік таяды. Содан Ескендір халықтың алдына шығып елге қорған болатын басшы сайлау қажеттілігі туындағанын мәлімдейді. Сол сәтте жиналған жұртшылық бірауыздан Ескендірді билік тізгінін ұстауға сен лайықсың деп табады:
Патшалардың патшасы да, төресі де – өзіңсің,
Патшалардың ұлығының ұлысы да – өзіңсің.
Ескендір тақырыбына қалам тербеткен Шығыс ақындарының шығармаларымен салыстырар болсақ, Абайдың осы поэмасынан Ескендірдің шынайы болмысы көрініс бергенін байқаймыз. Ол нағыз өмірдегідей даңққұмар, қатігез, ынсапсыз жан ретінде суреттелген. Тарихи деректерде Александрдың әкесінің тірі кезінде-ақ билікке ұмтылып, оның жүргізген билігі мен жасаған әрекеттеріне көңілі толмағаны жайлы деректер бар.
Абай өз поэмасында Ескендір жайлы тарихи мәліметтер мен деректер келтіріп, оның қандай адам болғанын өз оқырманына нақты

Слайд 8««Әзім әңгімесі» поэмасының «Мың бір түн» ертегісімен және парсы ақындары

шығармаларымен ұқсастықтары, ерекшеліктері»
Композициялық құрылымы жағынан қарастырғанда, Абайдың поэмасы аяқталмаған,

немесе белгісіз бір себептермен соңы жоғалып кеткен. Бұл үзіндіні «Мың бір түннің» парсы тіліндегі нұсқасының 2-ші томындағы әңгімемен салыстыра зерттеу барысында көзіміздің жеткені – парсы тіліндегі нұсқа көлемінің өте үлкен екендігі. Сюжеті шым-шытырық оқиғаларға құрылған. Әңгіме үш жүз қырық алтыншы түннен басталып үш жүз жетпіс жетінші түнмен аяқталады.
Абайдың «Әзім әңгімесі» парсы тіліндегі нұсқадағы алғашқы тақырыпшалардың барлығымен болмаса да көбісімен бірдей үндестікте жазылып, «Хасанның зеріккеннен тыйым салған есікті ашуы және ол жерде ғажайып құстарды көруі» деген сюжетпен аяқталады. Неліктен екені белгісіз, «Мың бір түндегі» оқиғаның шарықтау шегіне жететін «Хасанның әжәмдықты өлтіріп, өшін алуы» деген сюжетті Абайдың дастанынан кездестірмейміз. Хасан өзінің қарақан басының қамын күйттеп, мыңдаған күнәсіз мұсылман жасөспірімдерді өлтіріп жүрген жәдігөй шалдың көзін құртып тынады. Өзінің саналы ғұмырында адамгершілік, ғадалат тақырыбын ту етіп ұстаған Абай, бәлкім, өз шығармасына бұл сюжетті енгізген де болуы мүмкін. Поэманы көшіріп, қайта жазу барысында шығарманың осы бөлімі түсіп қалуы әбден ықтимал.
Алайда, Абай шығарманы жазу барысында «Мың бір түндегі» әңгімемен шектеліп қалмайды. Сонымен қатар қазақтың фольклор мұраларында, әсіресе ертегілерде көптеп ұшырасатын самұрық құс, Қап тауы жайлы деректерді де кірістіріп отырады. Ал «Мың бір түндегі» әңгімеде олар «үлкен құс», «биік тау» деп жалпылама түрде айтылады. Самұрық, Қап тауы жайлы Фердоусидің «Шаһнамесі» мен Фарид ад-дин Аттардың «Мантеқ ат-тейр» шығармаларында да кең көлемде таратылып жазылған.
««Әзім әңгімесі» поэмасының «Мың бір түн» ертегісімен және парсы ақындары шығармаларымен ұқсастықтары, ерекшеліктері» Композициялық құрылымы жағынан қарастырғанда,

Слайд 9«Масғұт» поэмасындағы бас кейіпкер бейнесі, шығарманың сюжеті, идеясы»
Шығарманың басты

кейіпкері – Масғұт. Ақын шығармасында ол халифа Һарун Рашид заманында

Бағдад қаласында ғұмыр кешкен.
Академик З.Ахметовтің зерттеулеріне сүйенсек, Абай шығармасының бірінші сюжеті И.С.Тургеневтің «Восточная легенда» атты әңгімесіне өте жақын [24, 163]. Абай мен И.Т.Тургеневті шығыстық ортақ бір сюжетті пайдаланған деп жорамал жасап, «Мың бір түн» ертегілеріне жүгінуді жөн санадық. Әйтсе де, өкінішке қарай, бұл шығармадан Абайдың Масғұт поэмасына өзек болған ұқсас сюжетті кездестірмедік.
Масғұт бейнесі поэманың басында-ақ жағымды болып сомдала бастайды. Жазатайым бір ұрының қолына түсіп, соққыға жығылған бейшара шалдың құлындаған дауысына дәті шыдамай, батырға тән көзжұмбайлықпен оған арашаға түседі. Бейтаныс шалды қарақшының шеңгелінен құтқарған Масғұт осы әрекеті арқылы бөтен де болса басқаның қайғысын бөлісіп, өз жанын пида етуге дайын екендігін көрсетіп, адамгершіліктің биік тұғырына көтеріледі.
Оқиға барысында Масғұт бейнесі қызыл жемісті таңдағанына қарамастан, ақ жемісті таңдағандай ақылды болып, данагөйлікке жетуімен дараланып, өзгере бастайды. Қыдыр шалдан бата алып, «Шәмсі – жиһан» – «Бұл дүниенің күні» атанады. Халифаның уәзірі болып тағайындалып, қалың жұртқа ақыл айтатын дәрежеге жетеді. Кейінірек Абай осылайша көптің бірі, ешкімнен асып бара жатқан артықшылығы жоқ қарапайым Масғұтты басқаларға үлгі етіп, адамгершілігінің арқасында осындай биік мақсат-мұратқа жетті дегенді шығармасының ортасында мақтан етеді.
«Масғұт» поэмасындағы бас кейіпкер бейнесі, шығарманың сюжеті, идеясы» Шығарманың басты кейіпкері – Масғұт. Ақын шығармасында ол халифа

Слайд 10Абай шығармашылығын қарастырғанда өлеңдері мен поэмаларында айтылған кейбір ойларының, көзқарастары

мен қағидаларының қара сөздерімен астасып, толығып жатқанын аңдауға болады. Өлеңдері

мен поэмаларында кездесетін кейбір сауалдар мен толғандырған мәселелердің жауабын да қара сөздерінен табуға болады. Мәселен, Абай отыз жетінші сөзінде: «Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал» [7, 188] деп, адасқан көптің соңына ерген жөн емес, қайта, есті кісі теріс жолға түскен көпті дұрыс жолға бастап, соларға ақылшы болуы керек деген ой айтады. Сол сөзіне дәйек ретінде ақын мына шығармасында «жынды су» ішіп, пәлеге ұрынған көпті алдын-ала сақтандырмай, сол құтырған көппен бірге есер болған елдің ханы мен бас уәзіріне іштей сын айтқан болып шығады. Сонымен қатар Абай жиырма үшінші сөзінде осы поэмада қалың дүрмекке ілесіп кеткен Масғұттың әрекетін айыптап, қазақтың «Көппен көрген – ұлы той» деген мақалының барлық уақытта, барлық жағдайда дұрыс бола бермейтінін сынап, оқушысына әр адамның дербес пікірі, өзіндік ойы болуы керек деген қағида ұсынады.
Қорыта айтқанда, шығыстық фольклор үлгілері туындыларына қанық болған Абай бұл дастанына әр түрлі сюжеттер мен өзі өмір сүрген қоғамның ахуалын қатыстырып, насихаттық мақсатта жазып шыққан. Нәтижесінде, үлгі-ғибраттық рухтағы шығарма дүниеге келген.
Абай шығармашылығын қарастырғанда өлеңдері мен поэмаларында айтылған кейбір ойларының, көзқарастары мен қағидаларының қара сөздерімен астасып, толығып жатқанын

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика